"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына және 20-бабының 2-3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 246 бұйрығымен бекітілген |
Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары
№ | Өңір | Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен |
1. | Астана қаласы | 43 361 (қырық үш мың үш жүз алпыс бір) |
2. | Алматы қаласы | 53 254 (елу үш мың екі жүз елу төрт) |
3. | Шымкент қаласы | 49 390 (қырық тоғыз мың үш жүз тоқсан) |
4. | Ақмола облысы | 43 361 (қырық үш мың үш жүз алпыс бір) |
5. | Ақтөбе облысы | 19 619 (он тоғыз мың алты жүз он тоғыз) |
6. | Алматы облысы | 53 254 (елу үш мың екі жүз елу төрт) |
7. | Атырау облысы | 13 712 (он үш мың жеті жүз он екі) |
8. | Батыс Қазақстан облысы | 18 078 (он сегіз мың жетпіс сегіз) |
9. | Жамбыл облысы | 49 055 (қырық тоғыз мың елу бес) |
10. | Жетісу облысы | 53 254 (елу үш мың екі жүз елу төрт) |
11. | Қарағанды облысы | 43 361 (қырық үш мың үш жүз алпыс бір) |
12. | Қостанай облысы | 40 353 (қырық мың үш жүз елу үш) |
13. | Қызылорда облысы | 35 017 (отыз бес мың он жеті) |
14. | Маңғыстау облысы | 21 961 (жиырма бір мың тоғыз жүз алпыс бір) |
15. | Түркістан облысы | 49 390 (қырық тоғыз мың үш жүз тоқсан) |
16. | Ұлытау облысы | 43 361 (қырық үш мың үш жүз алпыс бір) |
17. | Шығыс Қазақстан облысы | 9 076 (тоғыз мың жетпіс алты) |