Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 19.06.2024 № 18-135 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67-409 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8280 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің косымшасында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.";
4-тармақтың 4-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.";
5-тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган 8 пайыз белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы | Р.Габдуллина |