"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы 27-бабының 1-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, баспаханаларының полиграфиялық жабдығы жиынтықтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" 2015 жылғы27 қарашадағы № 679 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13315 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүлкімен, баспаханаларының полиграфиялық жабдығы жиынтықтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 679 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 24 ақпандағы № 104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22284 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтыҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |