Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сандықтау ауданының бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Сандықтау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № А-11/287 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30614 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі | Е.Жусупбеков |