Ақмола облысы Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 02-183 "Қосшы қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29732 болып тіркелген) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірі 8 жолмен толықтырылсын:
"
8. | Тайтөбе ауылы, Кенесары хан көшесі, "Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының оң жағында. |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қосшы қаласының әкімі | Г.Касенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қосшы қалалық аумақтық сайлау комиссиясы |