Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 235-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 275 бұйрығымен бекітілген |
Он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі - Ереже) 15-тармағының 235-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін "Ел үміті медалі" ерекшелік белгісімен наградтау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Ел үміті медалі" – осы Қағидаларда көзделген қағидаларды табысты орындауда жеңімпаздарға патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін берілетін ерекшелік белгісі;
2) әкімші – он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін "Ел үміті медалі" ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін Ереженің 15-тармағы 235-14) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым;
3) бағдарлама – он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін іріктеу және ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шаралар;
4) тәлімгерлер – бағдарлама қатысушыларына әдістемелік және консультациялық қолдау көрсететін әкімшінің қызметкерлері.
5) қатысушылар - он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастар.
3. "Ел үміті" медалінің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі болып табылады.
2-тарау. Қатысушыларды наградтау тәртібі
4. Осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес келетін патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін "Ел үміті медалімен" наградтауға он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастар ұсынылады.
5. Әкімші патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін "Ел үміті медалімен" марапаттау үшін он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастардың қызметін іріктеу және ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
6. Бағдарламаға қатысу қызметтің мынадай бағыттарын қамтиды:
1) "Спорт және физикалық даму" – әртүрлі спорт түрлерімен секцияларда және/немесе білім беру ұйымдарында, сондай-ақ өз бетінше шұғылдану;
2) "Meta-Skills: дағдылар мен біліктер" – әлеуметтік және практикалық дағдыларды дамытуға, жеке шығармашылық қабілеттер мен таланттарды ашуға бағытталған сабақтар;
3) "Оқуға құштар ұлт" – Қазақстанда балалардың шығармашылық дамуы мен оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін белсенді орта құру болып табылады;
4) "Ұлттық мұра" – ұлттық спорт түрлерімен айналысу, ұлттық мәдениеттегі, сәндік-қолданбалы өнердегі таланттар мен дағдыларды дамыту не "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен бір кітапты қосымша оқу. Қатысушы осы бағытты алғашқы үш бағыттың бірімен үйлестіре алады;
5) "Волонтерлік" – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделері үшін өтеусіз негізде жүзеге асырылатын ерікті әлеуметтік-бағытталған, қоғамдық пайдалы қызмет;
6) "Туристік жорықтар" – туған өлкенің тарихы мен табиғатын зерттеу, өлкетану, сондай-ақ экологиялық жағдайды және табиғатты қорғау дағдыларын көрсету;
7) "Таланттар мен құзыреттер" – республика балалары мен жастарының әлеуетті мүмкіндіктерін, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған олимпиадаларға, конкурстарға, турнирлерге, конференцияларға, форумдарға және басқа да іс-шараларға қатысу.
8. Жеңімпаздар "Ел үміті медалі" белгісінің үш түрімен марапатталады: қола, күміс және алтын.
9. "Ел үміті медалі" қола белгісімен алты ай ішінде келесі бағыттарды орындаған қатысушылар марапатталады:
1) "Спорт және физикалық даму", "Meta-Skills: дағдылар мен біліктер", "Ұлттық мұра" – алты ай бойы аптасына кемінде бір сағат айналысу;
2) "Оқуға құштар ұлт" – барлық үш бөлімнен кемінде үш кітап, оның ішінде "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен бір кітап оқу;
3) "Волонтерлік" – алты ай бойы аптасына кемінде екі сағат волонтерлікпен айналысу;
4) "Туристік жорықтар" - алты ай бойы кемінде алты экскурсияға шығу;
5) "Таланттар мен құзыреттер" - республиканың балалары мен жастарының әлеуетті мүмкіндіктерін, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған олимпиадаларға, конкурстарға, турнирлерге, конференцияларға, форумдарға алты ай бойы айына кемінде бір рет қатысу.
10. "Ел үміті медалі" күміс белгісімен он екі ай ішінде келесі бағыттарды орындаған қатысушылар марапатталады:
1) "Спорт және физикалық даму", "Meta-Skills: дағдылар мен біліктер", және "Ұлттық мұра" – он екі ай бойы аптасына кемінде бір сағат айналысу;
2) "Волонтерлік" – он екі ай бойы аптасына кемінде екі сағат еріктілікпен айналысу;
3) "Оқуға құштар ұлт" – барлық үш бөлімнен кемінде алты кітап, оның ішінде "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен екі кітап оқу;
4) "Туристік жорықтар" – он екі ай бойы кемінде үш экскурсияға шығу;
5) "Таланттар мен құзыреттер" - республиканың балалары мен жастарының әлеуетті мүмкіндіктерін, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған олимпиадаларға, конкурстарға, турнирлерге, конференцияларға, форумдарға он екі ай бойына кемінде бір рет қатысу.
11. "Ел үміті медалімен" алтын белгісімен он сегіз ай ішінде келесі бағыттарды орындаған қатысушылар марапатталады:
1) "Meta-Skills: дағдылар мен біліктер", "Спорт және физикалық даму" және "Таланттар мен құзыреттер" – бір бағыт бойынша алты ай және қатысушының таңдауы бойынша басқа бағыт бойынша тоғыз ай бойы аптасына кемінде бір сағат айналысу;
2) "Волонтерлік" – он сегіз ай бойы аптасына кемінде бір сағат айналысу;
3) "Оқуға құштар ұлт" – барлық үш бөлімнен кемінде тоғыз кітап, оның ішінде "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен үш кітап оқу;
4) "Туристік жорықтар" - он сегіз ай бойы төрт күндік экскурсияларға шығу;
5) "Таланттар мен құзыреттер" республиканың балалары мен жастарының әлеуетті мүмкіндіктерін, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған олимпиадаларға, конкурстарға, турнирлерге, конференцияларға, форумдарға он сегіз ай бойы айына кемінде бір рет қатысу.
12. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер жылына екі рет (қаңтар, маусым) әкімші айқындаған интернет-ресурста тіркеледі және қатысуға өтінімді өз қалауы бойынша тиісті деңгейде орналастырады. Өтінім осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес келмеген кезде қабылданбайды.
13. Өтінім тіркелгеннен кейін қатысушыға тұрғылықты өңіріне не оқу орнына сәйкес тәлімгер, сондай-ақ таңдалған деңгейге сәйкес қатысу нормативтері мен жеке кестесі ұсынылады. Жеке кестеге сәйкес тәлімгер қатысушымен бағыттарды орындау бойынша нұсқама жүргізеді, сондай-ақ консультативтік және әдістемелік қолдау көрсетеді.
14. Бағыттарды орындау нәтижелері бойынша қатысушы журналға (күнделікке) мынадай ақпарат енгізеді:
1) спорт, шығармашылық қызмет, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерімен айналысу, ұлттық мәдениеттегі, сәндік-қолданбалы өнердегі таланттар мен дағдыларды дамыту туралы-тәлімгер растаған есептер (бес баспа парағынан аспайтын) және жеке кестеге сәйкес прогресс туралы белгілер;
2) кітаптарды оқу туралы - жеке графикке сәйкес белгілі бір кезеңде оқылған мазмұнға өзінің көзқарасын баяндай отырып, тәлімгер растаған қысқаша эссе (бес баспа парағынан аспайтын) не бейнеролик (үш минуттан аспайтын);
3) волонтерлік қызмет және экскурсияларға қатысу туралы – тәлімгер растаған қысқаша есеп (бес баспа парақтан аспайтын), оның ішінде науқанның атауы және нәтижелері, фото (кемінде бес) не бейнеролик (үш минуттан аспайтын) қоса беріле отырып.
15. Қатысушының таңдалған деңгейден өтуі журналды (күнделікті) жеке графикке сәйкес толтыру және тәлімгердің барлық бағыттар бойынша растауы кезінде аяқталған болып саналады.
Тәлімгердің "Спорт және физикалық даму", "Таланттар мен дағдылар", "Ұлттық мұра" бағыттары бойынша бағалауына қатысушының қол жеткізген нәтижесі көрсетіліп, қысқаша бейнеролик (бес минуттан аспайтын) қоса беріледі.
16. Бағдарламаның қорытындысын шығару үшін әкімші кемінде жеті мүшеден тұратын наградтау жөніндегі комиссия құрады. Наградтау жөніндегі комиссияның құрамына білім беру саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, әкімшінің өкілдері, сондай-ақ жұртшылықтың өкілдері енгізіледі
17. Наградтау жөніндегі комиссия:
1) наградтауға үміткерлердің құжаттарын қарайды;
2) наградтауға үміткерлердің нәтижелерін бағалайды;
3) үміткерлерді "Ел үміті медалімен" марапаттау туралы шешім қабылдайды.
18. Наградтау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
Қатысушы қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған жағдайда наградтау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Наградтау жөніндегі комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді
19. Наградтау жөніндегі комиссияның шешімі және "Ел үміті медалімен" наградтауға ұсынылған тізімдер шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде әкімшінің және білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады.
20. "Ел үміті медалімен" бірдей атақпен қайта наградтауға жол берілмейді.