Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 7С 4/9 "Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 тамыздағы № 8С 7/13 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 тамыздағы № 8610-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 қазандағы № 8С 21/3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 21.10.2024 № 8С 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 28 мамырдағы № 7С 4/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22934 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептеледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы Н.Рахимов

О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 28 мая 2021 года № 7С 4/9 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Атбасарском районе"

Решение Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 23 августа 2023 года № 8С 7/13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 24 августа 2023 года № 8610-03. Утратило силу решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 21 октября 2024 года № 8С 21/3

      Сноска. Утратило силу решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 21.10.2024 № 8С 21/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Атбасарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Атбасарского районного маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Атбасарском районе" от 28 мая 2021 года № 7С 4/9 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22934) следующее изменение:

      в приложении к указанному решению:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом согласно приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20498).".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Атбасарского районного маслихата Н.Рахимов