БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларында:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген білім беру және мәдениет кәсіпорындарының бірінші басшыларына, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына қолданылмайды.
Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар кәсіпорын басшысы лауазымына осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болған кезде конкурс өткізілмей, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы органмен не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратымен) келісу бойынша тағайындалуы мүмкін.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатураларды іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
3) мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Шарт тараптардың келісуімен айқындалатын кемінде бір жыл және бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шарт тараптардың келісуі бойынша ұзартылады немесе бір реттен артық емес жаңа мерзімге жасалады.
Қайта жасалған шарттың мерзімі өткеннен кейін бұрын кәсіпорын басшысы лауазымын атқарған адам осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен конкурстық негізде кәсіпорын басшысы лауазымына кандидатураларды іріктеуге қатыса алады.
Шартта сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпорын басшысының атқарып отырған лауазымға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Шартты тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес бұза алады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі