"Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 726 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қазанда № 33555 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 10 қазандағы
№ 726 Бұйрығымен
бекітілген

"Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңға (бұдан әрі –Заң) сәйкес әзірленді және "Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі–мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету) – "Заңды тұлғалар" Мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) өтініштен заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауына өзгертілген мәліметтерді енгізуді арқылы жүзеге асырылады.

      3. Заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауын өзектендіру (түзету) – заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауында қате жіберілген жағдайда жүзеге асырылады.

      4. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) мемлекеттік қызметті коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қатысты көрсетеді.

      5. Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде саяси партиялардың, Республикалық нотариаттық палатаның, Республикалық адвокаттар алқасының, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасының, Қазақстанның Төрелік палатасының, Республикалық Заң консультанттары алқасының, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерінің атауын өзектендіруді (түзетуді) Министрлік жүзеге асырады.

      6. Құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың және олардың филиалдар мен өкілдіктердің, жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, заңды тұлғалардың қорлары мен бірлестіктерінің атауын өзектендіруді (түзетуді) аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.

      7. Коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің атауын өзектендіруді (түзетуді) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары жүзеге асырады.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың қабылданғаны туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген құжатты Мемлекеттік корпорацияның филиалдары немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады.

      10. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы түріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және/немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      11. Осы Қағидалардың 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш келіп түскен кезде заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімнің) басшысы 20 минут ішінде орындаушыны айқындайды және орындауға жібереді.

      Орындаушы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауын түзету туралы мәліметтерді ЗТ МДҚ енгізеді.

      Тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін осы Қағидаларға 3 - қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіру (түзету) туралы хабарлама (бұдан әрі – атауды өзектендіру туралы хабарлама) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына келісуге және қол қоюға жіберіледі.

      Басшылық заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіруге (түзетуге) қол қойғаннан кейін орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған портал арқылы қызметті алушының "жеке кабинетіне" не Мемлекеттік корпорацияға атауды өзектендіру туралы хабарламаны жібереді.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіруден (түзетуден) бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған порталдағы "жеке кабинетке" не Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      14. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) және қызметті алушыны дереу хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор ақпараттық жүйенің істен шығу себептерін айқындау анықтау жөнінде шаралар қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Заңды тұлғалардың, филиалдар
мен өкілдіктердің атауын
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауын өзектендіру (түзету) туралы өтініш

      1. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) БСН

      _________________________________________________________________

      2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауын өзектендіру (түзету) үшін

      негіздеме ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Түзету себебі ______________________________________________________

      (өтініш беруші мәтінмен түзетудің себебін не негіздемесін көрсетеді)

      4. Заңды тұлғаның, филиал және өкілдіктің атауы

      _________________________________________________________________

      5. Мемлекеттік тілдегі толық атауы (қажет болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      6. Орыс тіліндегі толық атауы (қажет болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      7. Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы (қажет болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      8. Орыс тіліндегі қысқаша атауы (қажет болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      9. Ағылшын тіліндегі толық атауы (қажет болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      10. Ағылшын тіліндегі қысқаша атауы (қажет болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы ______________

      Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін_________

      20__ жылғы "___"__________ (қолы)

      Өтiнiшке: ____________________________________________________

      өзектендіруді (түзетуді) жүргізу үшін құжат-негіздеме (қажет болған жағдайда)

      қоса берiледі.

  "Заңды тұлғалардың, филиалдар
мен өкілдіктердің атауын
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша

"Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

1) Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерге, оның ішінде саяси партиялар, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты Министрлік;
2) Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерге, қорлар мен заңды тұлғалардың бірлестіктеріне, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты аумақтық әділет органдары;
3) Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) филиалдары.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік корпорация және
"электрондық үкімет" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 1 бір жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Өзектендіру (түзету) туралы не өзектенді-руден (түзетуден) бас тарту туралы хабарлама

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорациясының және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорацияның филиалдары арқылы дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады.
Портал арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды берген кезде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін).
3) Растайтын құжат (құрылтай құжаттары, заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі).
Құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берген кезде:
1) ЭЦҚ куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Электрондық растайтын құжат (құрылтай құжаттары, заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі).
Жеке басты куәландыру және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Өз-өзіне қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші құжаттар қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұратын жеріне бара отырып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – www.gov.kz орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль пайдаланылған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.

  "Заңды тұлғалардың, филиалдар
мен өкілдіктердің атауын
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
3-қосымша

"Заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіру (түзету) туралы хабарлама

      Тіркеуші органның атауы _______________________________________.

      20__ жылғы "_"_____№:____өтініш бойынша ұсынылған құжаттарды қарап және

      заңды тұлғаның, филиал және өкілдіктің архив ісінің материалдарын зерделеп,

      заңды тұлғаның, филиал және өкілдіктің атауын өзектендіргенін хабарлайды.

      Тіркеуші _____________________________ _____________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Басшы ___________________________ М.О. _____________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _______________________________

      қолы

  "Заңды тұлғалардың, филиалдар
мен өкілдіктердің атауын
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша

"Заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіруден (түзетуден) бас тарту туралы хабарлама

      Өтініш №: ______________________ күні ______________________________

      Бас тартуға негіз: __________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (дәлелді бас тарту мәтінін көрсетілетін қызметті беруші қалыптастырады)

      Аталған құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба

      туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз

      жеткізгіштегі құжатқа тең.

      "Заңды тұлға" мемлекеттік дерекқорынан алынған және тиісті тіркеуші

      органның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді

      қамтиды.

  "Заңды тұлғалардың, филиалдар
мен өкілдіктердің атауын
өзектендіру (түзету)"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына
5-қосымша
  ___________________________
тегі, аты, әкесінің аты (жеке
басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе) не
көрсетілетін қызметті
алушының атауы)
___________________________
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі

      Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала

      отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"

      коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын

      көрсету) Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың

      тізбесіне сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе)

      қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атаулары:

      1)________________________________________;

      2)________________________________________;

      3)_______________________________ ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті

      "____________________________________" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын

      негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы

      қолхат әр

      тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.

      ____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты

      (жеке басын куәландыратын

      құжаттарда көрсетілсе), қолы)

      Орындаушы: берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда

      көрсетілсе), тегі ___________ Телефоны __________

      Алдым:

      берушінің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),

      /көрсетілетін қызметті алушының қолы ______________ 20__ жылғы "___" _________

Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 10 октября 2023 года № 726. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 октября 2023 года № 33555.

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила оказания государственной услуги "Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств" согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
А. Ескараев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр юстиции
Республики Казахстан
от 10 октября 2023 года № 726

Правила оказания государственной услуги "Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств"

Глава 1. Общие положения

      1. Правила оказания государственной услуги "Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств" (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом "О государственных услугах" (далее - Закон) и определяют порядок оказания государственной услуги "Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств" (далее-государственная услуга).

      2. Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств осуществляется путем внесения измененных сведений о наименованиях юридических лиц, филиалов и представительств в Государственную базу данных "Юридические лица" (далее - ГБД ЮЛ) на основании заявления.

      3. Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств осуществляется в случае допущения ошибки в наименовании юридического лица, филиала и представительства.

      4. Государственная услуга в отношении юридических лиц, филиалов и представительств, являющихся некоммерческими организациями, оказывается Министерством юстиции (далее-Министерство) и территориальными органами юстиции (далее – услугодатель). Филиалами Государственной корпорации "Правительство для граждан" (далее – филиалы Государственной корпорации) государственная услуга оказывается в отношении юридических лиц, филиалов и представительств, являющихся коммерческими организациями (далее – услугодатель).

      5. Актуализацию (корректировку) наименования общественных и религиозных объединений с республиканским и региональным статусами, в том числе политических партий, Республиканской нотариальной палаты, Республиканской коллегии адвокатов, Республиканской палаты частных судебных исполнителей, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан, Палаты судебных экспертов Республики Казахстан, Арбитражной палаты Казахстана, Республиканской коллегии юридических консультантов, филиалов и представительств иностранных и международных некоммерческих неправительственных объединений, осуществляет Министерство.

      6. Актуализация (корректировка) наименования созданных, реорганизованных юридических лиц, их филиалов и представительств, общественных и религиозных объединений с местным статусом, фондов и объединений юридических лиц, филиалов и представительств общественных и религиозных объединений, осуществляется территориальными органами юстиции.

      7. Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств, относящихся к коммерческим организациям, осуществляется филиалами Государственной корпорации.

      8. Услугодатель направляет информацию о принятии настоящих Правил, в организации, осуществляющие прием заявлений и выдачу результатов оказания государственной услуги, в том числе в Единый контакт-центр в течение трех рабочих дней.

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      9. Для получения государственной услуги юридические лица (далее - услугополучатель) подают заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее-заявление) и документ, предусмотренный в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств" согласно приложению 2 к настоящим Правилам (далее-Перечень) через филиалы Государственной корпорации или веб-портал "электронного правительства": www.egov.kz (далее – портал).

      10. При обращении в Государственную корпорацию, в случае предоставления услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренному пунктом 8 Перечня основных требований к оказанию государственных услуг, в соответствии с видом и (или) документов с истекшим сроком действия, работник Государственной корпорации отказывает в приеме заявления, и выдает расписку об отказе в приеме документов по форме, согласно приложению 5 к настоящим Правилам.

      При подаче услугополучателем документов в "личном кабинете" услугополучателя отображается статус о принятии заявления для оказания государственной услуги, с указанием даты и времени получения результата оказания государственной услуги.

      11. При поступлении заявления на оказание государственной услуги, согласно пунктам 5, 6 и 7 настоящих Правил, руководитель управления (отдела) регистрации юридических лиц в течение 20 минут определяет исполнителя и направляет на исполнение.

      Исполнитель проверяет полноту пакета представленных документов на соответствие действующему законодательству Республики Казахстан и вносит сведения о корректировке наименования юридического лица, филиала и представительства в ГБД ЮЛ.

      После внесения соответствующих корректировок направляется уведомление об актуализации (корректировки) наименования юридического лица, филиала и представительства (далее – уведомление об актуализации наименования) согласно приложению 3 к настоящим Правилам на согласование и подписание руководству услугодателя.

      После подписания руководством актуализацию (корректировку) наименования юридического лица, филиала и представительства исполнителем в "личный кабинет" услугополучателя посредством портала, удостоверенный электронно-цифровой подписью (далее-ЭЦП) услугодателя либо в Государственную корпорацию направляется уведомление об актуализации наименования.

      12. При наличии оснований для отказа в оказании государственной услуги, уведомление об отказе в актуализации (корректировки) наименования юридического лица, филиала и представительства, согласно приложению 4 к настоящим Правилам, удостоверенное ЭЦП услугодателя, направляется в "личный кабинет" на портале либо в Государственную корпорацию.

      13. Услугодатель обеспечивает внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере информатизации, в соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона.

      14. В случае сбоя информационной системы услугодатель незамедлительно уведомляет оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" (далее – оператор) и услугополучателя.

      В этом случае оператор предпринимает меры по определению причины сбоя информационной системы и в течение 1 (одного) рабочего дня составляет протокол (акт) о технической проблеме и подписывает его услугодателем.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателей и (или) их должностных лиц по вопросам оказания государственной услуги

      15. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее трех рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, услугодатель, должностное лицо, чьи административный акт, административное действие (бездействие) обжалуются, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение трех рабочих дней примет благоприятный административный акт, совершит административное действие, полностью удовлетворяющие требования, указанные в жалобе.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона, подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.

  Приложение 1
к Правилам государственной услуги
"Актуализация (корректировка)
наименования юридических лиц,
филиалов и представительств"

Заявление об актуализации (корректировки) наименования юридического лица, филиала (представительства)

      1. БИН юридического лица, филиала (представительства)
________________________________________________________

      2. Основание для актуализации (корректировки)
наименования юридического лица, филиала (представительства)
_________________________________________________________
_________________________________________________________

      3. Причина корректировки __________________________________
_________________________________________________________
(заявитель указывает текстом причину либо основание корректировки)

      4. Наименование юридического лица, филиала и представительства
__________________________________________________________

      5. Полное наименование на государственном языке
(в случае необходимости) ___________________________________

      6. Полное наименование на русском языке (в случае необходимости)
__________________________________________________________

      7. Краткое наименование на государственном языке
(в случае необходимости)
__________________________________________________________

      8. Краткое наименование на русском языке (в случае необходимости)
___________________________________________________________

      9. Полное наименование на английском языке (в случае необходимости)
____________________________________________________________

      10. Краткое наименование на английском языке (в случае необходимости)
____________________________________________________________
Ф.И.О (при его наличии) и подпись заявителя ____________________
Согласен на использования сведений, составляющих охраняемую законом
тайну, содержащихся в информационных системах
________________________________________
"___" ____ 20 __ год (подпись)
К заявлению прилагаются:
документ-основание для проведения актуализации (корректировки)
(в случае необходимости) _____________________________________

  Приложение 2
к Правилам государственной
услуги "Актуализация (корректировка)
наименования юридических лиц,
филиалов и представительств"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги
"Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств"

Наименование государственной услуги "Актуализация (корректировка) наименования юридических лиц, филиалов и представительств"

1

Наименование услугодателя

1) Министерство в отношении общественных и религиозных объединений с республиканским и региональным статусами, в том числе политических партий, филиалов и представительств иностранных, и международных некоммерческих неправительственных объединений;
2) Территориальные органы юстиции в отношении общественных и религиозных объединений с местным статусом, фондов и объединений юридических лиц, филиалов и представительств общественных и религиозных объединений;
3) Филиалы Государственной корпорации "Правительство для граждан" (далее-Государственная корпорация) в отношении юридических лиц, филиалов и представительств, являющихся коммерческими организациями.

2

Способы предоставления государственной услуги

Государственная корпорация и веб-портал "электронного правительства"

3

Срок оказания государственной услуги

в течение 1 рабочего дня, следующего за днем подачи заявления с приложением необходимых документов.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная)/бумажная.

5

Результат оказания государственной услуги

Уведомление об актуализации (корректировки) либо уведомление об отказе в актуализации (корректировки)

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

бесплатно

7

График работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации

Прием заявлений и выдача результатов государственных услуг осуществляется через филиалы Государственной корпорации с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.00 часов без перерыва, дежурные отделы обслуживания населения Государственной корпорации с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 20.00 часов и в субботу с 9.00 до 13.00 часов кроме праздничных и выходных дней согласно Трудовому кодексу (далее - Кодекс) Республики Казахстан.
Через портал – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

При подаче документов через Государственную корпорацию:
1) Заявление по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
2) Удостоверение личности или его электронный документ, полученный из сервиса цифровых документов (для идентификации личности)
3) Подтверждающий документ (учредительные документы, решение уполномоченного органа юридического лица).
При подаче документов через веб-портал "электронного правительства":
1) Заявление в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
2) Электронный подтверждающий документ (учредительные документы, решение уполномоченного органа юридического лица). Сведения о документах, удостоверяющих личность, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) Установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них.
2) Отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Услугополучатель имеющим полную или частичную утрату способности, или возможности осуществлять самообслуживание, самостоятельно передвигаться, ориентироваться прием документов производится услугодателем с выездом по месту жительства, посредством обращения через единый контакт-центр 1414, 8 800 080 7777.
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе услугодателя – www.gov.kz.
Услугополучатель получает государственную услугу в электронной форме через портал при условии наличия электронной цифровой подписи или использования одноразового пароля, в случае регистрации и подключения абонентского номера услугополучателя, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи портала.
Услугополучатель получает информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также Единого контакт-центра.
Сервис цифровых документов доступен для субъектов, авторизованных в мобильном приложении и информационных системах пользователей.
Субъект проходит авторизацию методами доступными в мобильном приложении и информационных системах пользователей, далее в разделе "Цифровые документы" просматривает необходимый документ для дальнейшего использования.

  Приложение 3
к Правилам оказания
государственной услуги
"Актуализация (корректировка)
наименования юридических лиц,
филиалов и представительств"

Уведомление об актуализации (корректировки) наименования юридического лица, филиала и представительства

      Наименование регистрирующего органа __________________________
рассмотрев представленные документы по заявлению №:
___________________от " " ________20_года
и изучив материалы архивного дела юридического лица, филиала
и представительства сообщает, о проведенной актуализации наименования
юридического лица, филиала и представительства.
Регистратор _____________________________ ____________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) подпись
Руководитель ___________________________ М.П. ________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)
_______________________________
дата и подпись

  Приложение 4
к Правилам оказания
государственной услуги
"Актуализация (корректировка)
наименования юридического лица,
филиалов и представительств

Уведомление об отказе в актуализации (корректировки) наименования юридического лица, филиала и представительства

      Заявление №: _______________ дата _______________________
Основание для отказа:
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
(текст мотивированного отказа формируется услугодателем)
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан
"Об электронном документе и электронной цифровой подписи"
равнозначен документу на бумажном носителе.
Содержит данные, полученные из Государственной базы данных
"Юридические лица" и подписанные электронно-цифровой подписью
соответствующего регистрирующего органа

  Приложение 5
к Правилам оказания
государственной услуги
"Актуализация (корректировка)
наименования юридических лиц,
филиалов и представительств"
____________________________
Фамилия, имя, отчество
(если указано в документах,
удостоверяющих личность)
Заявителя либо наименование
организации услугополучателя)
____________________________
(адрес услугополучателя)

Расписка об отказе в приеме документов

      Руководствуясь пунктом 2 статьи 20 Закона Республики Казахстан
"О государственных услугах", отдел №__ филиала некоммерческого акционерного
общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (указать адрес)
отказывает в приеме документов на оказание государственной услуги
"_________________________________", ввиду представления Вами неполного
пакета документов согласно перечню, предусмотренному перечнем основных
требований к оказанию государственной услуги, и (или) документов с истекшим
сроком действия, а именно:
Наименование отсутствующих документов и (или) документов с истекшим сроком действия:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________;
Настоящая расписка составлена в 2-х экземплярах, по одному для каждой стороны.
_______________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (если указано в документах, удостоверяющих личность,
подпись работника Государственной корпорации)
Исполнитель:
(фамилия, имя, отчество (если указано в документах, удостоверяющих личность),
_______________________________________________________________________
Телефон __________
Получил:
(фамилия, имя, отчество (если указано в документах, удостоверяющих личность)/
подпись услугополучателя _________________
"___" _________ 20__ год