"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 849 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 тамызда № 33288 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 15.08.2024 № 546 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19121 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 11 тамыздағы
№ 849 Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 798 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

1.

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтер.

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

2.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары.

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс

3.

Жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар.

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс

4.

Техникалық-экономикалық негіздемені және қала құрылысы жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстар.

Конкурс

5.

Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар.

Конкурс

6.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау, жобаны басқару).

Конкурс


О внесении изменения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 798 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым способ осуществления государственных закупок определяется уполномоченным органом"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 11 августа 2023 года № 849. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 августа 2023 года № 33288.

      Примечание ИЗПИ!
            Приказ утрачивает силу приказом Министра финансов РК от 15.08.2024 № 546 (вводится в действие с 01.01.2025).
      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.09.2023.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 798 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым способ осуществления государственных закупок определяется уполномоченным органом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19121) следующее изменение:

      Перечень товаров, работ, услуг, по которым способ осуществления государственных закупок определяется уполномоченным органом, утвержденный указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту законодательства государственных закупок и закупок квазигосударственного сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 сентября 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Приложение к приказу
Заместитель Премьер-
Министра - Министр финансов
Республики Казахстан
от 11 августа 2023 года № 849
  Утвержден приказом
Первого заместителя
Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 июля 2019 года № 798

Перечень товаров, работ, услуг, по которым способ осуществления государственных закупок определяется уполномоченным органом

Наименование товаров, работ, услуг

Способ осуществления государственных закупок

1.

Товары, относящиеся к категориям (согласно классификатору объектов информатизации) программного обеспечения и продукции электронной промышленности, включенные в реестр доверенного программного обеспечения и продукции электронной промышленности, и информационно-коммуникационные услуги по временному использованию данных товаров.

Конкурс с предварительным квалификационным отбором

2.

Строительно-монтажные работы.

Конкурс с использованием рейтингово-балльной системы

3.

Работы по разработке проектно-сметной (типовой проектно-сметной) документации.

Конкурс с использованием рейтингово-балльной системы

4.

Работы по разработке технико-экономического обоснования и градостроительных проектов.

Конкурс

5.

Работы по комплексной вневедомственной экспертизе проектов строительства объектов.

Конкурс

6.

Инжиниринговые услуги в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности (технический надзор, управление проектом).

Конкурс