Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Атбасар қаласы халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 23 маусымдағы Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атбасар ауданы Атбасар қаласының келесі көшелері:
А. Островский көшесін Қайрат Рысқұлбеков көшесіне;
А. Матросов көшесін Қажымұқан көшесіне;
Интернациональная көшесін Мұстафа Шоқай көшесіне;
Ирченко көшесін Әлімхан Ермеков көшесіне;
Урицкий көшесін Міржақып Дулатұлы көшесіне қайта аталсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі | А.Қалжанов |
Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы |
Б.Қамбатыров |