ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 43-бабының 18-3) тармақшасына және "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру жағдайларын реттеу қағидаларын, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысаны және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтер;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру қағидалары, шарттары және мерзімдері;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру қағидалары және мерзімдері.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 83 Қаулыға 1-қосымша |
Сақтандыру жағдайларын реттеу қағидаларын, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысаны және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтер 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сақтандыру жағдайларын реттеу қағидаларын, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшері, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысаны және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтерді ресімдеуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 18-3) тармақшасына және "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-2-бабына сәйкес әзірленді және сақтандыру жағдайларын реттеу қағидаларын, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысанын және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтерді ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Көлік оқиғасына қатысушылардың (бұдан әрі – қатысушылар) сақтандыру жағдайын оңайлатылған тәртіп шеңберінде реттеуі Заңның 22-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
4. Сақтандырушының қатысушылардың көлік құралдарын қарап-тексеру жүргізу қажеттілігі болмаған кезде сақтандыру жағдайларын оңайлатылған тәртіп бойынша реттеу сақтандырушы сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
2-тарау. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі мен шарттары
5. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі шеңберінде қатысушылардың көлік оқиғасын тіркеуі сақтандырушының ақпараттық жүйесін және мынадай субъектілердің:
1) сақтандырушының;
2) тиісті келісім негізінде сақтандырушының әріптесі болып табылатын ұйымның;
3) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның бірінің интернет-ресурсы және (немесе) мобильдік қосымшасы арқылы дерекқорын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
6. Көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеуді қатысушылар көлік оқиғасы болған жерде Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түріндегі декларацияны толтыру арқылы жүзеге асырады.
7. Декларацияны толтырар алдында қатысушылар көлік оқиғасының Заңның 22-2-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібінің талаптарына сәйкес келуін растауды және екі қатысушыны да сәйкестендіруді жүзеге асырады.
Қатысушыларды сәйкестендіру сәйкестендіру процесінде көрсетілген қатысушылардың жеке деректерін (қатысушылардың фотосы, жеке сәйкестендіру нөмірі, ұялы байланысының абоненттік нөмірі) мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің деректерімен салыстыруды жүзеге асыру кезінде қатысушылардың жеке басын растау арқылы олардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге қатысушылардың келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
Декларацияны жіберу мүмкін болмаған кезде сақтандыру жағдайы сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптарында Заңға сәйкес қаралады.
8. Көлік оқиғасы Заңның 22-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген немесе қатысушылардың жеке басын растау мүмкін болмаған кезде қатысушыларға Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген адамдардың электрондық ақпараттық хабарды қалыптастыру жолымен сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібінің процесін аяқтау мүмкін еместігі және сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы шарттарында Заңға сәйкес көлік оқиғасын реттеу мүмкіндігі туралы хабарланады.
9. Көлік оқиғасы сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібінің талаптарына және қатысушыларды сәйкестендіруге сәйкес келген кезде бірыңғай сақтандыру жөніндегі деректер қоры (бұдан әрі – БСДҚ) қайталануды болдырмау мақсатында көлік құралдарының декларациясында көрсетілген көлік құралдарының қатысуымен БСДҚ-да тіркелген сақтандыру жағдайының болуын тексеруді автоматты түрде жүзеге асырады.
Қатысушылардың көлік құралдарының қатысуымен қайталанған сақтандыру жағдайы болған кезде қатысушыларға Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың интернет-ресурсы немесе мобильді қосымшасы арқылы электрондық ақпараттық хабарлама қалыптастыру арқылы сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі процесін аяқтау мүмкін еместігі туралы хабарланады.
10. Декларацияға көлік оқиғасына қатысқан көлік құралдарының маркасын, моделін, сәйкестендіру нөмірін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін анықтауға болатын фотоматериалдар, декларацияда көрсетілген мән-жайларға сәйкес келетін және декларацияда көрсетілген мән-жайлардың салдарынан көлік оқиғасының басталғанын, сондай-ақ көлік құралдарындағы зақымдардың көлік оқиғасының мән-жайларына сәйкес келетіндігін және (немесе) декларацияда көрсетілген тиісті ақпараттың бір уақытта алынғанын растайтын көлік оқиғасының фотосхемасы және (немесе) бейнежазбасы, фотоматериалдары қоса беріледі.
11. Сақтандыру жағдайы БСДҚ сақтандыру жағдайының бірегей нөмірін бергеннен кейін және сақтандырушылар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымынан электрондық ақпараттық хабарлама арқылы декларация қабылдағаннан кейін тіркелген болып есептеледі.
Сақтандыру жағдайының бірегей нөмірін беру бойынша БСДҚ-ның сервистерінің жұмысында іркілістер және (немесе) сақтандырушылардан декларацияны қабылдау туралы хабарлама болмаған жағдайда, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қатысушылар декларация жібергеннен кейін 10 минут ішінде интернет-ресурс немесе Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың мобильді қосымшасы арқылы БСДҚ жұмысындағы және (немесе) сақтандырушының ақпараттық жүйесіндегі іркілістер туралы және мәліметтер мен құжаттарды қайта жіберу қажеттігі туралы хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды.
12. Көлік оқиғасына қатысушылар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан сақтандыру жағдайының бірегей нөмірі берілгені туралы және көлік оқиғасын тіркеу кезінде көрсетілген қатысушылардың ұялы байланысының абоненттік нөміріне декларацияны сақтандырушының қабылдағаны туралы өздері электрондық ақпараттық хабарлама алғанға дейін көлік оқиғасы орнынан кетпейді.
13. Сақтандырушы декларацияға қатысушылар қоса берген құжаттар мен мәліметтердің Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмейтінін анықтаған кезде, сондай-ақ, егер құжаттар мен мәліметтер келтірілген залалдың мән-жайларын, көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдарының көрініп тұрған зақымдануының сипаты мен тізбесін анықтауға мүмкіндік бермеген жағдайда, сақтандырушы декларацияны алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қатысушылардан сақтандырушының интернет-ресурсын және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып не басқа қолжетімді тәсілмен фотоматериалдарды қайта сұратады және (немесе) көлік құралдарын қарап-тексеруді жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар сақтандырушының декларацияны қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
14. Сақтандырушы өзінің интернет-ресурсында және (немесе) мобильдік қосымшада сақтандыру жағдайы бойынша деректер мен мәліметтерді сақтау үшін қатысушылардың әрқайсысының жеке кабинетін (бұдан әрі – жеке кабинет), сондай-ақ қатысушылардың сақтандыру жағдайын оңайлатылған реттеу процесінің негізгі кезеңдерінің мәртебесін қадағалап отыруға мүмкіндік жасайды.
Қажет болған жағдайда дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қатысушылардың сақтандыру жағдайын жеңілдетілген реттеу процесінің негізгі кезеңдерінің мәртебесін қадағалап отыруы үшін өзінің интернет-ресурсында және (немесе) мобильдік қосымшада әрбір қатысушының жеке кабинетін құрады.
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым және тиісті келісім негізінде сақтандырушының серіктесі болып табылатын ұйым, сақтандыру жағдайы бойынша мәліметтерді сақтау үшін интернет-ресурста және (немесе) мобильдік қосымшада көлік оқиғасына қатысушылардың әрқайсысының жеке кабинетін (бұдан әрі – жеке кабинет), сондай-ақ қатысушылардың сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдерінің мәртебесін қадағалап отыруға мүмкіндік жасайды.
Сақтандырушының күні мен уақыты көрсетілген декларацияны алғаны туралы ақпаратты көлік оқиғасына қатысушылардың жеке кабинетінде көруге болады.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы нарығын реттеу және | |
дамыту Агенттігінің Басқармасының | |
2023 жылғы 15 қарашадағы | |
№ 83 Қаулыға | |
2-қосымша |
Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру қағидалары, шарттары және мерзімдері 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру қағидалары, шарттары, мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-2-бабына сәйкес әзірленді және сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру тәртібін, шарттарын, мерзімдерін айқындайды.
2-тарау. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандырушының көлік құралдарын қарап-тексеру қағидалары, шарттары, мерзімдері
2. Көлік оқиғасына қатысқан көлік құралдарын тексеру қажеттілігін сақтандырушы айқындайды.
3. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының фактісі мен мән-жайларын анықтау және (немесе) зардап шегушінің көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау үшін көлік оқиғасына қатысқан көлік құралдарын өарап-тексеруді жүзеге асырады. Қарап-тексеруді жүргізу қажеттілігі туралы талапты сақтандырушы көлік оқиғасына қатысушыларға (бұдан әрі – қатысушылар) сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Сақтандырушы мен қатысушылар зақымданған көлік құралдарын қарау күнін, уақытын және орнын келіседі, ал қатысушылар сақтандырушының қарап-тексеру жүргізу туралы талабын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарап-тексеру жүргізу үшін көлік құралдарын ұсынады.
Сақтандырушы көлік оқиғасына қатысқан көлік құралдарын - қарап-тексеруді қатысушылар көлік құралдарын ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Зақымданған мүлікті осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде ұсынбаған кезде, қатысушылардың кінәсінен немесе тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша жүзеге асырылмаған жағдайда, қатысушылар осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тексеру жүргізу үшін көлік құралдарын ұсынады.
Сақтандырушы Заңның 29-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қатысушылар көлік құралдарын белгіленген мерзімде ұсынбаған кезде сақтандыру төлемінен бас тартады.
Сақтандырушының көлік оқиғасына қатысқан көлік құралдарын қарап-тексеруді жүргізбеуі белгіленген мерзімде сақтандырушының кінәсінен көлік құралдарының зақымдануының оқиға мән-жайларына сәйкес келмеуіне байланысты сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды және залал мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
4. Сақтандырушының талабы бойынша қатысушылар зақымданған мүлікті сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырғанға немесе дәлелді бас тартуды жібергенге дейін көлік оқиғасынан кейін болған күйінде сақтайды.
5. Сақтандырушы қарап-тексеру жүргізілгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде зақымданудың декларацияда көрсетілген мән-жайларға сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы қорытындыларды көрсете отырып, қарап-тексеру актісін жасайды, көлік құралына келтірілген залалдың мөлшері туралы есепті жасайды және оларды қатысушыларға дереу жібереді.
Нысан
Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация
№ | Зардап шегуші | Көлік оқиғасының мән-жайы туралы деректер | Кінәлі |
1 | Көлік оқиғасының орны (облыс, қала, аудан, көше) | ||
2 | Көлік оқиғасының күні (күні, айы, жылы) / (сағат, минут) | ||
3 |
Көлік құралының маркасы, моделі: | ||
4 |
Жеке тұлғалардың жеке деректері: | ||
4.1 |
Сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен көлік құралын басқарған адамның жеке деректері: | ||
5 | Көлік құралын иелену, пайдалану, билік ету құқығына арналған құжат (сенімхат, жалдау шарты, жол парағы және басқалары) | ||
6 | Жауапкершілікті сақтандырушының атауы, сақтандыру полисі (нөмірі) | ||
7 | Көрінетін бүлінген бөлшектер мен элементтердің сипаты мен тізбесі (фотоматериалдарды және (немесе) бейнематериалдарды сипаттау және бекіту) | ||
8 | Көлік оқиғасының жалпы жоспары (көлік оқиғасының фотосхемасы және (немесе) бейнесхемасы) | ||
9 | Көлік оқиғасының сипаты | ||
10 | Келіспеушіліктердің жоқтығын растау | ||
11 | Залалдың алдын ала сомасы (теңгемен, 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын) (зардап шегуші толтырылады) | ||
12 | Сақтандыру жағдайын реттеу түрі (жалпы шарттарда /тікелей реттеу) (зардап шегуші толтырады) | ||
13 | Көлік оқиғасына қатысушылардың ескертпесі |
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы нарығын реттеу және | |
дамыту Агенттігінің Басқармасының | |
2023 жылғы 15 қарашадағы | |
№ 83 Қаулыға | |
3-қосымша |
Сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-2-бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2-тарау. Сақтандырушының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдері
2. Сақтандырушы сақтандыру төлемін сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларацияда (бұдан әрі – декларация) көрсетілген, бірақ 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде жүзеге асырады.
Сақтандырушы көлік оқиғасына қатысқан көлік құралдарын қарап-тексерген кезде сақтандыру төлемінің мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген соманың шегінде, көлік құралына келтірілген залал мөлшері туралы есепте көрсетілген соманы құрайды.
Көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін есептеуді сақтандырушы лицензиялық мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды қолдана отырып жүзеге асырады не қызмет көрсету туралы шарттың негізінде өзі тартқан бағалаушы жүзеге асырады.
Көлік құралын қалпына келтіру жөндеу құнының калькуляциясы (есебі) және зиянның мөлшері туралы есепті ресімдеу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13460 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Сақтандырушы көлік құралының залал мөлшері туралы есепті қарау жүргізілген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынбаған кезде сақтандырушы зардап шегушіге декларацияда көрсетілген, бірақ 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
4. Есептеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, зардап шегуші (пайда алушы) залал мөлшері туралы есеппен танысқан күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сақтандырушыға келіспеу себептерін көрсете отырып, наразылығын жібереді және қажет болған жағдайда қажетті құжаттарды қоса береді.
Сақтандыру төлемін сақтандырушы залал мөлшерінің дауланбайтын бөлігі мөлшерінде жүргізеді.
Зардап шегуші залал мөлшерін есептеу нәтижелерін даулауды Заңның 29-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
5. Сақтандыру төлемін сақтандырушы зардап шегушінің көлік құралына келтірілген залалдың мөлшері келісілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде немесе сақтандырушының қатысушылардың көлік құралдарын қарап-тексеру қажеттігі болмаған кезде, декларацияны алған сәттен бастап жүргізеді.
6. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы декларацияны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көлік оқиғасына қатысушыға (зардап шегушіге, пайда алушыға) бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен, көлік оқиғасына қатысушының жеке кабинетіне сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы тиісті шешім жібереді.
7. Сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаған жағдайда сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде айыпақы төлейді.