Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VIІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25676 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіміне қосымшада:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй көмегінің мөлшері мынадай нормалар шегінде есептеледі:
1) 1 айға электр энергиясын тұтыну нормалары:
150 киловатт – бір-үш адамнан тұратын отбасы;
200 киловатт – төрт және одан да көп адамдардан тұратын отбасы;
2) газ тұтыну нормасы, су бұру, сумен жабдықтау қызметтері, қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару, лифтке қызмет көрсету – тариф бойынша әр адамға ай сайын.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Каналимов |