"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) I-б, ІІ санаттағы Астана – Петропавл, Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Көкшетау – Петропавл 304+000 километр (бұдан әрі – км) – 473+000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: "Щучинск - Бурабай - Щорса-Ильичевка" аудандық маңызы бар автомобиль жолының "Щорса – Ильичевка" учаскесі, "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға қарай)" республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Ильичевка – Чкалово" учаскесі, "Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово" облыстық маңызы бар автомобиль жолының "Чкалово – Тайынша" учаскесі, "Астрахан-Смирново-Қиялы-Тайынша" облыстық маңызы бар автомобиль жолының "Тайынша – Қиялы – Смирново" учаскесі, "Смирново – Трудовое – Тоқшын" облыстық маңызы бар автомобиль жолы, "Ресей Федерациясының шекарасы (Челябинскіге) - Ресей Федерациясының шекарасы (Новосибирскіге), Петропавл, Омбы арқылы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Тоқшын – Петропавл" учаскесі;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –304+000 км, ақылы жолдың (учаскесінің) соңғы пункті – 473+000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – I-б, ІI санатты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 2 және 1 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 169 км;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 8 Бұйрығына 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Зеренді ауданы | |
329 км | Алексеевка ауылы |
Тайынша ауданы | |
347 км | Обуховка ауылы |
357 км | Драгомировка ауылы |
359 км | Иван-город ауылы |
365 км | Богатыровка ауылы |
367 км | Келеровка ауылы |
369 км | Розовка ауылы |
373 км | Кременчуг ауылы |
376 км | Липовка ауылы |
381 км | Нагорное ауылы |
381 км | Красная поляна ауылы |
389 км | Сарыбай ауылы |
393 км | Қиялы ауылы |
Аққайын ауданы | |
417 км | Рублевка ауылы |
425 км | Арал-Ағаш ауылы |
442 км | Ленское ауылы |
443 км | Смирново ауылы |
Қызылжар ауданы | |
459 км | Чапаево ауылы |
463 км | Трудовая нива ауылы |
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 8 бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 09.01.2025 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
I-б, ІІ санатты Астана – Петропавл, Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Көкшетау – Петропавл 304+000 километр (бұдан әрі-км) – 473+000 км учаскесі:
айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)
№ Р/с | Аймақтар | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар | |||||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | 304 – 314 км (10 км) | 0,0186 | 0,0159 | 0,0377 | 0,0321 | 0,0564 | 0,0479 | 0,0753 | 0,0641 | 0,0941 | 0,0800 |
2 | 314 – 354 км (40 км) | 0,0744 | 0,0635 | 0,1507 | 0,1282 | 0,2257 | 0,1917 | 0,3013 | 0,2564 | 0,3763 | 0,3199 |
3 | 354 – 367 км (13 км) | 0,0242 | 0,0206 | 0,0490 | 0,0417 | 0,0733 | 0,0623 | 0,0979 | 0,0833 | 0,1223 | 0,1040 |
4 | 367 – 450 км (83 км) | 0,1543 | 0,1317 | 0,3126 | 0,2660 | 0,4682 | 0,3977 | 0,6252 | 0,5321 | 0,7809 | 0,6638 |
5 | 450 – 473 км (23 км) | 0,0428 | 0,0365 | 0,0866 | 0,0737 | 0,1298 | 0,1102 | 0,1733 | 0,1474 | 0,2164 | 0,1839 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (169 км) | 0,3142 | 0,2681 | 0,6365 | 0,5417 | 0,9534 | 0,8099 | 1,2730 | 1,0834 | 1,5899 | 1,3516 |
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 2 АЕК | 3 АЕК | 4 АЕК | 5 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 12 АЕК | 24 АЕК | 36 АЕК | 48 АЕК | 60 АЕК |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 8 Бұйрығына 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Зеренді ауданы | |
1 | Обуховка ауылы |
Тайынша ауданы | |
2 | Иван-город ауылы |
3 | Богатыровка ауылы |
4 | Келеровка ауылы |
5 | Кременчуг ауылы |
6 | Липовка ауылы |
7 | Сарыбай ауылы |
Аққайын ауданы | |
8 | Рублевка ауылы |
9 | Ленское ауылы |
Қызылжар ауданы | |
10 | Чапаево ауылы |
11 | Трудовая ауылы |