БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аудиторлардың біліктілігін арттыру Қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысанын бекіту туралы" 2021 жылғы 1 маусымдағы № 514 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22921 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидалары, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі және нысанда:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аудиторлар 3 (үш) жыл ішінде 120 (жүз жиырма) сағат оқыту мөлшерінде, бірақ жылына 20 (жиырма) сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бұл кезең "аудитор" біліктілік куәлігін алған жылдан кейінгі жылдан басталады. Экономикалық, қаржылық, бақылау-тексеру немесе құқық салаларындағы немесе жоғары оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық қызмет саласындағы аудитордың жұмыс өтіліндегі үзіліс, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс үш жылдық кезеңге енгізілмейді.
3. Аудиторлардың біліктілігін үнемі арттырудың мақсаты аудиторлардың кәсіби білімдері мен дағдыларын тереңдету, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ аудит бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.
4. Міндетті оқу сағаттары бойынша біліктілікті арттыру курстары кәсіби ұйымда немесе ол айқындаған аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдарда өтеді және қалған қосымша сағаттар осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен өтеді.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Біліктілікті арттыру курстарының қосымша сағаттары аудиторлардың кәсіби дағдыларын неғұрлым тереңдетіп дамыту мақсатында өткізіледі.
8. Қосымша сағаттар бойынша есепке алуға кәсіби ұйымда немесе аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді көрсететін кәсіби ұйымдар айқындаған ұйымдарда біліктілікті арттыру курстарынан өту, сондай-ақ кәсіби салаларда: ғылыми жұмыстарды, мақалаларды, баяндамаларды, кітаптарды қорғау және (немесе) жазу немесе жариялау, конференцияларда, форумдарда, брифингтерде, тренингтерде, семинарларда және іс-шараларда сөз сөйлеу, арнайы жұмыс топтарында, оқытушылық және зерттеу саласындағы қызметке қатысу және онда жұмыс істеу қабылданады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кәсіби ұйым біліктілікті арттырудан өткен аудиторлардың тізімін жүргізеді, аудиторлардың біліктілікті арттырудан өтуіне қатысты мониторингті жүзеге асырады. Мониторингтің мақсаты аудитордың біліктілікті арттыру курстарынан уақытылы және/немесе жеткіліксіз өту (сағат саны бойынша) фактілерін анықтау болып табылады.
Кәсіби ұйым кәсіби даму қажеттілігін айқындайды, өзінің интернет-ресурсында аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді көрсету үшін өзі айқындаған ұйымдардың тізімдерін және өз мүшелерінің тізімдерін (олардың келісімімен) жариялайды, сондай-ақ аудиторлардың біліктілігін олардың мүшелігін жалғастырудың міндетті шарты ретінде тұрақты арттыру талабын белгілейді.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Кәсіби ұйым және (немесе) аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді көрсететін өзі айқындаған ұйымдар:
1) аудиторларды осы Қағидалардың 6 және 8 тармақтарына сәйкес оқытады;
2) тыңдаушыларды тиісті оқу материалдарымен қамтамасыз етеді;
3) заманауи оқу-материалдық базасын құрады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын онлайн режимінде өткізуге жол беріледі. Аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын онлайн режимінде өткізу кезінде кәсіби ұйымның және (немесе) аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді көрсететін өзі айқындаған ұйымдардың онлайн режимде курстар өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін меншікті және (немесе) жалға алынған қашықтықтан веб-порталы (платформасы) болады.
Аудитор онлайн режимінде біліктілікті арттырудан өту кезінде төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келеді:
1) компьютердің немесе ноутбуктың болуы, сондай-ақ 70кбт/с кем емес жүріп өту мүмкіндігі бар интернетке қосылу мүмкіндігі;
2) жеке басын сәйкестендіру үшін камера қосылымын қамтамасыз ету.";
15-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген Қағидалардың қосымшасы осы бұйрықтын қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат
__________________________________________________________________берілді
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
ол 20____ жылғы "___" ____________ бастап "___" ___________ қоса алғанда
____________________________________________________________________
(кәсіби ұйымның және (немесе) аудиторлардың біліктілігін арттыру
жөніндегі қызметтерді көрсету үшін өзі айқындаған ұйымның атауы)
жалпы көлемі ___________________________________________________ сағат
_______________________________________________________________курсы
бойынша біліктілігін арттырудан өтті
__________________________________________________________________________
(Кәсіби ұйым және (немесе) аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді
көрсету үшін өзі айқындаған ұйым басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), қолы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Берілген күні 20___ жылғы "___" ____________