"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Казақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
Қ. Тумыш |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Казақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 31 шілдедегі № 11-1-4/407 Бұйрыққа 1-қосымша |
Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары
1. Осы Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабы 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін айқындайды.
2. Қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат.
3. Қайтып оралуға арналған куәлікті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер):
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және келісімдерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;
4) босқындарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;
5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келуге арналған құжаттарын жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына ұстап берілген не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайларда.
4. Қайтып оралуға арналған куәлікті алу үшін шетелдердегі мекемелерге:
1) еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);
2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (жоғалтқан жағдайда);
3) өлшемі 3х4 см түрлі-түсті екі фотосурет;
4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 626-бабы 4) тармақшасына сәйкес консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттардың (болған кезде) бірінің түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы берілетін жеке басты куәландыратын электронды құжат, ал ол болмаған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама-өтініш;
6) жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады (жынысын өзгерткен жағдайда).
5. Қайтып оралуға арналған куәлік 3 айға дейін қолдану мерзіміне ресімделеді.
6. Қайтып оралуға арналған куәлік:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тіркелуін;
3) Қазақстан Республикасындағы босқын қолданыстағы мәртебесін растау негізінде ресімделеді және беріледі.
7. Жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған жағдайда, қайтып оралуға арналған куәлік осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген негіздерді растаусыз екі жұмыс күні ішінде ресімделеді және беріледі.
8. Жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған кезде шетелдегі мекеме:
1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген негіздерді растау үшін құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі) Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруын растау үшін сұрау салуды жолдайды;
2) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негізді растау үшін құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) Қазақстан Республикасында қолданыстағы босқын мәртебесін растау үшін сұрау салуды жолдайды.
9. Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шетелдегі мекемеге жауап жолдайды.
10. Шетелдегі мекеме осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген негіздерді растаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдейді және береді.
11. Қайтып оралуға арналған куәлікке:
1) шет мемлекеттің визалар беруге уәкілетті құзыретті органы – визалар туралы;
2) шекара қызметі органы, шет мемлекеттің шекаралық бақылауды жүзеге асыратын құзыретті органы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан және басқа мемлекеттердің мемлекеттік шекараларынан өту туралы;
3) тиісті белгіні енгізген орган – бұрын енгізілген белгілерді жою туралы белгілер енгізеді.
12. Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеуден:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген негіздер расталмаған;
2) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған;
3) құжаттарды тапсыру кезінде толық емес және/немесе дәйексіз мәліметтер ұсынылған;
4) консулдық алым төленбеген жағдайда бас тартылады.
13. Қайтып оралуға арналған куәлік мынадай:
1) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген деректер болмаған;
2) оның қолданылу мерзімі өткен;
3) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген деректерді не құжаттың қорғалу дәрежесін сәйкестендіру мүмкін болмаған;
4) иесі уәкілетті мемлекеттік органға өтініш берген күннен бастап құжат жоғалған;
5) иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмеген;
6) жынысын өзгерткен жағдайларда жарамсыз болып табылады және ауыстырылуға әрі шетелдегі мекемеге тапсырылуға тиіс.
14. Қайтып оралуға арналған куәлікті ауыстыру осы Қағидаларда қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу үшін көзделген жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
15. Қайтып оралуға арналған куәлік Қазақстан Республикасына келген соң, күнтізбелік 10 (он) күнге дейінгі мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылады және жоғалған жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру материалдарына қосылады.
Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты немесе дипломатиялық паспорты жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен кезде берілген қайтып оралуға арналған куәлік Қазақстан Республикасына келген соң, күнтізбелік 10 (он) күнге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) тапсырылуға тиіс.
16. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген негіздердің болмауы фактісі анықталған жағдайларда шетелдегі мекеме бұл туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына хабарлау арқылы бұрын берілген қайтып оралуға арналған куәлікті алып қою шараларын қабылдайды.
Қайтып оралуға арналған куәлікті кейіннен алып қоюды алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды ресімдеу барысында лауазымды адамдар жүргізеді.
17. Сыртқы істер министрлігіне және шетелдердегі мекемелеріне тапсырылған қайтып оралуға арналған куәліктер жойылуға жатады.
Қайтып оралуға арналған куәліктерді жою туралы акт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына 1-қосымша |
САУАЛНАМА – ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігімді / Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындығымды анықтап берудi сұраймын (керектісін сызыңыз)
СҰРАҚТАР | ЖАУАПТАР |
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
2. Бұрын болған атыңызды, тегіңізді және әкеңіздің атын, оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерткендігіңізді атап шығыңыз | |
3. Туған күнi, айы, жылы және туған жерi | |
4. Ұлты | |
5. Азаматтығы | |
6. Отбасылық жағдайы | |
7. Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты мекенжайы | |
8. Шетелге кетер алдындағы тікелей тұрғылықты мекенжайы | |
9. Соңғы жұмыс, оқу орны | |
10. Білімі және білімі бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын бітірдіңіз) | |
11. Егер бұрын басқа мемлекеттің азаматтығында болсаңыз, қайда, қашан және қандай негізде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаныңызды толық көрсетіңіз | |
12. Сот тәртібінде қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық жауапкершілікке тартылдыңыз ба (егер тартылсаңыз онда қашан, кім және не үшін) | |
13. Шетелге шығудың мақсаты | |
14. Қазақстан Республикасынан шыққан күні және Қазақстан Республикасына қайта келетін болжамды күні | |
15. Жоғалған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер (түрі, нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі, құжатты берген орган) | |
16. Жеке басты куәландыратын құжатта болған жазбалар мен белгілер туралы мәліметтер (бірге бара жатқан балалар туралы жазба, тұрақты түрде тұру үшін шетелге шығуға рұқсат туралы жазба) | |
17. Жеке басты куәландыратын басқа да құжаттар туралы мәліметтер (бар болған жағдайда) |
18. Сіздің жақын туыстарыңыз (күйеуі/әйелі, ата-анасы, ағалары, інілері, апалары, қарындастары, сіңлілері).
Туыстық дәрежесі | Аты, тегі, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған жылы және жері | Жұмыс орны, лауазымы | Болу елі, тұрғылықты мекенжайы |
19. Еңбек қызметі басталған уақыттан бері атқаратын жұмыстары (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметті қоса алғанда).
Айы мен жылы | Мекемесi, ұйымы көрсетiлген лауазымы | Мекеменiң, ұйымның орналасқан жерi |
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріме қол жеткізуге келісімімді беремін.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Өтiнiш берушiнiң қолы ______________ 20___ ж. "___" _________________
Бүлінген қатаң есептіліктегі бланкілерді жою туралы
АКТ
Біз, төменде қол қоюшылар
1. ___________________________,
(лауазымы) Т.А.Ә (ол болған жағдайда).
2. ___________________________,
(лауазымы) Т.А.Ә (ол болған жағдайда).
3. ___________________________
(лауазымы) Т.А.Ә (ол болған жағдайда).
№ ____
қайтып оралуға арналған куәліктердің бланкілері жойылғаны туралы осы актіні жасадық.
Қосымша: жойылған паспорттар бланкілерінің көшірмелері.
_____________________________
қолы, Т.А.Ә (ол болған жағдайда).
_____________________________
қолы, Т.А.Ә (ол болған жағдайда).
_____________________________
қолы, Т.А.Ә (ол болған жағдайда).
Орынд.: Тегі, аты
Казақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 31 шілдедегі № 11-1-4/407 Бұйрыққа 2-қосымша |
Қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптар
1. Қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптарға қосымшаға сәйкес қайтып оралуға арналған куәлік көлемі 285х135 мм. мөлшеріндегі сүйір бұрышты, 95 мм тең үш бірдей бөлікке бүктелетін бланкті білдіреді.
2. Қайтып оралуға арналған куәлік бланкісі (бұдан әрі – бланк) қағаз құрамына ультракүлгін сәуле астында нүктелер түріндегі түрлі-түсті түстермен флуоресценттелетін бөлшектер; көрінетін талшықтар; бірегей ықшамды оптикалық сканермен ғана көруге болатын флуоресцентті полимерлік қоспалар, сондай-ақ бланкінің бөлігі арнайы математикалық алгоритмді қолдана отырып құралған сызықтардан тұратын тор сызықтар түрінде арнайы қорғау қасиеттері бар қағазға баспаханалық тәсілмен басылады. Бланк реңкі көгілдір түсті болады. Бланктің мұқабасынан басқа беттері нөмірленеді. Нөмір беттің төменгі жағында ортасына қойылады.
3. Бланктің тік қалпында мұқабасы, 4-беті, 5-беті болады.
Бланктің көлденең қалпында: 1-беті, 2-беті, 3-беті болады.
4. Бланктің мұқабасында:
мұқабаның бұрыштарында – көгілдір түсті ою-өрнек элементтері;
мұқабаның жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN"
деген жазу;
мұқабаның ортасында - мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
"ҚАЙТЫП ОРАЛУҒА
АРНАЛҒАН КУӘЛІК
CERTIFICATE
OF RETURN"
деген жазу;
мұқабаның төменгі бөлігінің ортасында – дөңгелек бұрыштармен қоршалған жиектің ішінде бланктің нөмірі орналасқан.
5. Бланктің 1-бетінде иесінің қол қоюы үшін жол қалдырылған, сондай-ақ қайтып оралуға арналған куәлік иесінің құқықтық мәртебесі және қайтып оралуға арналған куәлікті берген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы көрсетіледі.
1-беттің жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және ағылшын тілдерінде қайтып оралуға арналған куәлікті берген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауын қамтитын жазу бар.
1-беттің екінші жартысының бірінші ширегінде мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
"Осы куәліктің иесі/The holder of this certificate is"
деп жазылған.
1-беттің екінші жартысының бірінші ширегінде сол жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы" ҚР СТ 989-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес диаметрі 28 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы алтын түстес.
1-беттің ортасында қайтып оралуға арналған куәлік иесінің құқықтық мәртебесін көрсету үшін сызықтармен шектелген жол тігінен орналасқан.
1-беттің екінші жартысының бірінші ширегінде оң жағынан мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
"Қазақстан азаматы
The citizen of Kazakhstan"
"Азаматтығы жоқ тұлға
The stateless person"
"Босқын мәртебесіне ие
The refugee"
деген сөздер тігінен жазылған.
Бланктің 1-бетінің төменгі бөлігінде сызықтармен шектелген, иесінің қол қоюы үшін қалдырылған жол орналасқан және бланктің қиғаш сызықтарының сыну бұрышы арқылы жасалған, көгілдір бояумен орындалған ою-өрнек бар.
6. 2-бет қайтып оралуға арналған куәлік иесінің фотосуретін, жеке деректерін орналастыруға, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің лауазымды адамының қол қоюына және мөр басуына арналған.
2-беттің жоғарғы және төменгі бөліктерінде бланктің қиғаш сызықтарының сыну бұрышы арқылы жасалған, көгілдір бояумен орындалған ою-өрнек бар.
2-беттің сол жақ бөлігінде мөлшері 35х45 мм болатын фотосуретке арналған жол болады.
2-беттің ортаңғы бөлігінде мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
"Тегі/Surname
"Берілген күні/Date of issue"
"Аты/Given name"
"Қолданылу мерзімі/Date of expiry"
"Туған күні/Date of birth"
"Туған жері/Place of birth"
"Жынысы/Sex"
деген сөздер көлденеңінен жазылған.
2-беттің сол жағының төменгі бұрышында қайтып оралуға арналған куәлікті берген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің мөрі қойылатын орын бар.
2-беттің оң жағының төменгі бұрышында қайтып оралуға арналған куәлікті берген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің лауазымды адамының қолы қойылатын орын бар.
2-беттің бірінші ширегінің екінші жартысында көзге көрінбейтін, бір бірінен бірдей қашықтықта орналасқан, күн астындағы бүркіт кейпіндегі 4 (төрт) мемлекеттік символика бейнеленген. Символика бейнесі ультракүлгін сәуле астында көрінетін кішігірім мәтіннен құралған.
7. Бланктің 3-беті "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көрсетілген арнайы белгілерді енгізуге арналған.
3-беттің сол жағының жоғарғы бұрышында "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы" ҚР СТ 989-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес диаметрі 13 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.
3-беттің жоғарғы жағының ортасында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
"Арнайы белгілер үшін/For special marks"
деген жазу орналасқан.
3-беттің орта бөлігінде Қазақстан Республикасы аумағының бейнесі орналасқан, ол көгілдір түсті және бланктің қиғаш сызықтарының сыну бұрышы арқылы жасалған.
Аумақ бейнесінің ортасында ішкі жағынан ағылшын тілінде:
"KAZAKHSTAN"
деген жазу орналасқан.
8. Бланктің 4-беті визалар жапсыруға арналған.
Беттің жоғарғы жағында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
"Визалар/Visas"
деген жазулар бар.
9. 5-беттің бұрыштарында көгілдір түсті ою-өрнек элементтері орналасқан.
5-беттің ортасында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде:
"Осы куәлік оның иесіне Қазақстан Республикасына
бір реттік қайту үшін беріледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
шет мемлекеттердің барлық мүдделі органдарын осы
Қайтып оралуға арналған
куәлік иесін Қазақстан Республикасына
қайту үшін қажетті көмекпен қамтамасыз етуді сұрайды.
To holder of this Certificate provides
single entry to the Republic of Kazakhstan.
The Government of the Republic of Kazakhstan
request all concerned authorities of the foreign states
to provide necessary assistance to the holder of this Certificate
for return to the Republic of Kazakhstan"
деген жазулар орналасқан.
Мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі жазбалар олардың арасында көлденең орналасқан арнайы көгілдір түсті ою-өрнекпен бөлінген.
10. Әрбір бланкте жазбалардың сақталуын арттыру немесе бланкті және ондағы жазуларды жалған құжат жасаудан сақтау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.
Қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптарға қосымша |