Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 "Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 8С-10-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 қыркүйекте № 8625-03 болып тіркелді

      Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астрахан аудандық мәслихатының "Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы" 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4392 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы";

      шешімнің 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.";

      3 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.";

      7 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына мүгедектігі бар әрбір балаға үш айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы М.Қожахмет

О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата от 16 сентября 2014 года № 5С-35-2 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану"

Решение Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 14 сентября 2023 года № 8С-10-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 21 сентября 2023 года № 8625-03

      Астраханский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Астраханского районного маслихата "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану" от 16 сентября 2014 года № 5С-35-2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4392) следующие изменения:

      в заголовок и пункт 1 решения на казахском языке внесены изменения, текст на русском языке не меняется;

      преамбулу решения изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Астраханский районный маслихат РЕШИЛ:";

      в приложении к указанному решению:

      в заголовок и пункт 1 на казахском языке внесены изменения, текст на русском языке не меняется;

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.";

      в пункте 7 решения на казахском языке внесены изменения, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Астраханского районного маслихата М.Қожахмет