Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шiлдедегi № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 шiлдеде № 33182 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 112-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім министрінің
2023 жылғы 25 шілдедегі
№ 335 бұйрығымен
бекітілген

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 112-тармағына сәйкес әзірленді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден (бұдан әрі – аккредиттеу) өткізу, аккредиттеуден өткізу үшін құжаттар тапсыру, оларды қарау және ғылым саласындағы уәкілетті органның аккредиттеу туралы куәлігін беру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу туралы куәлік – жеке не заңды тұлға жүзеге асыратын ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті уәкілетті органның ресми тануын растайтын, осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат;

      2) аккредиттеу – нәтижесінде субъектілер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануға ие болу рәсімі;

      3) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Аккредиттеуді өткізу тәртібі

      3. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 1-тармағына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылады.

      Мыналар:

      1) заңды тұлға – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдармен, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен еңбек қатынастарында тұратын ғылыми, инженерлік-техникалық және өзге де қызметкерлер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дербес жүзеге асыратын ғалымдар субъектілер болып табылады.

      4. Аккредиттеу қағаз түрінде уәкілетті органның кеңсесі не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

      5. Ғылыми-техникалық қызмет негізгі қызмет түрі болып табылмайтын, құрылымында ғылыми бөлімшелері бар ұйымдар өздерінің құрылтай құжаттарында бекітілген міндеттерді шешу мақсатында аккредиттеу туралы куәлік алу үшін уәкілетті органда аккредиттеуден өте алады.

      6. Субъектілерді аккредиттеу олардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      7. Куәлік мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобалар конкурстарына қатысу үшін беріледі.

      8. Ұсынылатын құжаттар тізімі, аккредиттеуден бас тарту негіздері "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20626 болып тіркелген) бекітілген "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде белгіленді.

      9. Уәкілетті орган субъектілерді аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды:

      заңды тұлғалар үшін – 19 (он тоғыз) жұмыс күні ішінде;

      жеке тұлғалар үшін – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу:

      жеке тұлғалар үшін – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      заңды тұлғалар үшін – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде.

      10. Аккредиттеу туралы куәлік 5 (бес) жыл мерзімге беріледі.

      Аккредиттеу туралы куәлік:

      заңды тұлғаға – басшыға немесе сенімхат негізінде уәкілетті тұлғаға қол қою арқылы;

      жеке тұлғаға – тікелей өтініш берушіге немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға немесе өкілеттігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 68-бабына сәйкес ресімделген оның өкіліне беріледі.

      11. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік бланкілерінің дайындалуын, есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етеді.

      12. Аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін оның қолданысы мынадай:

      1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған (бөліп шығару және бөлу нысанында) немесе таратылған;

      2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;

      3) аккредиттеу туралы куәлікті алған жеке тұлға қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты субъектінің арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайларда тоқтатылады.

      13. Аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін оның қолданысы мынадай:

      1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) немесе таратылған;

      2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;

      3) аккредиттеу туралы куәлікті алған жеке тұлға қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты субъектінің арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайларда тоқтатылады.

  Ғылыми және (немесе) ғылыми-
техникалық қызмет
субъектілерін
аккредиттеу қағидасына
қосымша

Аккредиттеу туралы куәлік

      Астана қ. 20__ ж. "___" "__________"

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес

      ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса))

      ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелді. Куәлік мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысу үшін беріледі.

      Уәкілетті орган

      М. О. Сериясы _______ № _____

      ___________________________________

Об утверждении правил "Аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 25 июля 2023 года № 335. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 июля 2023 года № 33182.

      В соответствии с пунктом 112 постановления Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ааккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности.

      2. Комитету науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на Интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки и высшего
образования Республики Казахстан
С. Нурбек

  Утвержден
приказом Министра науки
и высшего образования
Республики Казахстан
от 25 июля 2023 года № 335

Правила
аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 112 постановления Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан" и определяют порядок проведения аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности, подачи документов для проведения аккредитации (далее – аккредитация), их рассмотрения и выдачи свидетельств об аккредитации уполномоченным органом в области науки (далее – уполномоченный орган).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) свидетельство об аккредитации – документ, подтверждающий официальное признание уполномоченным органом осуществляемой физическим либо юридическим лицом научной, научно-технической деятельности, по форме согласно приложению к настоящим Правилам;

      2) аккредитация – процедура, в результате которой юридические и физические лица, являющиеся субъектами, приобретают официальное признание соответствия их деятельности требованиям и стандартам, установленным законодательством Республики Казахстан;

      3) уполномоченный орган в области науки (далее – уполномоченный орган) – государственный орган, осуществляющий межотраслевую координацию и руководство в области науки и научно-технической деятельности.

Глава 2. Порядок проведения аккредитации

      3. В соответствии с пунктом 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О науке" (далее – Закон) субъектами научной и (или) научно-технической деятельности являются физические и юридические лица (далее – субъекты), осуществляющие научную и (или) научно-техническую деятельность.

      Субъектами являются:

      1) юридические лица – организации, осуществляющие научную и (или) научно-техническую деятельность;

      2) физические лица, осуществляющие научную и (или) научно-техническую деятельность, – научные, инженерно-технические и иные работники, а также ученые, самостоятельно осуществляющие научную и (или) научно-техническую деятельность.

      4. Аккредитация осуществляется в бумажном виде через канцелярию уполномоченного органа или через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация).

      5. Организации, для которых научно-техническая деятельность не является основным видом деятельности, имеющие в своей структуре научные подразделения, в целях решения задач, закрепленных в их учредительных документах, могут пройти аккредитацию в уполномоченном органе с целью получения свидетельства об аккредитации.

      6. Аккредитация субъектов осуществляется за счет их собственных средств.

      7. Свидетельство предоставляется для принятия участия в конкурсах научных, научно-технических проектов и программ, проектов коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности финансируемых из государственного бюджета и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      8. Перечень представляемых документов, основания для отказа в оказании аккредитации установлены в Перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Аккредитация субъектов научной и (или) научно-технической деятельности" (далее – Перечень основных требований) утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 мая 2020 года № 196 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Аккредитация субъектов научной и (или) научно-технической деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20626).

      9. Уполномоченным органом принимается решение об аккредитации субъектов либо отказе в аккредитации :

      для юридических лиц – в течение 19 (девятнадцать) рабочих дней;

      для физических лиц – в течение 5 (пяти) рабочих дней.

      Переоформление свидетельства об аккредитации в случае изменения фамилии, имени, отчества физического лица и (или) наименования юридического лица:

      для физических лиц - в течение 10 (десять) рабочих дней;

      для юридических лиц - в течение 20 (двадцати) рабочих дней.

      10. Свидетельство об аккредитации выдается сроком на 5 (пять) лет.

      11. Свидетельство об аккредитации выдается:

      юридическому лицу – руководителю или уполномоченному лицу под роспись на основании доверенности;

      физическому лицу – непосредственно заявителю или уполномоченному лицу по нотариально засвидетельствованной доверенности или его представителю, полномочия которого оформлены в соответствии со статьей 68 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      12. Уполномоченный орган обеспечивает изготовление, учет и хранение бланков свидетельств об аккредитации.

      13. До истечения срока свидетельство об аккредитации прекращает свое действие в случаях:

      1) реорганизации (в формах разделения и выделения) или ликвидации юридического лица;

      2) наличия письменного заявления субъекта о прекращении действия свидетельства;

      3) смерти (вступления в законную силу решения суда о признании недееспособным, на основании которого субъект лишается специального права, связанного с занятием в определенной сфере) физического лица, получившего свидетельство об аккредитации.

  Приложение
к Правилам аккредитации
субъектов научной и (или)
научно-технической
деятельности

Свидетельство об аккредитации

г. Астана

"__" "_______" 20_ г.

      В соответствии со статьей 23 Закона Республики Казахстан "О науке"

      ________________________________________________________________________
      (наименование юридического лица / Ф.И.О. (при наличии) физического лица)
аккредитуется в качестве субъекта научной и (или) научно-технической деятельности сроком на пять лет. Свидетельство предоставляется для принятия участия в конкурсах научных, научно-технических проектов и программ, финансируемых из государственного бюджета и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      Уполномоченный орган

      М.П.

Серия _______

№ _____