Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 721 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33019 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 721 бұйрығымен
бекітілген

Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Aзаматтық кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған, негізгі құрал-жабдықтарға (активтерге) жататын мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу тәртібін айқындайды.

      2. Егер дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мүлікті қалпына келтіру экономикалық орынсыз және/немесе мүмкін емес болса, ол жойылуға жатады.

      Осы Қағида заттарға қолданылады.

2-тарау. Бұзылуды және жойылуды ресімдеу тәртібі

      3. Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеуді мемлекеттік заңды тұлға басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешімімен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік кәсіпорында құрылатын Комиссияның құрамына міндетті түрде:

      1) мемлекеттік кәсіпорынның бас инженері немесе басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);

      2) бас бухгалтер немесе оның орынбасары;

      3) мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлға енгізіледі.

      Мемлекеттік мекемелерде құрылатын Комиссияның құрамына міндетті түрде:

      1) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы не ол уәкілеттік берілген лауазымды адам (Комиссияның төрағасы);

      2) бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы болмаған кезде - бухгалтерлік есеп жүргізу жүктелген тұлға);

      3) мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлға енгізіледі.

      Мемлекеттік заңды тұлға басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешіміне сәйкес мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу кезінде Комиссия құрамына тиісті мамандар (сарапшылар) қажет болған жағдайда енгізіледі.

      5. Комиссия жойылуға жататын мүлікті тікелей тексеріп қарауды жүргізеді, бұл ретте техникалық құжаттаманы, бухгалтерлік есептің деректерін қолданады және:

      1) оның қайта қалпына келтіруге және одан әрі қолдануға жарамсыздығын анықтайды;

      2) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген бұзылуының себептерін айқындайды;

      3) оның жекелеген бөлшектерін, түйіндерін, материалдарын қолдану мүмкіндігін анықтайды және оларға бағалау жүргізеді.

      6. Пайдалануға болатын барлық бөлшектер, тораптар, қосалқы бөлшектер, материалдар және өзге материалдық құндылықтар (бұдан әрі – материалдар) үш топқа жатады:

      1) бірінші топ – ықтимал пайдаланылуының бағасы бойынша бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында кіріске алынатын, тікелей мақсаты бойынша одан әрі қолдануға жарамды материалдар;

      2) екінші топ – қайталама шикізат ретінде (қара, түсті және асыл металдар сынықтары, көнерген материал, отын және басқа шикізат) кіріске алынатын, тікелей мақсаты бойынша одан әрі қолдануға жарамсыз материалдар;

      3) үшінші топ – одан әрі қолдануға жарамсыз және жойылуға жататын материалдар.

      7. Жойылуға жататын мүлікті тексеріп қарау қорытындысы бойынша Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаның балансынан шығаруға негіз болатын хаттама (бұдан әрі – хаттама) жасайды.

      8. Есептен шығару актілері бекітілгенге дейін жойылуға жататын мүлікті ажырату мен бөлшектеуге рұқсат етілмейді.

      9. Есептен шығарылған мүлікті дербес жою мүмкін болмаған кезде, мемлекеттік заңды тұлғалар жою үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларды тартады.

      10. Орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде олардың ведомстволары болып табылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару олардың шешімі бойынша, аумақтық мемлекеттік органдар болатын мемлекеттік органдардың мүлкін – олардың жоғары тұрған мемлекеттік органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің мүлкін есептен шығару Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      11. Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару оларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісім бойынша жүргізіледі.

      12. Жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жүргізіледі.

      13. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің мүлкін есептен шығару аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тиісті аппараттарымен келісім бойынша жүргізіледі.

      14. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару оларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдарымен (тиісті жергілікті атқарушы органдармен) келісім бойынша жүзеге асырылады.

      15. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының мүлкін есептен шығару аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тиісті аппараттарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.

      16. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілері және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 "Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) бұйрықтарымен бекітілген нысандарға сәйкес 3 (үш) данада жасалады.

      17. Комиссия 3 (үш) данада жасаған мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілері күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде осы Қағиданың 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес мынадай құжаттармен қоса келісуге жіберіледі:

      1) Комиссия хаттамасы;

      2) авария кезінде – тиісті лауазымды адам жасаған және бекіткен оқиға актісінің немесе оқиға болған жерді қарау хаттамасының көшірмесі;

      3) дүлей зілзала кезінде – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тексеру актісінің көшірмесі.

      Келісу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      18. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін есептен шығару актілері келісілген кезде тиісті органның мөрімен бекітілген, басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның не оны алмастыратын адамның қолы, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде аппарат басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның қолы қойылады.

      Осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген құжаттардың бір данасы келісуші органда қалады, қалған екеуі мемлекеттік заңды тұлғаға жіберіледі.

      19. Келісуден бас тартылған кезде мүлікті есептен шығарудан бас тарту негіздемесі бар құжаттар пакеті мемлекеттік заңды тұлғаға қайтарылады.

      20. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілерін мемлекеттік заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам бекітеді.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      21. Осы Қағидада реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 "Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес шешіледі.

Об утверждении Правил оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического или морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 721. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2023 года № 33019.

      В соответствии постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического или морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий.

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
- Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Утверждены приказом
Заместитель Премьер-Министра
- Министр финансов
Республики Казахстан
от 29 июня 2023 года № 721

Правила оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического или морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического или морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий (далее ‒ Правила), разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе" и определяют порядок оформления гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, закрепленного за государственными юридическими лицами и относящегося к основным средствам (активам), пришедшего в негодность вследствие физического или морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий.

      2. Уничтожению подлежит имущество, пришедшее в негодность вследствие физического или морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий, если восстанавливать его экономически нецелесообразно и/или невозможно.

      Настоящие Правила применяются к вещам.

Глава 2. Порядок оформления гибели и уничтожения

      3. Оформление гибели и уничтожения отдельных видов государственного имущества, пришедшего в негодность вследствие физического или морального износа, в результате стихийных бедствий и аварий осуществляется постоянно действующей комиссией, создаваемой решением руководителя государственного юридического лица, либо лица, исполняющего его обязанности (далее – Комиссия).

      4. В состав Комиссии, создаваемой в государственном предприятии, в обязательном порядке включаются:

      1) главный инженер или заместитель руководителя государственного предприятия (председатель Комиссии);

      2) главный бухгалтер или его заместитель;

      3) лицо, на которое возложена ответственность за сохранность имущества.

      В состав Комиссии, создаваемой в государственных учреждениях, в обязательном порядке включаются:

      1) заместитель руководителя государственного учреждения, а в государственных учреждениях, в которых введена должность руководителя аппарата, – руководитель аппарата либо должностное лицо, им уполномоченное (председатель Комиссии);

      2) главный бухгалтер или его заместитель (при отсутствии по штатному расписанию должности главного бухгалтера – лицо, на которое возложено ведение бухгалтерского учета);

      3) лицо, на которое возложена ответственность за сохранность имущества.

      При оформлении гибели и уничтожения отдельных видов имущества в соответствии с решением руководителя государственного юридического лица, либо лица, исполняющего его обязанности, в состав Комиссии при необходимости включаются соответствующие специалисты (эксперты).

      5. Комиссия производит непосредственный осмотр имущества, подлежащего уничтожению, использует при этом техническую документацию, данные бухгалтерского учета и:

      1) устанавливает непригодность его к восстановлению и дальнейшему использованию;

      2) выясняет причины его гибели, указанные в пункте 2 настоящих Правил;

      3) определяет возможность использования отдельных его деталей, узлов, материалов и производит их оценку.

      6. Все детали, узлы, запасные части, материалы и другие материальные ценности (далее – материалы) возможные для использования, относят к трем группам:

      1) первая группа – годные материалы для дальнейшего использования по прямому назначению, которые приходуются на соответствующих счетах бухгалтерского учета по цене возможного их использования;

      2) вторая группа – не пригодные для дальнейшего использования по прямому назначению материалы, которые приходуются как вторичное сырье (лом черных, цветных и драгоценных металлов, ветошь, дрова и другое сырье);

      3) третья группа – материалы, которые не пригодны для дальнейшего использования и подлежат уничтожению.

      7. По итогам осмотра имущества, подлежащего уничтожению, в течении 3 (трех) рабочих дней Комиссия составляет протокол, являющийся основанием для списания имущества с баланса государственного юридическою лица (далее – протокол).

      8. Разборка и демонтаж имущества, подлежащего уничтожению, до утверждения актов на списание не допускается.

      9. При невозможности самостоятельного уничтожения списанного имущества государственные юридические лица для уничтожения привлекают физических и юридических лиц в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      10. Списание имущества государственных учреждений, являющихся центральными государственными органами, в том числе их ведомствами, осуществляется по их решению, государственных учреждений, являющихся территориальными государственными органами – по согласованию с их вышестоящими государственными органами.

      Списание имущества загранучреждений Республики Казахстан осуществляется по решению Министерства иностранных дел Республики Казахстан.

      11. Списание имущества государственных учреждений, содержащихся за счет республиканского бюджета и не являющихся государственными органами, производится по согласованию с осуществляющими управление ими уполномоченными органами соответствующих отраслей.

      12. Списание имущества государственных учреждений, содержащихся за счет местных бюджетов, производится по согласованию с соответствующими местными исполнительными органами.

      13. Списание имущества коммунальных государственных учреждений местного самоуправления производится по согласованию с соответствующими аппаратами акимов городов районного значения, села, поселка, сельского округа.

      14. Списание имущества государственных предприятий осуществляется по согласованию с осуществляющими управление ими уполномоченными органами соответствующих отраслей (соответствующими местными исполнительными органами).

      15. Списание имущества коммунальных государственных предприятий местного самоуправления осуществляется по согласованию с соответствующими аппаратами акимов городов районного значения, села, поселка, сельского округа.

      16. Акты на списание имущества государственных юридических лиц составляются в 3 (трех) экземплярах в соответствии с формами, утвержденными приказами исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 2 августа 2011 года № 390 "Об утверждении Альбома форм бухгалтерской документации для государственных учреждений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7126) и Министра финансов Республики Казахстан от 20 декабря 2012 года № 562 "Об утверждении форм первичных учетных документов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8265).

      17. Составленные Комиссией в 3 (трех) экземплярах акты на списание имущества государственных юридических лиц в течение 7 (семи) календарных дней направляются на согласование в соответствии с пунктами 10, 11, 12, 13, 14 и 15 настоящих Правил с приложением следующих документов:

      1) протокол Комиссии;

      2) при аварии – копия акта происшествия или протокола осмотра места происшествия, составленного и утвержденного соответствующим должностным лицом;

      3) при стихийном бедствии – копия акта расследования причин аварий, бедствий, катастроф, приведших к возникновению чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера.

      Срок согласования составляет 10 (десять) рабочих дней.

      18. При согласовании актов на списание имущества государственного юридического лица ставится подпись руководителя или уполномоченного им лица, либо лица, его замещающего, скрепленная печатью соответствующего органа, а в государственных учреждениях, в которых введена должность руководителя аппарата, – подпись руководителя аппарата либо должностного лица, им уполномоченного.

      Один экземпляр документов, указанных в пункте 17 настоящих Правил, остается у согласующего органа, два других направляются государственному юридическому лицу.

      19. При отказе в согласовании, пакет документов с обоснованием отказа на списание имущества возвращается государственному юридическому лицу.

      20. Акты на списание имущества государственных юридических лиц утверждаются руководителем государственного юридического лица или уполномоченным им лицом, либо лицом, его замещающим.

Глава 3. Заключительные положения

      21. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в соответствии с приказами Министра финансов Республики Казахстан от 3 августа 2010 года № 393 "Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета в государственных учреждениях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6443) и от 31 марта 2015 года № 241"Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10954).