Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 маусымда № 32784 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 214-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрі
М. Нұртілеу

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 11-1-4/291 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 214-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің (бұдан әрі – дипломатиялық қызмет қызметкерлері) өкілдік керек-жарағының заттарын, сондай-ақ республикалық бюджеттен дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының заттары құнының өтемақысын төлеу шарттарын айқындайды.

      2. Өкілдік керек-жарақ – дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде киіп жүруі үшін арналған дипломатиялық этикеттің қажетті элементі.

      3. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы заттары құнының жыл сайынғы біржолғы ақшалай өтемақысы (бұдан әрі – өтемақы) тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінуіне қарай дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне өкілдік керек-жарақты сатып алу не жалға алу бойынша шығындарды өтеу үшін арналған.

2-тарау. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының заттары

      4. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының мынадай заттары белгіленеді:

      ерлер үшін: пальто, плащ, күртеше, костюм, фрак, смокинг, белбеу (оның ішінде белдік), кеудеше, пиджак, шалбар, жилет, галстук (оның ішінде галстук-бабочка), жейде, бас киім, қолғап, аяқ киім;

      әйелдер үшін: пальто, плащ, күртеше, костюм, пиджак, жилет, шалбар, белдемше, көйлек, жейде (оның ішінде әйелдер жейдесі), бас киім, қолғап, аяқ киім.

      Дипломатиялық қызмет қызметкерлері өтемақының белгіленген мөлшері шегінде сатып алынатын не жалға алынатын өкілдік керек-жарақ заттарының санын дербес айқындайды.

      5. Дипломатиялық қызмет қызметкерлері өкілдік керек-жарақ заттарын дайын бұйымдарды сатып алу не жеке тіктіру жолымен сатып алады.

      Дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің өтемақының белгіленген мөлшері шегінде өкілдік керек-жарақ заттарын жалға алуына жол беріледі.

      6. Өкілдік керек-жарақ заттарын сатып алу және жалға алу өтемақы төленетін жыл ішінде жүзеге асырылады.

3-тарау. Өтемақыны төлеу шарттары

      7. Министрлікке не шет елдегі мекемеге жұмысқа жаңадан қабылданған дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне өтемақы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналы лауазымына тағайындалған күннен бастап Министрлікте және(немесе) шет елдердегі мекемелерде бір жыл жұмыс істегеннен кейін төленеді.

      8. Егер дипломатиялық қызмет қызметкері бұрын дипломатиялық қызмет органдары жүйесінде жұмыс істеген болса және Министрлікке не шет елдегі мекемеге қайтадан жұмысқа қабылданған болса жағдайда, өтемақы оның дипломатиялық дәрежесі мен дипломатиялық қызмет органдары жүйесінде бір жылдан астам жұмыс өтілі бар болса, оған дипломатиялық қызмет қызметкері лауазымына тағайындалған күннен бастап төленеді.

      9. Министрлікте немесе шет елдегі мекемеде дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне өтемақы төлеу осы Ережеде көзделген шарттарды ескере отырып, Министрліктің аппарат басшысының немесе шет елдегі мекеме басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      10. Министрліктегі дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне өтемақы төлеу есеп беретін соманы беру арқылы жүзеге асырылады.

      11. Министрліктегі өтемақының есеп берілетін сомасын алған дипломатиялық қызмет қызметкерлері жыл ішінде өкілдік керек-жарақ заттарын сатып алу не жалға алу фактісін растайтын құжаттарды Министрліктің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі уәкілетті құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.

      12. Шет елдердегі мекемелерде дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне өтемақы төлеу жұмсалған шығыстарды өтеу арқылы, дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің шет елдегі мекемеде бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті жұмыскерге өкілдік керек-жарақ заттарын сатып алу не жалға алу фактісін растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      13. Өкілдік керек-жарақ заттарын Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде сатып алған не жалға алған жағдайда өкілдік керек-жарақ заттарын сатып алу не жалға алу фактісін растайтын құжаттар шет мемлекеттердің қолданыстағы тәжірибесіне сәйкес ресімделеді.

      14. Дипломатиялық қызмет қызметкерлері шет елдегі мекемеде бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті жұмыскерге сатып алынған не жалға алынған өкілдік керек-жарақ заттарының құнынан шет мемлекет аумағында қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) қайтаруға жол берілген құжаттарды ұсынған жағдайда, өтемақыны өтеу сомасы ретінде өкілдік керек-жарақ заттарын сатып алу не жалға алу құнының ҚҚС есептемегендегі сомасы қабылданады.

Об утверждении Положения о представительской экипировке сотрудников дипломатической службы Республики Казахстан

Приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 12 июня 2023 года № 11-1-4/291. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 июня 2023 года № 32784

      В соответствии с подпунктом 214-13) пункта 15 Положения о Министерстве иностранных дел Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о представительской экипировке сотрудников дипломатической службы Республики Казахстан.

      2. Валютно-финансовому департаменту Министерства иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр иностранных дел
Республики Казахстан
М. Нұртілеу

      "Согласовано"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министр иностранных дел
Республики Казахстан
от 12 июня 2023 года № 11-1-4/291

Положение
о представительской экипировке сотрудников дипломатической службы Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о представительской экипировке сотрудников дипломатической службы Республики Казахстан (далее – Положение) разработано в соответствии с подпунктом 214-13) пункта 15 Положения о Министерстве иностранных дел Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118, и определяет предметы представительской экипировки сотрудников дипломатической службы Республики Казахстан (далее – сотрудники дипломатической службы), а также условия выплаты компенсации стоимости предметов представительской экипировки сотрудников дипломатической службы из республиканского бюджета.

      2. Представительская экипировка – необходимый элемент дипломатического этикета, предназначенный для ношения сотрудниками дипломатической службы при исполнении служебных обязанностей.

      3. Ежегодная единовременная денежная компенсация стоимости предметов представительской экипировки сотрудников дипломатической службы (далее – компенсация) предназначена для возмещения сотрудникам дипломатической службы расходов по приобретению либо аренде представительской экипировки по мере выделения средств из республиканского бюджета на соответствующий год.

Глава 2. Предметы представительской экипировки сотрудников дипломатической службы

      4. Устанавливаются следующие предметы представительской экипировки сотрудников дипломатической службы:

      для мужчин: пальто, плащ, куртка, костюм, фрак, смокинг, пояс (в том числе ремень), манишка, пиджак, брюки, жилет, галстук (в том числе галстук-бабочка), рубашка, головной убор, перчатки, обувь;

      для женщин: пальто, плащ, куртка, костюм, пиджак, жилет, брюки, юбка, платье, рубашка (в том числе блузка), головной убор, перчатки, обувь.

      Сотрудники дипломатической службы самостоятельно определяют количество приобретаемых либо арендуемых предметов представительской экипировки в пределах установленных размеров компенсации.

      5. Сотрудники дипломатической службы приобретают предметы представительской экипировки путем покупки готовых изделий или индивидуального пошива.

      Допускается получение предметов представительской экипировки в аренду сотрудниками дипломатической службы в пределах установленных размеров компенсации.

      6. Приобретение и аренда предметов представительской экипировки осуществляются в течение года, за который выплачивается компенсация.

Глава 3. Условия выплаты компенсации

      7. Сотрудникам дипломатической службы, впервые принятым на работу в Министерство либо загранучреждение, компенсация выплачивается по истечении одного года работы в Министерстве и(или) загранучреждениях со дня назначения на должность персонала дипломатической службы Республики Казахстан.

      8. В случае, если сотрудник дипломатической службы ранее работал в системе органов дипломатической службы и вновь принят на работу в Министерство либо загранучреждение, компенсация выплачивается со дня назначения на должность сотрудника дипломатической службы при наличии дипломатического ранга и стажа работы в системе органов дипломатической службы более одного года.

      9. Выплата компенсации сотрудникам дипломатической службы в Министерстве или загранучреждении осуществляется на основании приказа руководителя аппарата Министерства или руководителя загранучреждения, учитывая условия, предусмотренные настоящим Положением.

      10. Выплата компенсации сотрудникам дипломатической службы в Министерстве осуществляется путем выдачи подотчетной суммы.

      11. В течение года сотрудники дипломатической службы в Министерстве, получившие в подотчет сумму компенсации, предоставляют в уполномоченное структурное подразделение Министерства по организации и ведению бухгалтерского учета документы, подтверждающие факт приобретения либо аренды предметов представительской экипировки.

      12. Выплата компенсации сотрудникам дипломатической службы в загранучреждениях осуществляется путем возмещения произведенных расходов, после предоставления сотрудниками дипломатической службы уполномоченному работнику по ведению бухгалтерского учета в загранучреждении документов, подтверждающих факт приобретения либо аренды предметов представительской экипировки.

      13. В случаях приобретения либо аренды предметов представительской экипировки за пределами Республики Казахстан документы, подтверждающие факт приобретения либо аренды предметов представительской экипировки, оформляются в соответствии с действующей практикой иностранных государств.

      14. В случае предоставления сотрудниками дипломатической службы уполномоченному работнику по ведению бухгалтерского учета в загранучреждении документов, по которым допускается возвращение сумм налога на добавленную стоимость (далее – НДС) со стоимости приобретенных либо арендованных предметов представительской экипировки на территории иностранного государства, в расчет возмещения суммы компенсации принимается сумма приобретения либо аренды предметов представительской экипировки без учета НДС.