"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2023 жылғы 27 маусымдағы № 156 бұйрығымен бекітілген |
Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері
Р/с № | Халықаралық спорттық жарыстардың атауы | Иеленген орны | Спортшыларды теңгеге барабар АҚШ долларымен ақшалай көтермелеу мөлшері | Жаттықтырушыларды теңгеге барабар АҚШ долларымен ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары | 1-орын | 250000 | 250000 |
2-орын | 150000 | 150000 | ||
3-орын | 75000 | 75000 | ||
4-орын | 30000 | 30000 | ||
5-орын | 10000 | 10000 | ||
6-орын | 5000 | 5000 | ||
2. | Әлем чемпионаты (ересектер арасында): олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша | 1-орын | 15000 | 10000 |
2-орын | 7000 | 5000 | ||
3-орын | 5000 | 3000 | ||
олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша кемiнде 20 елдің (спорттық дисциплина немесе әрбiр салмақ санаты бойынша) өкiлдерi қатысқан жағдайда | 1-орын | 2300 | 2300 | |
2-орын | 1800 | 1800 | ||
3-орын | 1100 | 1100 | ||
3. | Жазғы, қысқы Азия ойындары, Азия Паралимпиадалық ойындары | 1-орын | 10000 | 5000 |
2-орын | 5000 | 3000 | ||
3-орын | 3000 | 2000 | ||
4. | Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиада | 1-орын | 15000 | 15000 |
2-орын | 10000 | 10000 | ||
3-орын | 5000 | 5000 | ||
5. | Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары | 1-орын | 10000 | 5000 |
2-орын | 5000 | 3000 | ||
3-орын | 3000 | 2000 | ||
6. | Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты | 1-орын | 2300 | 2300 |
2-орын | 1400 | 1400 | ||
3-орын | 900 | 900 | ||
7. | Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша (жастар арасында) әлем чемпионаты | 1-орын | 3500 | 3500 |
2-орын | 2300 | 2300 | ||
3-орын | 1100 | 1100 | ||
8. | Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнату | 5000 | 3000 |