Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 6 наурыздағы № С-35/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4729 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы | Д.Акимов |