Рульдік басқарудың оң жақ орналасуы бар жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33872 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 8703 21 109 1 қоспағанда 8703 21*-ден; 8703 22*-ден; 8703 23*-тен; 8703 24*-тен; 8703 31*-ден; 8703 32*-ден; 8703 33*-тен; 8703 40 109 қоспағанда 8703 40*-тан; из 8703 50*-ден; 8703 60 109 қоспағанда 8703 60*-тан; 8703 70*-ден; 8703 80 000*-ден; 8703 90 00*-ден; 8706 00 910*-ден; 8707 10 900 0*-ден; 8707 90 900 9*-ден руль оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін.

      * Осы тармақты қолдану мақсатында ЕАЭО СЭҚ ТН кодын және тауардың атауын басшылыққа алу тиісті.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне осы бұйрықтың 1-тармағын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл кезінде бақылауды қамтамасыз ету туралы;

      2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетіне және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;

      3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау қажеттілігі туралы хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

О некоторых вопросах регулирования ввоза отдельных видов легковых автомобилей с правосторонним расположением рулевого управления

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 29 декабря 2023 года № 177. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2023 года № 33872

      В соответствии с пунктом 2 статьи 17 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности", со статьями 29 и 47 Договора о Евразийском экономическом союзе, а также разделом 10 приложения 7 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Ввести запрет на ввоз легковых автомобилей, с правосторонним расположением руля, в разобранном виде на территорию Республики Казахстан сроком на шесть месяцев (код товарной номенклатуры Внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (далее – код ТН ВЭД ЕАЭС) из 8703 21* за исключением 8703 21 109 1; из 8703 22*; из 8703 23*; из 8703 24*; из 8703 31*; из 8703 32*; из 8703 33*; из 8703 40* за исключением 8703 40 109; из 8703 50*; 8703 60* за исключением 8703 60 109; из 8703 70*; из 8703 80 000*; из 8703 90 00*; из 8706 00 910*; из 8707 10 900 0*; из 8707 90 900 9*).

      *Для целей использования настоящего пункта необходимо руководствоваться как кодом ТН ВЭД ЕАЭС, так и наименованием товара.

      2. Комитету промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан уведомить:

      1) Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан об обеспечении контроля при взаимодействии с Пограничной службой Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по реализации пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;

      2) Комитет железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан и Акционерное общество "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" (по согласованию) о применении мер по реализации пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;

      3) Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан о необходимости в установленном порядке информировать Евразийскую экономическую комиссию о введении указанного в пункте 1 настоящего приказа запрета.

      3. Комитету промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
К. Шарлапаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан