БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
И. Оспанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы | |
Өнеркәсіп және құрылыс | |
министрінің міндетін атқарушы | |
2023 жылғы 21 қыркүйектегі | |
№ 10 бұйрығымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14800 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге өтінімді қабылдау және тіркеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4 Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не Еркін қоймалар иелерінің тізілімінен үзінді көшірме немесе еркін қойма иесі үшін еркін қоймалар тізіліміне енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі;
3) іске асырылған жобалар үшін – тіркелген активтердің енгізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
іске асырылатын жобалар үшін-заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған, инвестициялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негіздейтін құжаттардың көшірмелері.
Көлік құралдарын және (немесе) олардың құрауыштарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрауыштарын өндірушілер үшін: нақты тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген құжаттан басқа, қосымша, көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің көшірмесі;
Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың компоненттерін өндірушілер үшін – осы тармақтың бірінші және екінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) куәландырылған жұмыс орындарын, инвестицияларды, тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың компоненттерінің тізбесін, тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың компоненттерінің өндірісі жөніндегі технологиялық операцияларды көрсететін құжаттардың көшірмелері қосымша ұсынылады.".
2) "Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14806 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы арнайы инвестициялық келісімшарттың нысаны Заңды тұлғаға мынандай түрде инвестициялық преференциялар беру болып табылады:
арнайы инвестициялық келісімшарт негізінде арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары әкелген пайдаланылған шикізат және (немесе) материалдар кеден баждарын салудан босату осындай шикізат пен материалдарды алынған өнімде сәйкестендіру және шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалану танылған жағдайда, еркін кеден аймағының немесе еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде жүзеге асырылады;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ немесе еркін қойма аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар импортын, сондай-ақ олардың компонентерін қосылған құн салығынан босату түрінде инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймақ немесе еркін қойма аумағында өндірілген тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың компоненттерін өткізу жөніндегі айналымдарды қосылған құн салығынан босату.".
3) "Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу және бұзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 85 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14801 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидалары мен шарттарында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу үшін өтініш беруші арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органға "Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың келісімшартты жасаудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығының (бұдан әрі – 2017 жылғы 6 ақпандағы №74 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14800 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге өтінім (бұдан әрі-өтінім) береді.";
3-1-тармақ алып тасталсын.