БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27586 болып тіркелген) мынадай өзгерістер еңгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарларының тізбесі, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген);".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі