Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № А-2/42 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8346 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |