"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 мамырда № 32648 болып тіркелді

      1. "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:

      138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Мұраға құқық туралы куәлікті беру кезінде нотариус БНАЖ-да немесе басқа мемлекеттік нотариаттық кеңселерден, нотариустардан немесе мұра ашылған жердегі аумақтық нотариаттық палатадан мұрагерлік істің және өсиеттің бар/жоқтығы туралы ақпараттық анықтаманы сұратады.

      Мұрагерлікті қабылдағаны не қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті бірнеше нотариус қабылдаған жағдайда мұраға құқығы туралы куәлікті мұрагерлік істерді есепке алу кітабына немесе мұрагерлік істің тізіліміне сәйкес бірінші бастаған нотариус береді.";

      220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "220. Борышкерден ақша сомаларын өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін өндіріп алушы нотариусқа, олардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен тұрғылықты жерін, телефон нөмірлері мен электрондық почтасының мекенжайын (олар болған жағдайда) қамтитын атқарушылық жазба жасау туралы өтінішті (бұдан әрі-өтініш) ұсынады.

      Талап қоюшы нотариусқа арыз береді.

      Егер өндіріп алушы және/немесе борышкер заңды тұлға болса, өтініште заңды тұлғаның толық атауы, оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерінің мекенжайы, банк деректемелері көрсетіледі, сондай-ақ бірінші басшының немесе оның өкілінің өтінішті беру үшін қол қоюға өкілеттігі расталады.

      Өтініште өндіріп алушы сондай-ақ атқарушылық жазбаны орындауға өтініш берген кезде борышкерлермен міндеттемелерді орындау және берешекті өтемеу туралы сот дауы бойынша бұдан бұрын өндіріп алушының бұл талабы бойынша атқарушылық жазбасы орындалмағаны туралы мәліметтерді көрсетеді.

      Өндіріп алушы нотариусқа ЭЦҚ қол қойылған электрондық нысанда өтініш беруге құқылы.

      Жеке тұлғаның өтінішіндегі қолдың түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылады. Заңды тұлғаның атынан берілетін өтінішке бірінші басшы қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

      Заңды тұлғаның атынан берілген өтінішке басшы қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі.

      Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың басшылары туралы мәліметтерді нотариус БНАЖ арқылы салыстырып тексереді.

      Өтініш кіріс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі.

      221-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "221. Заңның 92-1-баптың 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларының негізінде атқарушылық жазба, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, егер заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.

      Егер шартта борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері мен тұрғылықты жерінен басқа мекенжай көрсетілсе, онда атқарушылық жазбаны нотариус борышкердің шартта көрсетілген мекен-жайына сәйкес оның қызметінің аумағы бойынша жасайды.

      Қазақстан Республикасының әр түрлі өңірлерінде тұратын немесе тіркелген ортақтас борышкерлерге қатысты атқарушылық жазба өндіріп алушының таңдауымен борышкерлердің бірінің мекенжайы бойынша жасалады.

      Аталған талаптар бойынша атқарушылық жазбаны нотариус оның үй-жайы орналасқан жеріне сәйкес нотариаттық палатамен айқындалған оның қызмет ету аумағы бойынша жасайды.

      Заңның 92-1-бабы 2-тармағы 9) және 10) тармақшаларының негізінде өндіріп алушы нотариусқа өтінішті борышкердің тіркелген жеріне қарамастан береді.

      Заңның 92-1-бабы 2-тармағы 6) және 7) тармақшаларының негізінде атқарушылық жазба борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, не жылжымайтын мүлкінің орналысқан жері бойынша, егер заңды тұлға борышкер болып табылса, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері бойынша не жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жасалады.

      222-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "222. Өтінішті берген кезде өндіріп алушы атқарушылық жазба жасау үшін негіз болған құжаттарды, сондай-ақ берешек есебін ұсынады. Заңды тұлға атынан ұсынылатын берешек есебіне бірінші басшы мен бас бухгалтер (болған жағдайда) қол қояды.

      Ұсынылған құжаттардың негізінде нотариус борышкердің өндіріп алушы алдындағы берешегінің даусыздығын, берешек мөлшерін, мәлімделген талап бойынша мерзімнің өтіп кетуін тексереді.

      Нотариус "Атқарушылық жазбаны тексеру" БНАЖ модулін пайдалана отырып, осы міндеттеме бойынша атқарушылық жазбаның жасалуына қатысты ақпаратты тексереді.

      223-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "223. Атқарушылық жазба мынадай құжаттарды:

      1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген, оның ішінде осы Заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейінгі реттеу тәртібімен нотариус куәландырған дауды реттеу туралы келісімді орындау туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін: нотариат куәландырған шарттың (келісімнің) төлнұсқа данасы не оның телнұсқасы (ақшаны қарызға aлу шартын қоспағанда);

      2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауап ретінде, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін:

      төлнұсқа шарттар (сатып алу-сату, жеткізу, мердігерлік, тасымалдау, қызметтерді өтеулі көрсету, сақтау және басқалары);

      шарттар бойынша (тауарға ілеспе құжаттар, тауар-көліктік жүкқұжат, тауар жүкқұжаты, жүк жүкқұжаты, коносамент немесе өзге де құжат) берешекті төлеу жөніндегі борышкердің міндеті туындағанын растайтын құжаттар, екі тарап та қол қойған мүлікті (тауарды) беру туралы құжатты (қабылдау-тапсыру туралы акт, мүлікті (тауарды) беру туралы акт, мүлікті (тауарды) саны мен сапасы бойынша қабылдау туралы акт), екі тарап қол қойған атқарылған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдауды куәландыратын құжат (атқарылған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдау, актісі және басқалары), заказ-наряд, шот-фактура және басқалары);

      борышкердің берешек сомасын жазбаша тануын растайтын құжаттар (өндіріп алушы мен борышкер қол қойған және мөрлермен (олар болған жағдайда) онда шарттың нөмірі көрсетіліп бекітілген есеп айырысуларды салыстыру актісі, борышкер ақша қаражатын төлеу жөніндегі міндеттемені, акцептелген төлем талабын немесе заңнама талаптарына сәйкес ресімделген және уәкілетті тұлға қол қойған өзге де құжатты мойындайтын талапқа жауап);

      3) нотариус жасаған төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін: төлнұсқа вексель және нотариус жасаған төленбеген төлем, акцептелмеген және акцептке қол қойылмаған құжаттар;

      4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету кезінде:

      лизинг шарты;

      лизинг алушыға өтініш бергенге дейін кемінде бір ай бұрын жіберілген лизинг нысанасын талап ету мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту және оның жолданғанын растайтын құжат;

      лизинг алушының лизинг төлемдерін нақты төлегенін растайтын құжаттар ұсынылады.

      Лизинг беруші "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес мынадай жағдайларда лизинг нысанасын даусыз талап етуге құқылы:

      егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының мақсатына сәйкес келмесе;

      егер лизинг алушы лизинг берушінің лизинг нысанасына қол жеткізуін шектесе;

      егер лизинг алушы шартта көзделген мерзімде қатарынан екі және одан көп рет лизинг шарты бойынша лизинг төлемін белгіленген көлемде төлемесе;

      5) ломбард ұсынған кредитті қайтару мерзімі өткеннен кейін кепіл нысанасын өндіріп алу үшін борышкерге-кепіл берушіге кепілдік билет немесе кепіл шарты ұсынылады;

      6) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-1 бабының 2 тармағы 6-1), 9), 10), 12) және 12-1) тармақшаларымен айқындалған төлемдерді төлеуден жалтарған пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, автотұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы міндеттемен бойынша берешекті өндіріп алу үшін:

      өндіріп алушы - басқарушы компания куәландырған қызмет көрсету шартының көшірмесі;

      өндіріп алушы куәландырған тарифтерді белгілеу туралы құжаттардың тігілген көшірмелері (хаттама, үй-жайлар (пәтерлер) иелері кооперативінің жалпы жиналысының шешімінен үзінді) ;

      қызметтер үшін төлем бойынша берешек сомасын есептеу туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есебімен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді) ұсынылады.

      Құжатта берешекті төлеу мерзімі туралы, төлем енгізу жөніндегі міндеттің пайда болу күні туралы, берешек сомасы туралы мәліметтерді қамту қажет.

      7) нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электр-, газ-, жылу-, сумен жабдықтау және басқалар) үшін жария шарттар, сондай-ақ белгіленген тарифтерге сәйкес төлеу мерзімі басталған көрсетілетін қызметтер үшін өзге шарттар негізінде берешекті өндіріп алу туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін:

      өндіріп алушы куәландырған жеке шарттың көшірмесі не өндіріп алушының ресми сайтында орналастырылған жария шарт (оның мазмұнымен танысу үшін ұсынылады).

      қызметтер үшін төлем бойынша берешек сомасын есептеу туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есебімен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді).

      Құжатта берешекті төлеу мерзімі туралы, төлем енгізу жөніндегі міндеттің пайда болу күні туралы, берешек сомасы туралы мәліметтер қамтылады.

      8) жалға беру шартында белгіленген мерзімде төлемдерді төлемеуіне орай жалға беру төлемдерін өндіріп алу туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін: жалға беру шарты, берешекті өтеу туралы наразылық және оның жолданғандығын растайтын құжат;

      9) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу үшін: еңбек шартының немесе еңбек кітапшасының көшірмесі; жұмыс берушінің бірінші басшысы, бухгалтері қол қойған және ұйымның мөрімен (болған жағдайда) расталған есептелген жалақы мөлшері туралы анықтама, есептелген жалақының төленбеуіне дәлел (төлем ведомосының, 1-С есептік парағының көшірмелері, кешіктіру туралы анықтама немесе басқалары).

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешекті өндіріп алу үшін мыналар ұсынылады: қызметкердің БЖЗҚ-да ашық шоты бар екендігі туралы Мемлекеттік корпорацияның растау-анықтамасы; бірінші басшы, бухгалтер (болған кезде) қол қойған және мөрмен (болған жағдайда) бекітілген зейнетақы жарналарының есептелген сомасы және БЖЗҚ-ға аударылған сома туралы берешек сомасы көрсетілген жұмыс берушінің анықтамасы;

      10) Партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау бойынша берешекті өндіріп алу үшін қол қойылған келісім және оның бекітілгені туралы сот ұйғарымы ұсынған жағдайда жасалады.";

      225-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "225. Осы борыштық міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу бөліктер жүргізілген жағдайларды қоспағанда, әрбір борыштық міндеттеме бойынша бір атқарушылық жазба жасалады.

      Еңбекақы және зейнетақы жинақтары бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазба осы талаптардың әрқайсысы бойынша бөлек жасалады.";

      226-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "226. Атқарушылық жазбада:

      1) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың тегі және аты-жөні;

      2) өндіріп алушының атауы, оның туған күні, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі және электрондық пошта мекен жайы (болған жағдайда);

      3) борышкердің атауы, оның туған күні, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, шартта көрсетілген борышкердің басқа мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі (өтініш берушіге белгілі болса), заңды тұлғаның деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі; телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы (олар болған кезде);

      4) өндіріп алу жүргізіліп отырған мерзімнің көрсетілуі;

      5) өндіріп алуға жататын немесе талап етуге жататын сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) сомасын, пайыздарды көрсете отырып, талап етуге жататын соманы немесе заттарды белгілеу;

      6) өндіріп алушы төлейтін мемлекеттік баждың немесе жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттері үшін төлемнің, өндіріп алушының атқарушылық жазбаны жасаған кезде кеткен пошталық шығыстарының мөлшерін белгілеу;

      7) атқарушылық жазба жасалған күні (жыл, ай, күн);

      8) атқарушылық жазбаның тізілімде тіркелген нөмірі;

      9) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың қолтаңбасы мен мөрінің бедері қамтылады;

      Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда жасалған атқарушылық жазба электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады;

      10) атқарушылық жазбаның күшін жою туралы өтініш беру мерзімі мен тәртібі қамтылады.";

      227-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "227. Нотариус атқарушылық жазба жасалғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей көшірмесін электрондық почта мекенжайы бойынша немесе борышкердің соңғы белгілі тұрғылықты (орналасқан) немесе тіркелген жері бойынша табыстау туралы хабарламамен жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкерге табыс етеді немесе жібереді.

      Егер нотариус атқарушылық жазбаны борышкердің шартта көрсетілген өзге мекенжайы бойынша жасаған болса, оның көшірмесі борышкерге көрсетілген мекенжай бойынша да, оның соңғы белгілі тұрғылықты (орналасқан) жері немесе тіркелген жері бойынша да жіберіледі.

      Егер атқарушылық жазбаның көшірмесі борышкерге:

      1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;

      2) соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша тұрып жатқан басқа адамдар алған болса;

      3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.

      Хабарламаны адресатқа, алушыға табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, немесе оны қабылдаудан бас тартуға байланысты атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.

      Ілеспе хат шығыс құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.

      Жеткізу бойынша шығыстарды өндіріп алушы дербес төлейді.";

      231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "231. Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулыда:

      1) қаулы шығарылған күні мен жері;

      2) қаулы шығарған нотариус туралы мәліметтер;

      3) өзіне қойылған талапқа қарсы қарсылық білдірген өтініш беруші борышкер туралы мәліметтер;

      4) күші жойылатын атқарушылық жазба туралы мәліметтер (кім және қашан жасады, борышкер мен өндіріп алушы туралы мәліметтер, өндіріліп алуға жататын сома және талаптар негіздемесі);

      5) атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарған нотариустың қолы мен мөр бедері қамтылады.

      Бірыңғай электрондық нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде жасалған атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы нотариаттық электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.";

      232-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "232. Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының не атқарушылық жазбаның күшін жоюдан жазбаша бас тартудың көшірмесі өндіріп алушы мен борышкерге ол шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде борышкердің қарсылығы не сот тәртібімен жасалған атқару жазбасының жойылғаны туралы белгі қояды.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 31 "Об утверждении Правил совершения нотариальных действий нотариусами"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 мая 2023 года № 352. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 мая 2023 года № 32648

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 31 "Об утверждении Правил совершения нотариальных действий нотариусами" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7447) следующие изменения:

      в Правилах совершения нотариальных действий нотариусами, утвержденных указанным приказом:

      пункт 138 изложить в следующей редакции:

      "138. При выдаче свидетельства о праве на наследство нотариус запрашивает информационную справку об отсутствии/наличии наследственного дела и завещания в ЕНИС или из других государственных нотариальных контор, у нотариусов или территориальной нотариальной палаты по месту открытия наследства.

      В случае принятия заявления о принятии либо отказе от наследства несколькими нотариусами, свидетельство о праве на наследство выдается нотариусом, у которого, согласно книге учета наследственных дел или реестру наследственных дел, открыто наследственное дело раньше.";

      пункт 220 изложить в следующей редакции:

      "220. Для взыскания денежных сумм или истребования иного движимого имущества от должника взыскатель представляет нотариусу заявление о совершении исполнительной надписи (далее-заявление), которое содержит индивидуальный идентификационный номер и места жительства, номера телефонов и адреса электронной почты (при их наличии) должника.

      Взыскателем подается заявление нотариусу.

      Если взыскатель и/или должник являются юридическим лицом, в заявлении указывается полное наименование юридического лица, его бизнес-идентификационный номер, адрес местонахождения, банковские реквизиты, а также подтверждается полномочия первого руководителя или его представителя на подписание и подачу заявления.

      В заявлении взыскатель также указывает сведения об отсутствии на момент обращения за совершением исполнительной надписи судебного спора с должником об исполнении обязательств и о непогашении задолженности, что ранее исполнительная надпись по данному требованию взыскателя не совершалась.

      Взыскатель представляет заявление нотариусу в электронном виде, подписанное ЭЦП.

      Заявление, представляемое от имени юридического лица, подписывается руководителем, скрепляется печатью (при наличии) юридического лица.

      Сведения о физических лицах, юридических лицах и их руководителях нотариус проверяет через ЕНИС.

      Заявление регистрируется в журнале регистрации входящих документов.

      пункт 221 изложить в следующей редакции:

      "221. Исполнительная надпись на основании подпунктов 1), 2), 3), 4), 5), и 8) пункта 2 статьи 92-1 Закона совершается по месту регистрации либо месту жительства должника (физического лица), если иной адрес не указан в договоре, в случае, если должником является юридическое лицо, то по месту его регистрации либо месту нахождения его постоянно действующего органа.

      Если в договоре указан иной адрес, отличный от места регистрации и места жительства должника (физического лица), то исполнительная надпись совершается нотариусом согласно территории его деятельности в соответствии с указанным в договоре адресом должника.

      Исполнительная надпись в отношении солидарных должников, проживающих или зарегистрированных в разных регионах Республики Казахстан совершается по адресу одного из должников по выбору взыскателя.

      По указанным требованиям исполнительная надпись совершается нотариусом по территории его деятельности, определенной нотариальной палатой согласно месту нахождения его помещения.

      На основании подпунктов 9) и 10) пункта 2 статьи 92-1 Закона взыскатель подает заявление нотариусу независимо от места регистрации должника.

      Исполнительная надпись на основании подпунктов 6) и 7) пункта 2 статьи 92-1 Закона совершается по месту регистрации либо месту жительства, либо по месту нахождения недвижимого имущества должника (физического лица), в случае если должником является юридическое лицо, то по месту его регистрации либо месту нахождения его постоянно действующего органа, либо по месту нахождения недвижимого имущества.";

      пункт 222 изложить в следующей редакции:

      "222. При подаче заявления, взыскателем представляются документы, указанные в пункте 223 настоящих Правил, являющиеся основанием для совершения исполнительной надписи, а также расчет задолженности. Расчет задолженности, представляемый от имени юридического лица, подписывается первым руководителем и главным бухгалтером (при наличии).

      На основании представленных документов нотариус проверяет бесспорность задолженности должника перед взыскателем, размер задолженности, истечение срока по заявленному требованию.

      Нотариус по модулю ЕНИС "Проверка исполнительной надписи" проверяет сведения относительно совершения исполнительной надписи по данному обязательству.

      пункт 223 изложить в следующей редакции:

      "223. Исполнительная надпись совершается при предоставлении следующих документов:

      1) для взыскания задолженности по обязательству, основанному на нотариально удостоверенной сделке, в том числе об исполнении соглашения об урегулировании спора, удостоверенного нотариусом в порядке досудебного урегулирования в случаях, установленным Законом или предусмотренных договором, представляются: подлинный экземпляр нотариально удостоверенного договора (соглашения) либо его дубликат (за исключением договоров займа денег);

      2) для взыскания задолженности по обязательству, основанному на письменной сделке, срок исполнения которой наступил и неисполнение обязательства признается должником, в том числе в ответе на претензию, направленную взыскателю в порядке досудебного урегулирования спора, представляются:

      подлинные договоры (купли-продажи, поставки, подряда, перевозки, возмездного оказания услуг, хранения и другие);

      документы, подтверждающие возникновение обязательства должника по уплате задолженности по договорам (товаросопроводительные документы (товарно-транспортная накладная, товарная накладная, грузовая накладная, коносамент или иной документ), документ о передаче имущества (товара), подписанный обеими сторонами (акт приема-передачи, акт о передаче имущества (товара), акт о приемке имущества (товара) по количеству и качеству и другие), документ, удостоверяющий приемку выполненных работ (оказанных услуг), подписанный обеими сторонами (акт приемки выполненных работ (оказанных услуг) и другие), заказ-наряд, счет-фактура и другие);

      документы, подтверждающие письменное признание должником суммы задолженности (акт сверки расчетов, подписанный взыскателем и должником и скрепленный печатями (при их наличии), в которых указывается номер договора, ответ на претензию, в котором должник признает обязательство по уплате денежных средств, акцептованное платежное требование или иной документ, оформленный в соответствии с требованиями законодательства и подписанный уполномоченным лицом);

      3) для взыскания задолженности по обязательству, основанному на протесте векселя в неплатеже, неакцепте и недатировании акцепта, совершенном нотариусом, представляются: подлинный вексель и совершенный нотариусом протест векселя в неплатеже, неакцепте и недатировании акцепта;

      4) при истребовании предмета лизинга, в соответствии с договором лизинга или законами Республики Казахстан, представляются:

      договор лизинга;

      письменное предупреждение о возможном истребовании предмета лизинга, направленное лизингополучателю не менее чем за один месяц до подачи заявления и документ, подтверждающий его направление;

      документы, подтверждающие фактическую уплату лизинговых платежей лизингополучателем.

      Лизингодатель, согласно статье 24 Закона Республики Казахстан "О финансовом лизинге", имеет право бесспорного истребования предмета лизинга в следующих случаях:

      если использование предмета лизинга лизингополучателем не соответствует условиям договора лизинга или назначению предмета лизинга;

      если лизингополучатель ограничивает доступ лизингодателя к предмету лизинга;

      если лизингополучатель два и более раза подряд в сроки, предусмотренные договором, не вносит лизинговый платеж по договору лизинга в установленном объеме.

      5) для взыскания предмета залога по истечении срока возврата кредита, предъявленного ломбардом к должнику - залогодателю представляется залоговый билет либо договор залога;

      6) для взыскания задолженности по обязательству о взыскании задолженности с собственников квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок уклоняющихся по платежам, определенным подпунктами 6-1), 9), 10), 12) и 12-1) пункта 2 статьи 42-1 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях":

      заверенная взыскателем – управляющей компанией копия договора на обслуживание;

      заверенные взыскателем и прошитые копии документов об установлении тарифов (протокол, выписка из решения общего собрания собственников квартир, нежилых помещений);

      документ о расчете суммы задолженности (заверенная взыскателем копия лицевого счета с расчетом суммы задолженности или заверенная взыскателем выписка из лицевого счета) по плате за услуги.

      Документ содержит сведения о сроках уплаты задолженности, о дате возникновения обязанности по внесению платы, о сумме задолженности;

      7) для взыскания задолженности по обязательству о взыскании задолженности на основании публичных договоров за фактически потребленные услуги (электро-, газо-, тепло-, водоснабжение и другие), а также иных договоров за услуги согласно установленным тарифам, срок оплаты по которым наступил, представляются:

      копия индивидуального договора, заверенная взыскателем либо публичный договор, размещенный на официальном сайте взыскателя (для ознакомления с его содержанием);

      документ о расчете суммы задолженности по плате за услуги (заверенная взыскателем копия лицевого счета с расчетом суммы задолженности или заверенная взыскателем выписка из лицевого счета).

      Документ содержит сведения о сроках уплаты задолженности, о дате возникновения обязанности по внесению платы, о сумме задолженности.

      8) для взыскания задолженности по обязательству о взыскании арендных платежей ввиду их неуплаты в сроки, установленные договором аренды, представляются: договор аренды, претензия о погашении задолженности и документ, подтверждающий его направление;

      9) для взыскания начисленных, но не выплаченных работнику заработной платы и иных платежей представляются: копия трудового договора или трудовой книжки; справка работодателя, подписанная первым руководителем, бухгалтером (при наличии) и заверенная печатью организации (при наличии) о размере начисленной заработной платы, доказательство невыплаты начисленной зарплаты (копии платежной ведомости, расчетного листка С 1, справка о задержке или другие).

      Для взыскания задолженности по уплате пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд представляются: справка-подтверждение Государственной корпорации о наличии у работника открытого в ЕНПФ пенсионного счета; справка работодателя, подписанная первым руководителем, бухгалтером (при наличии) и заверенная печатью (при наличии) о размере начисленной суммы пенсионных взносов и перечисленной суммы в ЕНПФ, с указанием суммы задолженности;

      10) для взыскания задолженности об исполнении соглашений об урегулировании споров, заключенных в порядке партисипативной процедуры, представляется подписанное соглашение и определение суда об его утверждении.";

      пункт 225 изложить в следующей редакции:

      "225. По каждому долговому обязательству совершается одна исполнительная надпись, за исключением случаев, когда взыскание задолженности по данному долговому обязательству производится по частям.

      Исполнительная надпись о взыскании задолженности по заработной плате и пенсионным накоплениям совершается отдельно по каждому из этих требований.";

      пункт 226 изложить в следующей редакции:

      "226. Исполнительная надпись содержит:

      1) фамилию и инициалы нотариуса, совершающего исполнительную надпись;

      2) наименование взыскателя, его дату рождения, место жительства или место нахождения, индивидуальный идентификационный номер, реквизиты юридического лица, бизнес-идентификационный номер, номер телефона и адрес электронной почты (при их наличии);

      3) наименование должника, его дату и место рождения, место жительства или место нахождения, иной адрес должника, указанный в договоре, индивидуальный идентификационный номер (если он известен заявителю), реквизиты юридического лица, бизнес-идентификационный номер, номер телефона и адрес электронной почты (при их наличии);

      4) обозначение срока, за который производится взыскание;

      5) обозначение суммы, подлежащей взысканию, или предметов, подлежащих истребованию с указанием на идентификационные характеристики, а также суммы неустойки (пени), процентов;

      6) обозначение суммы государственной пошлины или оплаты нотариальных действий частного нотариуса, уплаченной взыскателем, почтовые расходы, понесенные взыскателем при совершении исполнительной надписи;

      7) дату (год, месяц, число) совершения исполнительной надписи;

      8) номер, под которым исполнительная надпись зарегистрирована в реестре;

      9) подпись и оттиск печати нотариуса, совершившего исполнительную надпись.

      Исполнительная надпись, совершенная в электронном виде посредством единой нотариальной информационной системы, заверяется электронной цифровой подписью нотариуса;

      10) срок и порядок подачи заявления об отмене исполнительной надписи.";

      пункт 227 изложить в следующей редакции:

      "227. Нотариус, после совершения исполнительной надписи не позднее следующего рабочего дня, вручает или направляет копию должнику по адресу электронной почты или по последнему известному месту жительства (нахождения) или регистрации должника с использованием средств связи, обеспечивающих фиксирование доставки уведомлением о вручении.

      В случае, если исполнительная надпись совершается нотариусом по иному адресу должника, указанному в договоре, то ее копия направляется должнику, как по указанному адресу, так и по последнему известному его месту жительства (нахождения) или регистрации.

      Копия исполнительной надписи считается полученной, если она направлена должнику:

      1) на адрес электронной почты, указанный в договоре, заключенном между сторонами;

      2) по последнему известному месту жительства заказным письмом с уведомлением о его вручении, в том числе полученное одним из совершеннолетних членов семьи, другими лицами, проживающем по указанному адресу;

      3) с использованием иных средств связи, обеспечивающих фиксирование доставки.

      В случае возврата уведомления с отметкой о невозможности вручения адресату, получателю или в связи с отказом в его принятии, копия исполнительной надписи считается направленной надлежащим образом.

      Сопроводительное письмо регистрируется в журнале регистрации исходящих документов.

      Расходы по доставке оплачиваются взыскателем самостоятельно.";

      пункт 231 изложить в следующей редакции:

      "231. Постановление об отмене исполнительной надписи содержит:

      1) дату и место вынесения постановления;

      2) сведения о нотариусе, выносящем постановление;

      3) сведения о заявителе-должнике, заявившем возражение против предъявленного ему требования;

      4) сведения об отменяемой исполнительной надписи (когда и кем совершена, сведения о должнике и взыскателе, сумма, подлежащая взысканию, и основание требований);

      5) подпись и оттиск печати нотариуса, вынесшего постановление об отмене исполнительной надписи.

      Постановление об отмене исполнительной надписи, совершенной в электронном виде посредством единой нотариальной информационной системы, заверяется электронной цифровой подписью нотариуса.";

      пункт 232 изложить в следующей редакции:

      "232. Копия постановления об отмене исполнительной надписи либо письменного отказа в отмене исполнительной надписи направляется взыскателю и должнику не позднее следующего рабочего дня после его вынесения.

      Нотариус делает отметку в реестре нотариальных действий и в электронном реестре ЕНИС об отмене совершенной исполнительной надписи по возражению должника либо в судебном порядке.";

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции Республики Казахстан А. Ескараев