ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 12-бабы 5-тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1)"Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 255 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 17193 болып тіркелді);
2)"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 345 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 18912 болып тіркелді).
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 16 маусымдағы № 223 бұйрығына қосымша |
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы біліктілік талаптары жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне белгіленген.
2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi еңбек делдалдығын көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе заңды тұлға болып табылады.
3. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінде халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тиісті тәжірибесі, жеткілікті материалдық және еңбек ресурстары болуға тиіс.
2-тарау. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптары
4. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер заңды тұлға болып табылатын жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне келесідей біліктілік талаптары белгіленеді:
1) халықты жұмыспен қамту саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруда кемінде бір жыл тәжірибесінің болуы;
2) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік білімі және халықты жұмыспен қамту және (немесе) кадрлық қамсыздандыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар білікті басшылардан, мамандардан тұратын штаттық қызметшілерінің болуы;
3) штаттық қызметкерлерді жұмыс орындарымен жарақтандыру, офис үстелдерін, интернетке қосылған, бағдарламалық қамтылымы бар компьютер не ноутбукті, қызмет көрсету үшін қажет принтерді, көшіру аппаратын және сканерді қамтитын халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстардың болуы;
4) төлем жасау қабiлеттілігінің болуы және салық берешегінің болмауы;
5) әкімшілік ғимаратта, офиста орналасқан және жұмыссызды қабылдау үшін тиісті жағдайды қамтамасыз ететін меншік (шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы тұрғын жайдың болуы;
6) заңды тұлғаның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуінің болуы;
7) таратылу немесе банкроттық рәсімдеріне жатпауға тиіс.
5. Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жеке тұлға болып табылатын жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне келесідей біліктілік талаптары белгіленеді:
1) халықты жұмыспен қамту саласында қызметтері көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруда кемінде бір жыл тәжірибесінің болуы;
2) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік білімі бар, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және (немесе) кадрлық қамсыздандыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның болуы;
3) штаттық қызметкерлерді жұмыс орындарымен жарақтандыру, офис үстелдерін, интернетке қосылған, бағдарламалық қамтылымы бар компьютер не ноутбукті, қызмет көрсету үшін қажет принтерді, көшіру аппаратын және сканерді қамтитын халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстардың болуы;
4) төлем жасау қабiлеттілігінің болуы және салық берешегінің болмауы;
5) әкімшілік ғимаратта, офиста орналасқан және жұмыссызды қабылдау үшін тиісті жағдайды қамтамасыз ететін меншік (шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы тұрғын жайдың болуы;
6) дара кәсіпкер ретінде салық органдарында мемлекеттік тіркелуінің болумен расталады;
7) банкроттық рәсімдеріне жатпауға тиіс.