"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 493 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24633 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 493 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 47 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31829 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
М. Пшембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі