ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазыкбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Аппараты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 29 тамыздағы № 176 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидалары
1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 15-1) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді және мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттарын, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарын, азаматтық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жалпы штат саны 70 бірліктен кем орталық мемлекеттік органдарын, сондай-ақ аудан, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің аппаратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органға есеп беретін және бақылауындағы аудандық, облыстық маңызы бар қаланың атқарушы органын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын қоспағанда, мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар), осы Қағидалардың негізінде осы мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындайды.
3. Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің сұрауы бойынша жылына бір реттен артық емес тиісті мемлекеттік органдардың құрылымдары мен штат кестелерін, сондай-ақ олардың қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын олардың осы Қағидаларға сәйкестігіне мониторинг жүргізу үшін, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) арқылы ұсынады. Мониторинг қорытындысы бойынша немесе тексеру іс-шаралары барысында мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізілуі мүмкін.
4. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау үшін басшы лауазымдардың шекті саны есептеледі.
5. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілері басшы лауазымдардың тізбесі Қағидаларға қосымшада көрсетілген.
6. Басшы лауазымдардың шекті саны келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда:
– басшы лауазымдардың шекті саны;
– мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жалпы штат саны;
k – мәні мыналарға тең болатын коэффициент:
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жалпы штат саны 500 бірліктен асатын орталық мемлекеттік орган, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган үшін, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы аппараты, облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат аппараты, облыстық маңызы бар қаланың және аудан мәслихатының аппараттары үшін – 0,3;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жалпы штат саны 500 бірліктен аспайтын орталық мемлекеттік орган, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы органдар үшін – 0,35.
7. Басшы лауазымдардың шекті саны орталық мемлекеттік органның, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органның – облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарды, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттарын (хатшылықтарын) ескере отырып мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жалпы санына қатысты есептеледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларына қосымша |
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілері басшы лауазымдардың тізбесі
Санат | Лауазым |
"А" корпусы | |
1-санат |
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары |
2-санат | Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары |
"Б" корпусы | |
В санаттарының тобы | |
В-1 | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасарлары |
Құрылымдық бөлімшенің басшысы | |
В-2 | Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары |
В-3 |
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің сектор меңгерушісі |
В-4 | Сектор меңгерушісі |
С санаттарының тобы | |
С-1 | Орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары |
Департамент директоры | |
Сенімді уәкіл | |
Халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдің орынбасары | |
Бас консул | |
Шетелдегі мекеменің кеңесшісі – уәкілі | |
Баспасөз хатшысы | |
С-2 | Департамент директорының орынбасары |
С-3 | Басқарма басшысы |
Басқарма басшысының орынбасары | |
Консул – консулдықтың басшысы | |
С-О-1 | Басшы |
Кеден басшысы | |
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі | |
С-О-2 | Басшының орынбасары |
Кеден басшысының орынбасары | |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі | |
С-О-3 | Басқарма басшысы |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы | |
Кеден бекетінің басшысы | |
Аумақтық бөлімнің басшысы – аға сот орындаушысы | |
С-О-4 | Бөлім басшысы |
Кеден бекеті басшысының орынбасары | |
C-R-1 | Аудандық аумақтық басқарманың басшысы |
Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісінің басшысы | |
C-R-2 | Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары |
Аудандық және оған теңестірілген сот әкімшісі басшысының орынбасары | |
C-R-3 | Аудандық аумақтық басқарманың бөлім басшысы |
D санаттарының тобы | |
D-1 | Мәслихат аппаратының басшысы |
Тексеру комиссиясының төрағасы | |
D-2 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары аппаратының басшысы |
Әкім аппараты басшысының орынбасары | |
Мәслихат аппараты басшысының орынбасары | |
Тексеру комиссиясының мүшесі | |
D-3 | Құрылымдық бөлімшенің басшысы |
D-О-1 | Басшы |
D-O-2 | Басшы орынбасары |
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі | |
D-O-3 | Бөлім басшысы |