"Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 тамызда № 33344 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10871 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 29 тамыздағы
№ 320 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 255 бұйрығымен
бекітілген

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру тәртібін айқындайды.

      2. Халқының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары немесе бас жоспарлары және халқының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе оларды алмастыратын саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамыту және салу схемасы), сондай-ақ инженерлік желілер болмаған кезде, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге жол берілмейді.

      Тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елдi мекендердiң егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары немесе бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе оларды алмастыратын тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамыту және құрылыс салу схемасы) жоқ кент, ауыл шегінде жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беруге жол берілмейді.

      3. Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) сату үшін ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілген жер учаскелерін қоспағанда, жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесі Қазақстан Республикасының азаматтарына 0,10 гектар мөлшерінде жеке меншікке тегін беріледі.

      Кодекстің 94-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, көрсетілген мақсат үшін жер учаскелерін қайтадан тегін беруге жол берілмейді.

      4. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Игеру кезеңіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Кодекстің 92-бабына сәйкес осындай жер учаскелерін игеру шарттары мен мерзімдері белгілене отырып, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жүргізіледі.

      Ауылдық елді мекендердің аумағында бос жер болған жағдайда жеке тұрғын үй құрылысы үшін және өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері осы аталған мақсаттар үшін көзделген жер учаскелерінің нормалары шегінде біртұтас алап болып беріледі.

2-тарау. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқықтар беру тәртібі

      5. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 301 бұйрық) бекітілген "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды тапсырады.

      Жеке тұрғын үй құрылысы үшін республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қала шегіндегі жерлерден жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары № 301 бұйрықпен бекітілген "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегіндегі жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттар тапсырады.

      6. Сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге жол беріледі.

      Орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі.

      Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдарды дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады.

      7. Арнайы есепке алуды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – ЖАО) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектілік тізімін (бұдан әрі – кезекте тұрғандардың тізімі) электрондық форматта жүргізу арқылы жүзеге асырады.

      Кезекте тұрғандардың тізімі ЖАО-ның автоматтандырылған жұмыс орнында оның деректерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) интеграциялау жолымен азаматтардың өтініштерінің (өтінішхаттарының) арнайы есепке қойылуына қарай қалыптастырылады.

      8. ЖАО "Қайтыс болған", "Тұрақты тұруға кеткен" мәртебелері бар кезекте тұрғандарды айқындау үшін интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы "электрондық үкіметтің" шлюзі/электрондық үкіметтің сыртқы шлюзі арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына сұраным жібереді.

      Бұл ретте, "Қайтыс болған", "Тұрақты тұруға кеткен" бар кезекте тұрғандар автоматты түрде кезекте тұрғандар тізімінен шығарылады. Осы кезекте тұрған адамның реттік нөмірі одан кейін тұрған жеке тұлғаға автоматты түрде беріледі, сондай-ақ келесі кезекте тұрғандардың реттік нөмірі осыған ұқсас өзгереді.

      9. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алған азаматтар, сондай-ақ ұсынылған жер учаскесінен жазбаша не электронды түрде бас тартқан азаматтар кезекте тұрғандар тізімінен шығарылады, ал ЖМБМК АЖ-да кезектіліктің реттік нөмірі автоматты түрде ауыстырылады.

      10. Азаматтарды кезекте тұрғандар тізіміне қалпына келтіруді ЖАО жеткілікті негіздер болған кезде және осы фактіні құжаттамалық растау (жер учаскесін алуға кезекке қою туралы хабарлама, сот шешімі) мүмкіндігі болған кезде ғана жүргізеді.

      Сот шешімі негізінде кезекте тұрғандар тізімінде азаматты қалпына келтіру туралы жазба ЖМБМК АЖ-да (/С) белгісі арқылы жүргізіледі.

      Жер учаскесін алуға кезекке қою туралы хабарламаның негізінде азаматты кезекте тұрғандар тізімінде қалпына келтіру туралы жазба азамат өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖМБМК АЖ-да (/А) белгісі арқылы жүргізіледі.

      Азаматты кезекте тұрғандар тізімінде қалпына келтіру үшін азамат растайтын құжаттарды (жер учаскесін алуға кезекке қою туралы хабарлама, сот шешімі) қоса бере отырып, еркін нысанда ЖАО-ға өтінішпен жүгінеді.

      11. ЖАО беруге арналған алаңдарды дайындау туралы және кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды арнайы ақпараттық стенділерге орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде тоқсанына кемінде бір рет жариялау жолымен қамтамасыз етеді.

      12. Жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттарды алғаннан кейін өтініш беруші "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20610 болып тіркелген) сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге өтініш береді.

      Жергілікті жерде жер учаскесінің шекаралары белгіленгеннен кейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы № 301 бұйрықпен бекітілген "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес электрондық форматтағы өтініш негізінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындауды және беруді жүзеге асырады.

      13. Бұрын уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

      14. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің тұрғын үйге қызмет көрсету үшін жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі сәйкестендіру құжатын әзірлеуге және беруге негіз болып табылатын салынған жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісі негізінде қабылданады.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 255 "Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 августа 2023 года № 320. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 августа 2023 года № 33344

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 255 "Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10871) следующее изменение:

      Правила предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
Е. Карашукеев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 29 августа 2023 года № 320
  Утверждены приказом
исполняющего обязанности
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 27 марта 2015 года № 255

Правила предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 16-5) пункта 1 статьи 14 Земельного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство гражданам Республики Казахстан.

      2. Не допускается предоставление земельных участков для индивидуального жилищного строительства в черте города республиканского значения, столицы, городов областного и районного значения без наличия проектов детальной планировки или генеральных планов населенных пунктов с расчетной численностью населения свыше двадцати тысяч человек и генеральных планов, совмещенных с проектом детальной планировки, с численностью населения до двадцати тысяч человек (или их заменяющей схемы развития и застройки населенных пунктов с численностью до пяти тысяч человек), а также при отсутствии инженерных сетей.

      Не допускается предоставление земельных участков для индивидуального жилищного строительства в черте поселка, села без наличия проектов детальной планировки или генеральных планов населенных пунктов с расчетной численностью населения свыше двадцати тысяч человек и генеральных планов, совмещенных с проектом детальной планировки, с численностью населения до двадцати тысяч человек (или их заменяющей схемы развития и застройки населенных пунктов с численностью до пяти тысяч человек).

      3. Земельные участки, за исключением включенных в перечень земельных участков, предлагаемых для продажи на торгах (аукционах) в соответствии с пунктом 1 статьи 48 Кодекса, под индивидуальное жилищное строительство предоставляются гражданам Республики Казахстан бесплатно в частную собственность в размере 0,10 гектара.

      Повторное бесплатное предоставление земельных участков для указанной цели не допускается, за исключением случая, указанного в пункте 4 статьи 94 Кодекса.

      4. Предоставление земельных участков бесплатно в частную собственность для индивидуального жилищного строительства производится после освоения земельных участков. Предоставление земельных участков для индивидуального жилищного строительства на период освоения производится на праве временного возмездного землепользования (аренды) с установлением условий и сроков освоения таких земельных участков в соответствии со статьей 92 Кодекса.

      При наличии свободных земель на территории сельских населенных пунктов земельные участки для индивидуального жилищного строительства предоставляются единым массивом в пределах норм земельных участков, предусмотренных для индивидуального жилищного строительства.

Глава 2. Порядок предоставления прав на земельный участок для индивидуального жилищного строительства

      5. Для получения земельного участка из земель поселка, села для индивидуального жилищного строительства граждане Республики Казахстан подают документы в соответствии с Правилами оказания государственных услуг "Предоставление земельного участка из земель поселка, села", утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 301 "Об утверждении Правил по оказанию государственных услуг в сфере земельных отношений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21366) (далее – приказ № 301).

      Для получения земельного участка из земель в черте города республиканского значения, столицы, города областного и районного значения для индивидуального жилищного строительства граждане Республики Казахстан подают документы в соответствии с Правилами оказания государственных услуг "Приобретение прав на земельный участок в черте города республиканского значения, столицы, городов областного и районного значения", утвержденными приказом № 301.

      6. Предоставление земельных участков для индивидуального жилищного строительства допускается на площадках, обеспеченных сетями водо- и электроснабжения.

      В населенных пунктах, где отсутствует централизованное водоснабжение, предоставление таких земельных участков допускается только при наличии сетей электроснабжения.

      При испрашивании земельных участков для индивидуального жилищного строительства заявления (ходатайства) граждан берутся на специальный учет и удовлетворяются по мере подготовки площадок для отвода либо при наличии свободных территорий, используемых для индивидуального жилищного строительства.

      7. Специальный учет осуществляется путем ведения местными исполнительными органами города республиканского значения, столицы, района, города областного значения, районного значения, акимами поселков, сел, сельских округов (далее – МИО) в электронном формате списка очередности на получение земельного участка для индивидуального жилищного строительства (далее – список очередников).

      Список очередников формируется в автоматизированном рабочем месте МИО путем интеграции его данных в информационную систему единого государственного кадастра недвижимости (далее – ИС ЕГКН) по мере постановки заявлений (ходатайств) граждан на специальный учет.

      8. МИО для определения очередников со статусами "Умерший", "Выехавший на постоянное место жительства" путем интеграционного взаимодействия направляет запрос в государственной базе данных "Физические лица" посредством шлюза "электронного правительства"/внешнего шлюза электронного правительства.

      При этом, очередники со статусами "Умерший", "Выехавший на постоянное место жительства" автоматически исключаются из списка очередников. Порядковый номер данного очередника в ИС ЕГКН автоматически присваивается следующему за ним физическому лицу, также по аналогии меняется порядковый номер у следующих очередников.

      9. Граждане, получившие земельные участки для индивидуального жилищного строительства, а также граждане, в письменной либо электронной форме отказавшиеся от предложенного земельного участка исключаются из списка очередников, а в ИС ЕГКН автоматически сменяется порядковый номер очередности.

      10. Восстановление граждан в списке очередников производится МИО при наличии достаточных оснований и только при возможности документального подтверждения этого факта (уведомление о постановке на очередь на получение земельного участка, решение суда).

      Запись о восстановлении гражданина в списке очередников на основании решения суда производится в ИС ЕГКН через знак (/С).

      Запись о восстановлении гражданина в списке очередников на основании уведомления о постановке на очередь на получение земельного участка производится в ИС ЕГКН через знак (/А) в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня обращения гражданина.

      Для восстановления гражданина в списке очередников гражданин обращается в МИО с заявлением в произвольной форме с приложением подтверждающих документов (уведомление о постановке на очередь на получение земельного участка, решение суда).

      11. МИО обеспечивает доступность информации о подготовке площадок для отвода и о списках очередности посредством их размещения на специальных информационных стендах и (или) путем опубликования в средствах массовой информации на казахском и русском языках не реже одного раза в квартал.

      12. После получения документов, подтверждающих право на земельный участок, заявитель подает заявление на государственную регистрацию прав на недвижимое имущество в соответствии с приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 4 мая 2020 года № 27 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Государственная регистрация прав (обременений прав) на недвижимое имущество" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20610).

      После установления границ земельного участка на местности осуществляется изготовление и выдача идентификационного документа на земельный участок Государственной корпорацией "Правительство для граждан" на основании заявления в электронном формате в соответствии с Правилами оказания государственных услуг "Изготовление и выдача идентификационного документа на земельный участок", утвержденными приказом № 301.

      13. Для приобретения в частную собственность земельного участка, который ранее был предоставлен для индивидуального жилищного строительства на праве временного возмездного землепользования (аренды), граждане Республики Казахстан подают заявление по месту нахождения земельного участка в местный исполнительный орган.

      14. Решение местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы, района, города областного значения, акима города районного значения, поселка, села, сельского округа о предоставлении права частной собственности на земельный участок для обслуживания жилого дома принимается на основании акта приемки в эксплуатацию построенного индивидуального жилого дома, который является основанием для изготовления и выдачи идентификационного документа.