"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 33829 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс өткізу жолымен сатып алу портал арқылы өткізіледі және мынадай кезеңдер көзделеді:

      1) конкурстық комиссияны қалыптастыру;

      2) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту;

      3) конкурстық құжаттаманы порталда орналастыру;

      4) конкурсқа қатысуға жіберуге өтінімдер қабылдау;

      5) конкурсқа қатысуға жіберуге өтінімдерді ашу, өтінімдердің конкурс талаптарына сәйкестігін қарау, қабылдаудан бас тартылған өтінімдер бойынша деректерді енгізе отырып ашу хаттамасын қалыптастыру, сондай-ақ жоқ немесе қатесі бар құжаттарға сұрау салу және қабылдаудан бас тартылған өтінімдерді конкурс талаптарына сәйкес келтіру;

      6) конкурсқа жіберілген және қабылдаудан бас тартылған қатысушылар бойынша ақпаратты көрсете отырып өтінімдерді қарау хаттамасын қалыптастыру;

      7) конкурстық өтінімдерді қабылдау;

      8) конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету;

      9) конкурстық өтінімдерді ашу, комиссияның конкурстық өтінімдерді конкурс талаптарына сәйкестігіне қарауы, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жасау және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын жасау;

      10) конкурс қорытындылары туралы хаттама жасай отырып, конкурс жеңімпазын айқындау;

      11) конкурс жеңімпазымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт (шарттар) жасасу.";

      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Порталда конкурстық құжаттама жарияланғанға дейін табиғи монополия субъектісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын бекітеді және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, конкурстық құжаттамаға сәйкес техникалық және сапалық сипаттамаларға сәйкестігін айқындау үшін техникалық сарапшыларды белгілейді.

      Табиғи монополия субъектісі техникалық сарапшыны тарту талап етілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды.

      Осы тармақта көрсетілген шешімдер табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның не табиғи монополия субъектісінің уәкілетті адамының бұйрығымен қабылданады.

      Конкурстық комиссия табиғи монополия субъектісі конкурстық комиссияны бекіту және сатып алуды өткізу туралы бұйрықты қабылдаған күннен бастап сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейін жұмыс істейді.

      Егер конкурс өтпеді деп танылса, конкурстық комиссияның өкілеттігі тоқтайды.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды және тақ сан болады.

      Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ сан болады және кемінде үш адамды құрайды.

      Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері кіреді.

      Конкурстық комиссияның мүшелеріне қоғамдық бірлестіктің өкілі қосылады.

      Конкурстық комиссияның құрамына қосылған қоғамдық бірлестіктің өкілі конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі үшін ортақ жауаптылықта болады.

      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің бірі конкурстық комиссияның отырысында өндірістік немесе басқа да себептер бойынша болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмауының себебі көрсетіліп, растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріліп, оған сілтеме жасалады.

      Табиғи монополия субъектісі тұрақты құрамы бар конкурстық комиссияны бүкіл қаржы жылына құрады.";

      133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "133. Конкурстық комиссияның хатшысы мыналарды:

      1) конкурстық құжаттаманы конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей порталда жариялауды;

      2) порталда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс рәсімдерін өткізуді ұйымдастыруды, конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар дайындауды, конкурстық комиссияны құжаттармен қамтамасыз етуді, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастыруды, портал қалыптастырған конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамаларына қол қоюды, конкурстық өтінімдерді және конкурс қорытындылары туралы қарауды жүзеге асырады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссияның шешім қабылдауына қатыспайды.

      Конкурстық комиссияның хатшысы болмаған уақытта оның міндетін атқарушы тағайындалады.";

      142-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелген) 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;";

      152-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152-1. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 152-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге порталда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын орналастырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін Қағидалардың 152-тармағының талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

      Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 152-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын ресімдейді.

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат:

      1) талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі қамтылады, онда әлеуетті өнім берушілерден бас тартудың себептері, оның ішінде олардың талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар егжей-тегжейлі сипатталады;

      2) ұсынылуы және талаптарға сәйкес келтірілуі тиіс құжаттар тізбесі қамтылады.

      Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы шешімі конкурстық өтінімдерді беру аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні оны порталға орналастырады.

      Осы Қағидалардың 152-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылмайды.

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасына конкурстық комиссия мүшелері қол қояды.

      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде алдын ала рұқсат беру хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауға жол бермейді.";

      мынадай мазмұндағы 152-2-тармақпен толықтырылсын:

      "152-2. Егер баға ұсынысы конкурстық құжаттамада сатып алуға көзделген сомадан 50 пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік ұсыныс деп танылады. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық өтінімінде ұсынылған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының 10 пайызы мөлшерінде қосымша қамтамасыз етуді енгізген жағдайда демпингтік бағаны ұсынуға жол беріледі.";

      156 және 157-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Егер конкурс тұтастай немесе қандай да бір бөлігі (лот) бойынша өтпеді деп танылса, онда табиғи монополия субъектісі мынадай:

      1) конкурс тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;

      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда, қайталап конкурс өткізудің мерзімдері мен тәртібі бастапқы конкурс өткізуге сәйкес келеді.

      Конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім ұсынылған жағдайда бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру, конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамасы сәйкес келген жағдайда, оған портал арқылы жіберіледі. Конкурстық құжаттама сәйкес келген жағдайда, жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысынан аспайды.

      Өтпеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектісі портал арқылы әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.

      Осы тармақта көрсетілген іс-әрекеттер табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрықтарымен ресімделеді.

      157. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді ашқан күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындыларын шығарады, табиғи монополия субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама қалыптастырады және порталда орналастырады.";

      178-8 және 178-9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "178-8. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер:

      1) сатып алуға бөлінген сомадан асып кетсе;

      2) әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер табиғи монополия субъектісінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес келмесе;

      3) осы Қағидалардың 178-4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      4) әлеуетті өнім беруші бірден артық баға ұсынысын берсе;

      5) әлеуетті өнім беруші басқа әлеуетті өнім берушілермен үлестес болса;

      6) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы осы Қағидалардың 152-2-тармағына сәйкес демпингтік деп танылса, бас тартуға жатады.

      178-9. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу:

      1) екіден кем баға ұсынысы берілген;

      2) егер осы Қағидалардың 178-8-тармағында көзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын портал автоматты түрде қабылдамағаннан кейін екіден кем баға ұсынысы қалған;

      3) жеңімпаз және екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 178-13-тармағында көзделген мерзімдерде сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда өтпеді деп танылады.";

      178-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "178-14. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу – бұл конкурсты, баға ұсыныстарына сұрау салуды қолданусыз сатып салу тәсілі, олар портал арқылы және мынадай:

      1) егер конкурс тәсілімен қайта сатып алу немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылған;

      2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік реттеу белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      4) еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      5) өкілдік шығыстармен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      6) мерзімді баспасөз басылымдарын қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда сатып алу жағдайларында ғана өткізіледі;

      7) сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу:

      Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушыларының жүзеге асыруы;

      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүргізілуі;

      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілуі;

      мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде;

      8) егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      9) көрсетілген іс-шаралар өткізілетін жерге бару және кері қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, жұмыскерді қызметтік іссапарға жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      10) өнім берушінің тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алған табиғи монополия субъектісінен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуының қажеттілігі туындауы жағдайларында ғана өткізіледі.";

      185 және 185-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "185. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілері мен тұтынушылары сатып алу рәсімін жүргізу кезінде, оның ішінде техникалық ерекшелікте, сатып алу қорытындылары туралы хаттамада және жасалған шарттарда қойылатын талаптар бойынша табиғи монополия субъектісінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссияның (хатшылықтың) хатшысының және техникалық сарапшылардың заңсыз әрекеттеріне уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына шағымдана алады.

      185-1. Әлеуетті өнім берушілер мен реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар табиғи монополия субъектісінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының (хатшылық) және техникалық сарапшылардың сатып алуды жүргізу бойынша іс-әрекеттеріне шағымдануы кезеңінде сатып алу туралы шарт жасалмайды.

      Бұл ретте өтінім беруші табиғи монополия субъектісін жоғарыда көрсетілген тұлғалардың әрекеттеріне шағымдануы туралы хабардар етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Т. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 "Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий"

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2023 года № 185. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2023 года № 33829

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 августа 2019 года № 73 "Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 19242) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах осуществления деятельности субъектами естественных монополий, утвержденных указанным приказом:

      пункт 129 изложить в следующей редакции:

      "129. Закупки товаров, работ, услуг путем проведения конкурса проводятся посредством портала и предусматривают следующие этапы:

      1) формирование конкурсной комиссии;

      2) формирование и утверждение конкурсной документации;

      3) размещение конкурсной документации на портале;

      4) прием заявок на допуск к участию в конкурсе;

      5) вскрытие заявок на допуск к участию в конкурсе, рассмотрение заявок на соответствие условиям конкурса, формирование протокола вскрытия с внесением данных по отклоненным заявкам, а также запрос отсутствующих или некорректных документов и приведение отклоненных заявок в соответствие с условиями конкурса;

      6) формирование протокола рассмотрения заявок с отображением информации по допущенным и отклоненным участникам;

      7) прием конкурсных заявок;

      8) обеспечение конкурсных заявок;

      9) вскрытие конкурсных заявок, рассмотрение конкурсной комиссией конкурсных заявок на соответствие условиям конкурса, составление протокола предварительного допуска к участию в конкурсе и составление протокола рассмотрения конкурсных заявок;

      10) определение победителя конкурса с составлением протокола об итогах конкурса;

      11) заключение договора(ов) о закупках товаров, работ, услуг с победителем конкурса.";

      пункт 131 изложить в следующей редакции:

      "131. До публикации конкурсной документации на портале согласно приложению 3 к настоящим Правилам субъект естественной монополии утверждает состав конкурсной комиссии, секретаря конкурсной комиссии и определяет технических экспертов для определения соответствия товаров, работ, услуг техническим и качественным характеристикам в соответствии с конкурсной документацией, включая технические спецификации, планы, чертежи, эскизы.

      Субъект естественной монополии определяет перечень товаров, работ, услуг, по которым требуется привлечение технического эксперта.

      Решения, указанные в настоящем пункте, принимаются приказом первого руководителя субъекта естественной монополии или лица, исполняющего его обязанности либо уполномоченного лица субъекта естественной монополии.

      Конкурсная комиссия действует со дня принятия субъектом естественной монополии приказа об утверждении конкурсной комиссии и проведении закупок до вступления в силу договора о закупках.

      В случае если конкурс признан не состоявшимся, полномочия конкурсной комиссии прекращаются.

      Число членов конкурсной комиссии составляет не менее пяти человек и является нечетным.

      Для субъектов естественных монополий, являющихся субъектами малого предпринимательства, число членов конкурсной комиссии составляет нечетное число и не менее трех человек.

      В состав конкурсной комиссии входят председатель и члены конкурсной комиссии.

      В члены конкурсной комиссии включается представитель общественного объединения.

      Представитель общественного объединения, включенный в состав конкурсной комиссии, несет солидарную ответственность за принятые конкурсной комиссией решения.

      Во время отсутствия председателя его функции выполняет лицо, его замещающее.

      В случае отсутствия кого-либо из членов конкурсной комиссии на заседании конкурсной комиссии по производственной или другой причине в протоколе заседания конкурсной комиссии указывается причина его отсутствия со ссылкой на подтверждающий документ с приложением его копии.

      Конкурсная комиссия создается субъектом естественной монополии с постоянным составом на весь финансовый год.";

      пункт 133 изложить в следующей редакции:

      "133. Секретарь конкурсной комиссии осуществляет:

      1) публикацию конкурсной документации на портале не позднее чем за десять рабочих дней до дня окончания приема конкурсных заявок;

      2) организацию проведения на портале процедур конкурса по приобретению товаров, работ, услуг, подготовку предложения по повестке дня заседания конкурсной комиссии, обеспечение конкурсной комиссии документами, организацию проведения заседания конкурсной комиссии, подписание сформированных порталом протоколов предварительного допуска к участию в конкурсе, рассмотрение конкурсных заявок и об итогов конкурса.

      Секретарь конкурсной комиссии не является членом конкурсной комиссии и не участвует при принятии решений конкурсной комиссией.

      На время отсутствия секретаря конкурсной комиссии назначается исполняющий его обязанности.";

      подпункт 8) пункта 142 изложить в следующей редакции:

      "8) справка о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, выданной регистрирующим органом по форме, установленной в соответствии с приложением 6 Правил оказания государственных услуг в сфере государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 66 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20771);";

      пункт152-1 изложить в следующей редакции:

      "152-1. Конкурсная комиссия в случае выявления потенциальных поставщиков, не соответствующих требованиям, предусмотренным пунктом 152 настоящих Правил, предоставляет таким потенциальным поставщикам возможность для приведения заявок на участие в конкурсе в соответствие с требованиями пункта 152 Правил в течение трех рабочих дней со дня размещения протокола предварительного допуска к участию в конкурсе на портале.

      Протокол предварительного допуска к участию в конкурсе оформляется конкурсной комиссией в случае выявления конкурсной комиссией потенциальных поставщиков, не соответствующих требованиям, предусмотренным пунктом 152 настоящих Правил.

      Протокол предварительного допуска к участию в конкурсе содержит следующую информацию:

      1) перечень потенциальных поставщиков, не соответствующих требованиям с подробным описанием причин их отклонения, в том числе с указанием сведений и документов, подтверждающих их несоответствие требованиям;

      2) перечень документов, которые необходимо представить и привести в соответствие с требованиями.

      Решение конкурсной комиссии о предварительном допуске потенциальных поставщиков к участию в конкурсе принимается в течение пяти рабочих дней со дня окончания представления конкурсных заявок и размещается секретарем конкурсной комиссии в день принятия решения о предварительном допуске к участию в конкурсе на портале с автоматическим уведомлением по электронной почте потенциальных поставщиков, подавших заявки на участие в конкурсе.

      Протокол предварительного допуска к участию в конкурсе не формируется в случае отсутствия потенциальных поставщиков, несоответствующих требованиям пункта 152 настоящих Правил.

      Протокол предварительного допуска к участию в конкурсе подписывается членами конкурсной комиссии.

      Конкурсной комиссией при повторном рассмотрении заявок на участие в конкурсе не допускается отклонять потенциальных поставщиков по основаниям, не предусмотренным в протоколе предварительного допуска.";

      дополнить пунктом 152-2 следующего содержания:

      "152-2. Ценовое предложение признается демпинговым, в случае если оно более чем на 50 процентов ниже суммы, предусмотренной конкурсной документацией на закупки. Допускается представление демпинговой цены при условии внесения потенциальным поставщиком дополнительного обеспечения в размере 10 процентов от стоимости закупаемых товаров, работ, услуг, предложенной в его конкурсной заявке.";

      пункты 156 и 157 изложить в следующей редакции:

      "156. Если конкурс признан несостоявшимся в целом или по какой-либо части (лоту), то субъект естественной монополии принимает одно из следующих решений:

      1) о повторном проведении закупок способом конкурса;

      2) об изменении конкурсной документации и повторном проведении закупок способом конкурса.

      В случае внесения изменений в конкурсную документацию, сроки и порядок проведения повторного конкурса соответствуют проведению первоначального конкурса.

      В случае представления менее двух заявок на участие в конкурсе приглашение на участие в закупках способом из одного источника направляется посредством портала потенциальному поставщику, представившему заявку на участие в конкурсе, при условии соответствия его конкурсной документации. Цена заключенного договора не превышает конкурсное ценовое предложение потенциального поставщика, указанного в заявке на участие в конкурсе, при условии соответствия конкурсной документации.

      При осуществлении закупок способом из одного источника по несостоявшимся закупкам субъект естественных монополий направляет посредством портала потенциальному поставщику приглашение принять участие в закупках способом из одного источника.

      Действия, указанные в настоящем пункте, оформляются приказами первого руководителя субъекта естественной монополии или лица, исполняющего его обязанности.

      157. Конкурсная комиссия подводит итоги конкурса в срок не более десяти рабочих дней со дня вскрытия конкурсных заявок, формирует и размещает на портале протокол об итогах конкурса по закупкам товаров, работ, услуг, подписанный электронной цифровой подписью субъекта естественной монополии.";

      пункты 178-8 и 178-9 изложить в следующей редакции:

      "178-8. Ценовое предложение потенциального поставщика подлежит отклонению, если:

      1) превышает сумму, выделенную на закупки;

      2) предлагаемые потенциальным поставщиком товары, работы, услуги не соответствуют требованиям технической спецификации субъекта естественной монополии;

      3) не соответствует требованиям, предусмотренным пунктом 178-4 настоящих Правил;

      4) потенциальный поставщик предоставил более одного ценового предложения;

      5) потенциальный поставщик аффилирован с другими потенциальными поставщиками;

      6) ценовое предложение потенциального поставщика в соответствии с пунктом 152-2 настоящих Правил признано демпинговым.

      178-9. Закупки способом запроса ценовых предложений признаются несостоявшимися в случае:

      1) представления менее двух ценовых предложений;

      2) если после автоматического отклонения порталом ценовых предложений по основаниям, предусмотренным пунктом 178-8 настоящих Правил, осталось менее двух ценовых предложений;

      3) победитель и потенциальный поставщик, занявшие второе место, уклонились от заключения договора о закупках в сроки, предусмотренные пунктом 178-13 настоящих Правил.";

      пункт 178-14 изложить в следующей редакции:

      "178-14. Закупки способом из одного источника – это способ закупок без применения конкурса, запроса ценовых предложений, которые проводятся посредством портала и только в случаях:

      1) если повторные закупки способом конкурса или закупки способом запроса ценовых предложений признаны несостоявшимися;

      2) приобретения товаров, работ, услуг по ценам, тарифам, на которые установлено государственное регулирование в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан;

      3) приобретения товаров, работ, услуг у лица, обладающего исключительными правами в отношении приобретаемых товаров, работ, услуг, или у лица, являющегося субъектом государственной или естественной монополии;

      4) приобретения товаров, работ, услуг вследствие возникновения обстоятельств непреодолимой силы, в том числе локализации и (или) ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций;

      5) приобретения товаров, работ, услуг, связанных с представительскими расходами;

      6) приобретения периодических печатных изданий на бумажном носителе и (или) в электронной форме;

      7) приобретения имущества (активов), реализуемого на торгах (аукционах):

      осуществляемых судебными исполнителями в соответствии с законодательством Республики Казахстан об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей;

      проводимых в соответствии с законодательством Республики Казахстан о реабилитации и банкротстве;

      проводимых в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан;

      при приватизации государственного имущества;

      8) приобретения однородных товаров, работ, услуг, если годовой объем таких однородных товаров, работ, услуг в стоимостном выражении не превышает стократного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;

      9) приобретения услуг, связанных с направлением работника в служебную командировку, включая проезд к месту проведения указанных мероприятий и обратно, наем жилого помещения, транспортное обслуживание, обеспечение питания;

      10) когда у субъекта естественной монополии, закупившего товары, работы, услуги поставщика, возникает потребность в приобретении товаров, работ, услуг у того же поставщика в целях унификации, стандартизации или обеспечения совместимости.";

      пункты 185 и 185-1 изложить в следующей редакции:

      "185. Потенциальные поставщики и потребители регулируемых услуг могут обжаловать неправомерные действия субъекта естественной монополии, конкурсной комиссии, секретаря конкурсной комиссии (секретариата) и технических экспертов при проведении процедуры закупок, в том числе по требованиям в технической спецификации, протоколов предварительного допуска и об итогах закупок в ведомство уполномоченного органа или его территориальный орган.

      185-1. Договор о закупках не заключается в период обжалования потенциальными поставщиками и потребителями регулируемых услуг действия субъекта естественной монополии, конкурсной комиссии, секретаря конкурсной комиссии (секретариата) и технических экспертов по проведению закупок.

      При этом, заявитель информирует субъекта естественной монополии об обжаловании действий вышеуказанных лиц.".

      2. Комитету по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      и.о. Министра национальной экономики
Республики Казахстан
Т. Жаксылыков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство водных ресурсов и ирригации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан