"Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 67 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 119 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 мамырда № 8344 болып тіркелді

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге 2-тармақта көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып бір рет қана қолданылуы мүмкін.".

      2. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Е. Тугжанов

О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 16 марта 2023 года № 67 "Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих местных исполнительных органов и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета Актюбинской области"

Постановление акимата Актюбинской области от 5 мая 2023 года № 119. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 10 мая 2023 года № 8344

      Акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Актюбинской области от 16 марта 2023 года № 67 "Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих местных исполнительных органов и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета Актюбинской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8316) следующее изменение:

      в Правилах применения поощрений государственных служащих местных исполнительных органов и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета Актюбинской области, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. За одно и то же отличие государственному служащему может быть применена только одна из форм поощрений, указанных в пункте 2 и только один раз с указанием конкретных заслуг.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Актюбинской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области Е. Тугжанов