Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 10 тамыздағы № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 тамызда № 33311 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт Министрінің
міндетін атқарушы
С. Құранбек

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
Министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 10 тамыздағы
№ 221 бұйрығына
қосымша

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары

1 – тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру тәртібін айқындайды.

      2. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия (бұдан әрі – мемлекеттік стипендия) Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында беріледі.

2 – тарау. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру тәртібі

      3. Мемлекеттік стипендия жыл сайын мәдениет саласындағы уәкiлеттi органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) Заңның 7 бабы 21) тармақшасына сәйкес құрылған, мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) шешімінің негiзiнде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентімен беріледі.

      4. Мемлекеттік стипендия алуға:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын;

      2) Қазақстан мәдениетін дамыту үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер болады.

      5. Мемлекеттік стипендияны алуға ұсынылатын құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау мерзімі басталардан бұрын екі айдан кешіктірмей комиссиямен уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      6. Шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары уәкiлеттi органға ағымдағы жылғы бірінші тамызға дейін қағаз немесе электронды түрде мынадай құжаттарды жібереді:

      1) мемлекеттік стипендия алушыға берілген қолдаухат;

      2) мемлекеттік стипендия алушыға шығармашылық мiнездеме.

      Мемлекеттік стипендия алушыға келіп түскен құжаттарды уәкiлеттi орган бір күн мерзімде қабылдайды және тіркеп, комиссияның қарауына ұсынады.

      7. Комиссия отырысы ағымдағы жылғы жиырмасыншы тамыздан кешіктірілмей өткізіледі.

      8. Комиссияның мемлекеттік стипендияны беруге кандидатураны бекіту туралы шешімі комиссия отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Егер комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.

      9. Комиссия шешімі хаттамамен (бұдан әрі – хаттама) ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

      10. Уәкілетті орган тиісті жылға мемлекеттік стипендияны беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын хаттама көшірмесімен қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ағымдағы жылғы жиырмасыншы қыркүйектен кешіктірмей енгізеді.

Об установлении Правил присуждения государственной стипендии в области культуры

Приказ и.о. Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 10 августа 2023 года № 221. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 августа 2023 года № 33311

      В соответствии с подпунктом 1-3) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О культуре" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Установить прилагаемые Правила присуждения государственной стипендии в области культуры.

      2. Комитету культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республике Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
С. Құранбек

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
от 10 августа 2023 года № 221

Правила присуждения государственной стипендии в области культуры

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присуждения государственной стипендии в области культуры (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1-3) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О культуре" (далее – Закон) и определяют порядок присуждения государственной стипендии в области культуры.

      2. Государственная стипендия в области культуры (далее – государственная стипендия) присуждается в целях государственной поддержки творческих работников и работников культуры, удостоенных почетных званий и государственных наград Республики Казахстан, а также особо одаренных молодых творческих работников.

Глава 2. Порядок присуждения государственной стипендии в области культуры

      3. Государственная стипендия присуждается ежегодно Президентом Республики Казахстан по представлению Правительства Республики Казахстан на основании решения постоянно действующей комиссии (далее – комиссия) по вопросам культуры, созданной при уполномоченном органе в области культуры (далее – уполномоченный орган), в соответствии с подпунктом 21) статьи 7 Закона.

      4. На соискание государственной стипендии претендуют граждане Республики Казахстан:

      1) имеющие государственные награды Республики Казахстан, почетные звания народного писателя, народного артиста, народного художника, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (Заслуженный деятель Казахстана) или являющиеся лауреатами государственной премии в области литературы и искусства, международных и республиканских конкурсов, фестивалей и выставок;

      2) обладающие творческим потенциалом для развития казахстанской культуры.

      5. Объявление о приеме документов на соискание государственной стипендии размещается комиссией на интернет-ресурсе уполномоченного органа не позднее, чем за два месяца до начала срока приема документов.

      6. Творческие союзы и организации культуры направляют в уполномоченный орган в срок до первого августа текущего года в бумажном или электронном виде следующие документы:

      1) ходатайство на соискателя государственной стипендии;

      2) творческую характеристику на соискателя государственной стипендии.

      Уполномоченный орган в однодневный срок принимает и регистрирует поступившие документы на соискателя государственной стипендии и представляет на рассмотрение комиссии.

      7. Заседание комиссии проводится не позднее двадцатого августа текущего года.

      8. Решение комиссии об утверждении кандидатуры на присуждение государственной стипендии принимается на заседании комиссии открытым голосованием простым большинством голосов. В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      Заседание комиссии считается правомочным, если на нем присутствует более двух третей членов комиссии.

      9. Решение комиссии оформляется протоколом (далее – протокол) и подписывается присутствующими членами комиссии.

      10. Уполномоченный орган вносит в Правительство Республики Казахстан проект акта Президента Республики Казахстан о присуждении государственной стипендии на соответствующий год с приложением копии протокола не позднее двадцатого сентября текущего года.