Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 15.09.2023 № 8С-9/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 15 ақпандағы № 2/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8366 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
""КЕЛІСІЛДІ" Есіл ауданының әкімі" деген сөздер ""КЕЛІСІЛДІ" Есіл ауданының әкімдігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4 тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихатының төрайымы | А.Адильбаева |