"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 17 қаңтардағы қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласында құрылған жаңа ауданға "Нұра" атауы берілсін.
2. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
Астана қаласы мәслихатның төрағасы | Е. Каналимов |