Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 мамырда № 32621 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
Д. Жазыкбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2023 жылғы 29 мамырдағы
№ 121 бұйрығына
қосымша

Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (бұдан әрі - Кодекс), Заңда және осы Қағидалармен бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жұмыс уақыты - мемлекеттік қызметші жұмыс берушінің актілеріне сәйкес лауазымдық міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ еңбек заңнамасына, сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;

      2) жұмыс уақытының режимі - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмыс уақытының нормасын бөлу тәртібі;

      3) қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесі - мемлекеттік органдардың ғимараттарына келетін адамдардың кіруін басқаруды жүзеге асыратын, техникалық, ақпараттық, бағдарламалық үйлесімге ие, бақылау мен басқарудың бірлесе әрекет ететін техникалық құралдарының (механикалық, электрмеханикалық, электрлік, электрондық құрылғылар, конструкциялар және бағдарламалық құралдар) жиынтығы;

      4) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі -уәкілетті орган) - мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      5) үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан тыс) орындайтын жұмыс;

      4. Жұмыс уақытының режимі мемлекеттік органдармен бекітілетін мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.

      5. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті уәкілетті органның лауазымды адамдары мемлекеттік органдарға бармай, сондай-ақ мемлекеттік органға бару арқылы жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу тәртібі

      6. Мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі.

      7. Мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізудің көзі болып ақпараттық жүйелердегі мәліметтер, мемлекеттік органдардың уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын мәліметтері, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесінің деректері, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар табылады.

      8. Мемлекеттік органдар тоқсан сайын уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын есептеу нәтижесі жөнінде ақпаратты ұсынады.

      Орталық мемлекеттік органдар ақпаратты уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, мәслихат аппараттары және ревизиялық комиссиялар ақпаратты уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

3-тарау. Мемлекеттік органға бару арқылы, жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу тәртібі

      9. Мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг мемлекеттік органдарға бару жоспарына сәйкес (бұдан әрі – Жоспар) бір тоқсан ішінде бір реттен кем емес жүзеге асырылады.

      10. Жоспарлар уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен бір жылға бекітіледі және алдын ала мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      11. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органға бару арқылы тиісті мониторинг жылына екі реттен көп емес жоспардан тыс жүзеге асырылуы мүмкін.

      12. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті жүзеге асыру мақсатында сәйкестендіру карталарын көрсетіп мемлекеттік органдардың ғимаратына кедергісіз кіруге құқығы бар.

      13. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мемлектеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізу барысында түсіндірмелер талап ете алады, сондай-ақ техникалық тіркеу құралдарын пайдалана алады.

      14. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында болу фактілері уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларымен актіленеді.

      15. Қажет болған жағдайда мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу үшін әдеп жөніндегі уәкілдер мен қоғам өкілдері тартылуы мүмкін.

      16. Мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізуге қатысатын мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 108, 109-баптарында көзделген құқықтармен қамтамасыз етіледі.

4-тарау. Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг нәтижелері

      17. Жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг нәтижелері тоқсан сайын жұмыс уақыты режимінің бұзылуының алдын алу және оған жол бермеуді қоса алғанда тиісті шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдарға жолданады.

Об утверждении Правил проведения мониторинга соблюдения режима рабочего времени государственными органами

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 29 мая 2023 года № 121. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 мая 2023 года № 32621.

      В соответствии с подпунктом 10-1) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила проведения мониторинга соблюдения режима рабочего времени государственными органами согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту контроля в сфере государственной службы Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы (далее – Агентство) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства, курирующие вопросы государственного контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан в сфере государственной службы.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан по
делам государственной службы
Д. Жазыкбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Председатель Агентства
Республики Казахстан по
делам государственной службы
от 29 мая 2023 года № 121

Правила
проведения мониторинга соблюдения режима рабочего времени государственными органами

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения мониторинга соблюдения режима рабочего времени государственными органами (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 10-1) пункта 2 статьи 5 Закона "О государственной службе Республики Казахстан" (далее – Закон) и определяют порядок проведения мониторинга соблюдения режима рабочего времени государственными органами.

      2. Мониторинг соблюдения режима рабочего времени государственными органами проводится в порядке, установленным Трудовым кодексом Республики Казахстан (далее – Кодекс), Законом и настоящими Правилами.

      3. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) рабочее время – время, в течение которого государственный служащий в соответствии с актами работодателя выполняет должностные обязанности, а также иные периоды времени, которые в соответствии с Кодексом, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, отнесены к рабочему времени;

      2) режим рабочего времени – порядок распределения нормы рабочего времени в течение определенного периода времени;

      3) система контроля и управления доступом – совокупность совместно действующих технических средств контроля и управления (механические, электромеханические, электрические, электронные устройства, конструкции и программные средства), обладающих технической, информационной, программной совместимостью и осуществляющих контроль и управление доступом людей, пребывающих в здании государственных органов;

      4) уполномоченный орган по делам государственной службы (далее – уполномоченный орган) – центральный государственный орган, осуществляющий реализацию единой государственной политики в сфере государственной службы;

      5) сверхурочная работа – работа, выполняемая работником по инициативе работодателя за пределами установленной продолжительности рабочего времени (сверх нормального количества рабочих часов за учетный период).

      4. Режим рабочего времени устанавливается правилами трудового распорядка государственных служащих, утверждаемыми государственными органами.

      5. Мониторинг соблюдения режима рабочего времени государственными органами осуществляется должностными лицами уполномоченного органа без посещения, а также с посещением государственного органа.

Глава 2. Порядок проведения мониторинга соблюдения режима рабочего времени без посещения государственного органа

      6. Мониторинг соблюдения режима рабочего времени без посещения государственного органа осуществляется на постоянной основе.

      7. Источником мониторинга соблюдения режима рабочего времени без посещения государственного органа являются сведения, отраженные в информационных системах, данные, предоставляемые государственными органами в уполномоченный орган либо его территориальные подразделения, данные системы контроля и управления доступом, публикаций в средствах массовой информации и социальных сетях.

      8. Государственные органы ежеквартально предоставляют в уполномоченный орган и его территориальные подразделения данные о результатах учета рабочего времени государственных служащих.

      Центральные государственные органы представляют информацию в уполномоченный орган, местные исполнительные органы, исполнительные органы, финансируемые из местного бюджета, аппараты маслихатов и ревизионных комиссий – в соответствующие территориальные подразделения уполномоченного органа.

Глава 3. Порядок проведения мониторинга соблюдения режима рабочего времени с посещением государственного органа

      9. Мониторинг соблюдения режима рабочего времени с посещением государственного органа осуществляется согласно плану посещения государственных органов (далее – План) не реже одного раза в течение одного квартала.

      10. Планы утверждаются уполномоченным органом и его территориальными подразделениями на один год и заблаговременно направляются в заинтересованные государственные органы.

      11. В целях обеспечения неукоснительного соблюдения государственными органами режима рабочего времени соответствующий мониторинг с посещением государственного органа может осуществляться на внеплановой основе, но не более двух раз в год.

      12. Должностные лица уполномоченного органа и его территориальных подразделений в целях осуществления мониторинга имеют право беспрепятственно входить в здания государственных органов при предъявлении идентификационных карт.

      13. В ходе посещения должностные лица уполномоченного органа и его территориальных подразделений могут истребовать пояснения, а также использовать технические средства фиксации.

      14. Факты нахождения государственных служащих на рабочем месте вне рабочего времени актируются должностными лицами уполномоченного органа и его территориальных подразделений.

      15. При необходимости для проведения мониторинга соблюдения режима рабочего времени с посещением государственного органа могут привлекаться уполномоченные по этике и представители общественности.

      16. Должностные лица уполномоченного органа и его территориальных подразделений, участвующие при проведении мониторинга соблюдения режима рабочего времени с посещением государственного органа, обеспечиваются правами, предусмотренными статьями 108, 109 Кодекса.

Глава 4. Результаты мониторинга соблюдения режима рабочего времени

      17. Результаты мониторинга соблюдения режима рабочего времени направляются в адрес государственных органов для принятия мер реагирования, в том числе по профилактике и недопущению нарушений режима рабочего времени.