БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығаруды ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 4 тамызда № 23867 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шiлдедегi № 263 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шiлдедегi № 400 бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыру қағидаларында, көрсетілген бұйрықпен бекітілген:
Осы Қағидаға 8, 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
З. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интреграция
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
M санатының, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесі
Ұйымның атауы _______________________________________________
Орналасқан жері _______________________________________________
БСН (ЖСН)_________ ЭҚЖЖ_________ Кбе_________ БСК__________
Тіркелуі туралы куәлік __________________________________________
Автомобиль көлік құралдарының санаты | Толық массасы тонна | Шығарылған автомобиль көлік құралдарының саны (дана | М1, М2, М3 санатындағы экологиялық таза көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерді қолдауға байланысты қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшері (АЕК)* | Төлеуге жататын сомасы (теңге)* |
А | Б | В | Г | Д=В*Г*АЕК |
М1 | 1 000-нан артық емес | 75 | ||
1 000-нан жоғары, алайда 2 000-нан артық емес | 175 | |||
2 000-нан жоғары, алайда 3 000-нан артық емес | 250 | |||
3 000-нан жоғары | 575 | |||
Электр қозғалтқышы бар | 475 | |||
М2, М3 | 2 500-ден артық емес | 200 | ||
2 500-ден жоғары, алайда 5 000-нан артық емес | 400 | |||
5 000-нан жоғары, алайда 10 000-нан артық емес | 525 | |||
10 000-нан артық | 675 | |||
Электр қозғалтқышы бар | 200 | |||
Төлеуге берілетін қаржыландыру мөлшері: |
Ескертпе: 2022 жылғы 14 мамырға дейін шығарылған М1, М2, М3 санатындағы автомобиль көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдауға байланысты қаржыландыру мөлшерін, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғарылауын есептеу үшін осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін көзделген М1, М2, М3 санатындағы экологиялық таза көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдауға байланысты қаржыландыру мөлшерлемелерінің ең жоғары мөлшері қолданылады.
Ұйым басшысы ______________________________________________
(қолы) (тегі аты әкесінің аты болған жағдайда))
Бас бухгалтер ________________________________________________
(қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда))
20__ жылғы "__" ________________
Мөр орны (болған кезде)
N санатының, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесі
Ұйымның атауы _______________________________________________
Орналасқан жері _______________________________________________
БСН (ЖСН)_________ ЭҚЖЖ_________ Кбе_________ БСК__________
Тіркелуі туралы куәлік __________________________________________
Автомобиль көлік құралдарының санаты | Толық массасы тонна | Шығарылған автомобиль көлік құралдарының саны (дана | N1, N2, N3 санатындағы экологиялық таза көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерді қолдауға байланысты қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшері (АЕК)* | Төлеуге жататын сомасы (теңге)* |
А | Б | В | Г | Д=В*Г*АЕК |
N1, N2, N3 | 2,5 тоннадан артық емес | 175 | ||
2,5 тоннадан жоғары, бірақ 3,5 тоннадан артық емес | 375 | |||
3,5 тоннадан жоғары, бірақ 5 тоннадан артық емес | 375 | |||
5 тоннадан жоғары, бірақ 8 тоннадан артық емес | 400 | |||
8 тоннадан жоғары, бірақ 12 тоннадан артық емес | 475 | |||
Ершіткі тартқыштардан басқа, 12 тоннадан жоғары, бірақ 20 тоннадан артық емес | 525 | |||
Ершіткі тартқыштардан басқа, 20 тоннадан жоғары бірақ, 50 тоннадан артық емес | 1 025 | |||
12 тоннадан жоғары бірақ, 50 тоннадан артық емес ершіткі тартқыштар | 550 | |||
Төлеуге берілетін қаржыландыру мөлшері: |
Ескертпе: 2022 жылғы 14 мамырға дейін шығарылған N1, N2, N3 санатындағы автомобиль көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдауға байланысты қаржыландыру мөлшерін, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғарылауын есептеу үшін осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін көзделген N1, N2, N3 санатындағы экологиялық таза көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдауға байланысты қаржыландыру мөлшерлемелерінің ең жоғары мөлшері қолданылады.
Ұйым басшысы ______________________________________________
(қолы) (тегі аты әкесінің аты болған жағдайда))
Бас бухгалтер ________________________________________________
(қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда))
20__ жылғы "__" ________________
Мөр орны (болған кезде).
Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кепілдікті міндеттемелерді қолдауға байланысты қаржыландыру есептемесі
Ұйымның атауы _______________________________________________
Орналасқан жері _______________________________________________
БСН (ЖСН)_________ ЭҚЖЖ_________ Кбе_________ БСК__________
Тіркелуі туралы куәлік __________________________________________
Автомобиль көлік құралдарының санаты | Толық массасы тонна | Шығарылған автомобиль көлік құралдарының саны (дана | Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кепілдік міндеттемелерді қолдауға байланысты қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшері (АЕК)* | Төлеуге жататын сомасы (теңге)* |
А | Б | В | Г | Д=В*Г*АЕК |
Тракторлар | 60 а.к. дейін | 100 | ||
61 а.к.-ден 130 а.к. дейін | 275 | |||
131 а.к.-ден 220 а.к. дейін | 850 | |||
221 а.к.-дан 340 а.к. дейін | 1 450 | |||
341 а.к.-дан 380 а.к. дейін | 1 450 | |||
380 а.к. жоғары | 2 000 | |||
Астық жинайтын комбайндар, жем жинайтын комбайндар | 160 а.к. дейін | 450 | ||
161 а.к.-дан 220 а.к. дейін | 1 150 | |||
221 а.к.-дан 255 а.к. дейін | 1 600 | |||
256 а.к.-дан 325 а.к. дейін | 1 900 | |||
326 а.к.-дан 400 а.к. дейін | 1 900 | |||
400 а.к. жоғары | 2 250 | |||
Басқа өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техника | 200 а.к. дейін | 450 | ||
201 а.к.-дан | 1 150 |
*Ескертпе: 2022 жылғы 14 мамырға дейін шығарылған өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кепілдік міндеттемелерді қолдауға байланысты қаржыландыру мөлшерін есептеу үшін осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін көзделген өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кепілдік міндеттемелерді қолдауға байланысты қаржыландыру мөлшерлемелерінің ең жоғары мөлшері қолданылады.
Ұйым басшысы ______________________________________________
(қолы) (тегі аты әкесінің аты болған жағдайда))
Бас бухгалтер ________________________________________________
(қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда))
20__ жылғы "__" ________________
Мөр орны (болған кезде)