БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18006 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларында:
5 және 6 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ұлттық жоспарды қалыптастыру рәсімдері техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде және (немесе) электрондық-цифрлық нысанда ұсыныстарды жинау және талдау, ұлттық жоспардың жобасын әзірлеу және келісу арқылы жүзеге асырылады және ҚР СТ 1.7 "Ұлттық стандарттау жоспары Әзірлеу, келісу, бекіту, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі" (бұдан әрі – ҚР СТ 1.7).
6. Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде оған техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберілген ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ұсыныстары бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.";
8 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұлттық жоспарға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды (бұдан әрі – стандарттау жөніндегі құжаттар), бюджет қаражаты және қаржыландырудың өзге де көздері есебінен әзірленетін негіз қалаушы стандарттарға сәйкес өткен жылдың ұлттық жоспарынан ауысатын мемлекетаралық стандарттардың екінші кезеңін әзірлеу жөніндегі мәліметтер кіреді.";
11 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұлттық жоспарға енгізу үшін өтінімдерді электрондық құжат немесе электрондық құжаттың (бұдан әрі – өтінім) көшірмесі түрінде жібереді.
Өтінімге ҚР СТ 1.7 сәйкес ресімделген түсіндірме жазба ұсынылады:
1) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі мен орындылығы туралы, оның ішінде стандарттау жөніндегі ұқсас құжаттар қолданылған кезде мәліметтер;
2) стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуге мүдделі ұйымдардың атаулары;
3) стандарттау объектісі және оның сипаттамалары туралы мәліметтер;
4) негізгі нормативтік база (бастапқы дереккөз) туралы мәліметтер;
5) жүргізілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және алынған нәтижелер туралы мәліметтер (олар болған кезде);
6) осы стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі құжаттарды қайта қараудың не жоюдың болмауы немесе қажеттігі туралы ақпарат.";
17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Ұлттық орган ҚР СТ 1.7 сәйкес келіп түскен өтінімдерге талдау жүргізеді және ұлттық жоспардың жобасын қалыптастырады.
18. Ұлттық жоспардың жобасын ұлттық орган осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.
Ұлттық жоспар жобасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші бойынша код;
2) стандарттау жөніндегі құжат жобасының атауы;
3) әзірлеу негізі;
4) негізгі нормативтік база;
5) жұмыстарды орындау мерзімдері (әзірлеуді бастау және жобаның түпкілікті редакциясын уәкілетті органға бекітуге ұсыну);
6) қаржыландыру көзі;
7) өтінім берген ұйымның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
8) стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуге мүдделі ұйымдардың атаулары.
19. Ұлттық жоспардың жобасы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей ұлттық стандарттау жүйесінің барлық мүдделі субъектілерінің қарауы үшін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде немесе ұлттық органның интернет - ресурсында күнтізбелік алпыс күнге орналастырылады.
20. Ұлттық орган ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілерін ұлттық жоспар жобасының орналастырылуы туралы техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде және (немесе) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді.
21. Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері ескертулер мен ұсыныстар бергеннен кейін ұлттық орган пікірлер жинағын қалыптастырады және ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырады. Ұлттық орган 19-тармақта көрсетілген күнтізбелік 60 күн ішінде ұлттық жоспардың жобасын жария талқылауды және оған шолулардың қысқаша мазмұнын жүргізеді.
22. Жария талқылау қорытындысы бойынша ұлттық орган мемлекеттік органдар өкілдерінің және ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің қатысуымен ұлттық жоспар жобасын түпкілікті қарауды жүргізеді.
23. Ұлттық орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы уәкілетті органға ұлттық жоспар жобасының түпкілікті редакциясын жібереді.
24. Ұлттық жоспардың жобасына ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілерінен келіп түскен түсіндірме жазба және ұлттық жоспарға ұсынылған ұсыныс-өтінімдер қоса беріледі. Түсіндірме жазбада келіп түскен ұсыныстардың саны, оның ішінде қабылданбау себептерін көрсете отырып, ұсынылған және қабылданбаған ұсыныстардың саны, жоспарланған жұмыстардың түрлері туралы ақпарат қамтылады.
25. Ұлттық жоспар уәкілетті органның бұйрығымен жоспарланатын жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей бекітіледі және техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде немесе ұлттық органның интернет - ресурсында жарияланады.
26. Ұлттық жоспарға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ұлттық орган ҚР СТ 1.7 сәйкес ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ұсыныстары негізінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің қажеттілігі мен орындылығын көрсете отырып қалыптастырады және уәкілетті орган бекітеді.
Ұлттық жоспарға өзгерістер стандарттау жөніндегі құжаттардың атауы, әзірлеу үшін негіздер және негізгі нормативтік база, сондай-ақ стандарттау жөніндегі құжаттарды Ұлттық жоспардан алып тастау жөніндегі мәліметтер бөлігінде енгізіледі.
Ұлттық жоспарға толықтырулар стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу туралы жаңа мәліметтерді енгізуді көздейді. Стандарттарды әзірлеу жөніндегі қосымша енгізілген тақырыптар Үкіметтің тапсырмасы бойынша Жоспардың жобасына енгізілетін стандарттарды әзірлеу жөніндегі тақырыптарды қоспағанда, салалық мемлекеттік органмен және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитетпен (мемлекетаралық стандарттар үшін) келісілуі тиіс.";
Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрі 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 351-НҚ Бұйрығына қосымша |
|
Ұлттық стандарттау жоспарын әзірлеу қағидаларына 1-қосымша |
|
Жоспар нысаны |
20__ жылға арналған ұлттық стандарттау жоспары
№р/с | СМЖ коды (СЖ (ИСО/ ИНФО СМЖ) 001 – 96 бойынша) | Стандарттау жөніндегі құжат жобасының атауы | Әзірлеу негізі | Негізгі нормативтік база | Жұмыстарды орындау мерзімдері | Қаржыландыру көзі | Өтінім берген ұйымның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеуге мүдделі ұйымдардың атаулары | |
әзірлеудің басталуы | уәкілетті органға бекітуге түпкілікті редакцияны ұсыну | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 бөлім. Республикалық бюджет қаражаты есебінен әзірленетін стандарттар | |||||||||
1.1 Негізгі ұлттық және мемлекетаралық стандарттар | |||||||||
1.2 Техникалық регламенттердің тізбелеріне өзара байланысты ретінде енгізілетін ұлттық және мемлекетаралық стандарттар | |||||||||
1.3 Экономика секторларындағы ұлттық және мемлекетаралық стандарттар | |||||||||
1.4 Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіштері | |||||||||
2 бөлім. Өзге қаржыландыру көздері есебінен бастамашылық тәртіппен әзірленетін стандарттау жөніндегі құжаттар (ұлттық және мемлекетаралық стандарттар, Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ұсынымдар) | |||||||||