ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудитін жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) энергетикалық аудитор (бұдан әрі – энергия аудиторы) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сәйкестік сертификаты бар жеке тұлға;
11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты – сәйкестікті растау жөніндегі орган беретін, энергия аудиторының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін куәландыратын құжат.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Міндетті энергия аудитін жүргізудің жалпы мерзімі кемінде екі айды құрайды, бірақ шарт жасалған күннен бастап он екі айдан көп емес, экспресс-энергия аудитін жүргізу мерзімі кемінде екі айды құрайды, бірақ шарт жасалған күннен бастап алты айдан көп емес, нысаналы энергия аудитін жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жасалған шарт негізінде энергия аудиторлық ұйым және өтініш білдірген тұлға айқындайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды жасалады.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды осы Қағидаларға сәйкес ресімделеді, энергия аудитін жүзеге асыратын заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде беріледі (бар болса), оның басшысы бекітеді, энергия аудиторлық ұйымның қолымен және мөрімен (бар болса), сондай-ақ энергия аудиторларының қолымен расталады.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыға өтініш білдірген тұлғаның тарапынан қарсылықтар бар болған жағдайда, энергия аудиторлық ұйым шартта көрсетілген мерзімде жазбаша түрде толық түсініктеме береді.";
20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Дайындық кезеңінде дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторлық ұйым немесе энергия аудиторы жұмыстарды орындау мерзімдерін және жауапты тұлғаларды көрсете отырып, экспресс-энергия аудитін жүргізу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жасайды.
Энергия аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы осы кезеңді орындау шеңберінде өтініш білдірген тұлға ұсынатын (бар болса) қажетті мәліметтер мен құжаттардың (бастапқы деректердің) тізбесін, оның ішінде:
1) бұрынғы энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және оның орындалу нәтижелерін (энергия аудитін қайта өткізген жағдайда);
2) жүргізілетін экспресс-энергия аудитінің алдындағы кезекті бес жыл ішінде энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру көлемдерін;
3) негізгі ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың құрамы және олардың сипаттамаларын (объектінің мақсаты және оның құрамдас бөліктері (қосымша құрылыс), инженерлік жүйелер, энергия тиімділігі сыныбы, салынған күні, ғимараттың қабаттылығы, қабырғалар мен шатырлардың материалы, шынылау алаңы және шынылау түрі, кубатура, жалпы алаңы);
4) энергиямен жабдықтау көздері және энергия тасымалдағыштардың параметрлері туралы мәліметтерді;
5) электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, желдету, суықпен жабдықтау, сумен жабдықтау, ауамен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау жүйелері туралы мәліметтерді;
6) сандық құрамы, өтініш білдірген тұлға қызметкерлерінің сандық құрамын, сандық құрамының ұлғаюын немесе азаюын;
7) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытындының көшірмесін;
8) отын-энергетикалық ресурстарды тұтынатын объектілер туралы жалпы мәліметтерді (бұдан әрі – ОЭР), қысқаша тарихи анықтамасын;
9) өнім өндірісінің номенклатурасы мен көлемін;
10) ОЭР тұтынатын объектілердің жұмыс режимдерін, ОЭР тұтынуға шектеулерді;
11) ОЭР тұтынуды есепке алу және бақылау жүйелерінің сипаттамаларын;
12) ОЭР тұтынатын объектілерде энергия менеджменті жүйесінің жұмысын ұйымдастыру туралы мәліметтерді;
13) Экспресс-энергия аудитінің алдындағы кезекті бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11728 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес, мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты қалыптастырады.
21. Талдамалық кезеңде энергоаудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) кәсіпорынның (ОЭР тұтынатын объектілер) және негізгі энергия тұтынатын жабдықтың энергетикалық жүйелерін, ОЭР үлестік шығыстарын, энергия үнемдеудің ықтимал әлеуетін, энергия ресурстарын тұтынудың негізгі көлемдерін және энергетикалық ресурстарды сатып алуға арналған шығыстарды, ОЭР тұтынатын объектілердің көрсеткіштерін айқындау;
2) алдыңғы 5 жыл ішінде енгізілген энергетикалық менеджмент жүйесі шеңберінде өтініш білдірген тұлға жүргізетін энергетикалық талдау нәтижелерін растау;
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыға талдау жүргізу;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына талдау жүргізу.
Энергия аудиторлық ұйымы немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы деректерді растау және/немесе нақтылау үшін өлшеулер жүргізеді.
22. Қорытынды кезеңде энергия-аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы жабдықтар тобы мен энергия тасымалдаушылар түрлері бойынша, технологиялық процестердің, ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың энергетикалық ресурстарды пайдалануын талдау нәтижелерін қорытады.
23. Экспресс-энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды жасалады.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды осы Қағидаларға сәйкес ресімделеді, энергия аудитін жүзеге асырған тұлғаның фирмалық бланкісінде беріледі (бар болса), оның басшысы немесе дара кәсіпкер бекітеді, энергия аудиторлық ұйымның немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторының қолымен және мөрімен (бар болса), сондай-ақ аудиторларының қолымен расталады.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыға өтініш білдірген тұлғаның тарапынан қарсылықтар бар болған жағдайда, энергия аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы шартта көрсетілген мерзімде жазбаша түрде толық түсініктеме береді.
24. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы қорытынды үш негізгі бөліктен тұрады:
1) өтініш білдірген тұлға, энергия-аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы деректері, жасалған шарттың нөмірі және энергия аудиті объектісі (өндірістік қызметтің сипаттамасы және технологиялық процестің сипаттауы) көрсетілетін кіріспе бөлік;
2) энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша, өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстардың үлестік шығыстарын айқындау бойынша талдау келтірілетін негізгі бөлік, сондай-ақ мынадай талдау нәтижелері:
энергетикалық менеджменттің енгізілген жүйесі шеңберінде өтініш білдірген тұлға жүргізетін энергетикалық талдау;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытындыда көрсетілген деректер;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау.
3) ұсынымдар мен тұжырымдарды қамтитын қорытынды бөлік.
Ұсынымдарда өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың азайғаны және (немесе) ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ауданына шаққандағы жылытуға жұмсалатын энергетикалық ресурстардың азайғаны, өтініш білдірген тұлғаның қызметіне қолданылатын халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, және оларды орындау мерзімдері, сондай-ақ ұсынылған іс-шаралардың техникалық-экономикалық есебі мен негіздемесі көрсетіле отырып объектінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар мен бағыттары, тұжырымдарда – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтініш білдірген тұлғаның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметінің жалпы бағалануы, объектінің энергия үнемдеуінің заттай және пайыздық көріністегі ықтимал әлеуеті келтіріледі.
25. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыға энергия аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы толтыратын есептік ақпарат қоса беріледі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпарат;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар үшін есептік ақпарат;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйлер, құрылыстар, ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін есептік ақпарат.
26. Экономикалық мақсатты іс-шараларды әзірлеу кезінде жинақтап қорыту, үлгілік бағалау немесе үнемдеудің шартты пайыздарын қолдануға жол берілмейді. Энергия үнемдеу бойынша іс-шаралардың техникалық негіздемесі сарапшылардың субъективті бағалауларын ең төменгі қолданумен іс жүзіндегі деректерге негіздей отырып өлшем бірліктердің заттай мөлшерімен жасалуы тиіс.
Инвестициялық есептер үшін барлық бастапқы деректер техникалық есеппен расталуы, анықтамалық құжаттамалар (дереккөзге сілтеме бере отырып) бойынша қабылдануы тиіс.
Энергия үнемдеу және ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдар қызметкерлер жұмыстарының қауіпсіздігі мен жайлылығының деңгейін, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін төмендетпеуі тиіс, ол әрбір нақты іс-шараның іске асырылуымен байланысты ықтимал қауіптердің бағалауын жүргізумен расталуы тиіс.
27. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитінің қорытындысы бойынша энергия-аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғимараттың энергия тиімділігі сыныбының көрсеткiшiн толтырады.
Энергия-аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы әрбір үйлер, құрылыстар, ғимараттар үшін энергия тиімділігі сыныбының көрсеткiшiн толтырады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындысы екі данада ресімделеді: бір данасы өтініш білдірген тұлғаға беріледі, екіншісі энергия-аудиторлық ұйымда немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторында сақталады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Нысаналы энергия аудиті бойынша жұмыстарды жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады:
1) дайындық;
2) құжаттық-өлшеу;
3) талдамалық;
4) қорытынды.";
мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
"30-1. Нысаналы энергия аудитіне энергетикалық ресурстарды тұтынатын инженерлік жүйелер, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жабдықтардың топтары мен түрлері, нысаналы индикторлар және энергия тиімділігі көрсеткіштері, сонымен қатар кәсіпорынның бөлімшелері жатады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Дайындық кезеңінде нысаналы энергия аудитінің объектісі туралы бастапқы ақпаратты жинау жүзеге асырылады, жұмысты орындау мерзімдері мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып нысаналы энергия аудитін жүргізу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленеді. Бағдарламаға қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 455 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13902 болып тіркелген) бекітілген аспаптық өлшеулердің тиісті регламенті, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың тізбесі қоса беріледі), олардың тексерілуін растайтын құжаттар қоса беріледі.";
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
"31-1. Құжаттық-өлшеу кезеңінде энергия аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы өтініш білдірген тұлға ұсынатын қажетті мәліметтер мен құжаттардың (бастапқы деректердің) тізбесін қалыптастырады.
Энергия аудиторлық ұйымы немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы деректерді растау және/немесе нақтылау үшін өлшеулер жүргізеді.";
32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Талдамалық кезеңде энергоаудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) дайындық кезеңінде және ақпаратты құжаттық-өлшеу кезеңінде алынған ақпаратты талдау;
2) нысаналы энергия аудиті объектісінің жабдықтары мен технологиялық процестерінің жекелеген түрлерінің энергия тиімділігінің нақты көрсеткіштерін есептеу;
3) энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
Талдау және салыстырмалы бағалау негізінде энергия ресурстарын үнемдеудің ықтимал бағыттары, жолдары, нысаналы энергия аудиті объектісінің энергия тиімділігі деңгейін арттыру, энергия тиімділігін арттыру жолдарын іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігі туралы қорытындылар жасалады.
33. Қорытынды кезеңде энергия-аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы энергия аудиті объектісінің энергетикалық ресурстарды пайдалануын талдау нәтижелерін қорытады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Нысаналы энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша техникалық есеп жасалады.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі техникалық есеп осы Қағидаларға сәйкес ресімделеді, берілген күнін көрсете отырып, энергия аудитін жүзеге асырған заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің фирмалық бланкісінде (бар болса) беріледі, оның басшысы бекітеді, дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторлық ұйымның немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторының қолымен және мөрімен (бар болса), сондай-ақ аудиторларының қолымен расталады.
Өтініш білдірген тұлға тарапынан энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі техникалық есепке қарсылықтар болған жағдайда, энергия аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудитор шартта көрсетілген мерзімде жазбаша түрде толық түсініктеме береді.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі техникалық есеп үш негізгі бөліктен тұрады:
1) өтініш білдірген тұлға, энергия-аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы деректері, жасалған шарттың нөмірі және энергия аудиті объектісі (өндірістік қызметтің сипаттамасы және технологиялық процестің сипаттауы) көрсетілетін кіріспе бөлік;
2) энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша, өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстардың үлестік шығындарын есебімен анықтау бойынша, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, ауамен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелері бойынша, ғимараттар , құрылыстар және құрылысжайлар бойынша талдау жүргізілетін негізгі бөлігі;
3) ұсынымдар мен тұжырымдарды қамтитын қорытынды бөлік. Ұсынымдарда өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстарды тұтынудың азайғаны және (немесе) ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ауданына шаққандағы жылытуға жұмсалатын энергетикалық ресурстардың азайғаны, өтініш білдірген тұлғаның қызметіне қолданылатын халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, және оларды орындау мерзімдері, сондай-ақ ұсынылған іс-шаралардың техникалық-экономикалық есебі мен негіздемесі көрсетіле отырып объектінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралары, тұжырымдарда объектінің энергия үнемдеуінің заттай және пайыздық көріністегі ықтимал әлеуеті келтіріледі.";
37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Экономикалық тұрғыдан орынды іс-шараларды әзірлеу осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
38. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитінің қорытындысы бойынша энергия-аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғимараттың энергия тиімділігі сыныбының көрсеткiшiн толтырады.
Энергия-аудиторлық ұйым немесе дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудитор әрбір үйлер, құрылыстар, ғимараттар үшін энергия тиімділігі сыныбының көрсеткiшiн толтырады.";
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін үшінші, төртінші, бесінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы абзацтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі