Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5235 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 259 қаулысына қосымша |
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 қаулысына 1-қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
№ | Лауазымдар атауы |
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Облыстық, аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
2 | Облыстық, аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары |
3 | Бөлімшенің басшысы |
4 | Барлық мамандықтағы дәрігерлер |
5 | Акушер |
6 | Диеталық мейіргер |
7 | Тіс дәрігері (дантист) |
8 | Тіс технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы) |
9 | Мейіргер |
10 | Зертханашы (медициналық) |
11 | Провизор (фармацевт) |
12 | Психолог маман |
13 | Рентген зертханашысы |
14 | Фельдшер |
15 | Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы |
16 | Фармацевт |
17 | Денсаулық сақтау саласындағы сарапшы-маман |
18 | Зертхана маманы |
19 | Қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер) |
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
2 | Аудандық және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы |
3 | Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) Жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы |
4 | Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) Халықты жұмыспен қамту орталығы бөлімінің басшысы |
5 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары |
6 | Мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы) |
7 | Музыкалық жетекші |
8 | Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман |
9 | Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы |
10 | Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
11 | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
12 | Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
13 | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант |
14 | Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты |
15 | Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері |
16 | Медициналық мейіргердің, тәрбиешінің көмекшісі |
17 | Халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті |
18 | Ассистент |
19 | Психолог |
20 | Кадрлар жөніндегі инспектор |
21 | Еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы |
22 | Емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы |
23 | Фармацевт |
24 | Фельдшер |
25 | Барлық мамандықтағы дәрігерлер |
Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
2 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары |
3 | Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері |
4 | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушысы, оның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы |
5 | Біліктілікті арттыру институтының, ЖОО-ның, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері |
6 | Аккомпаниатор (сүйемелдеуші) (негізгі қызметтердің), концертмейстер (негізгі қызметтердің), тәлімгер, тәрбиелеуші, тәрбиелеуші-ана, әдіскер (негізгі қызметтердің), жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің), дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда), әлеуметтік педагог, зертханашы, логопед, психолог |
7 | Барлық мамандықты дәрігерлер |
8 | Мейірбике (мейіргер) |
9 | Емдік денешынықтыру бойынша нұсқаушы, емдәмдік мейірбике |
10 | Кітапхананың, шеберхананың, оқу-өндіріс шеберхананың басшысы (меңгерушісі) |
11 | Әдіскер, кітапханашы |
Мәдениет және архив саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
2 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының (директорының) орынбасары |
3 | Аудандық маңызы бар ММ басшысы (директоры) |
4 | Облыстық маңызы бар ММ филиалының басшысы (директоры) |
5 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК филиалы бөлімінің басшысы (директоры) |
6 | Музей басшысы (меңгерушісі) |
7 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК сектор басшысы |
8 | Аға ғылыми қызметкер |
9 | Ғылыми қызметкер |
10 | Кіші ғылыми қызметкер |
11 | Қор сақтаушы |
12 | Экскурсовод |
13 | Барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) |
14 | Барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) |
15 | Кітапханашы |
16 | Музейлер қорын есепке алу архивисті |
17 | Өнертанушы |
18 | Архивист |
Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
2 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары |
3 | Барлық мамандықтағы мұғалімдер |
4 | Тәрбиеші |
5 | Кітапхана басшысы (меңгерушісі), кітапханашы |
6 | Нұсқаушы, нұсқаушы-спортшы, әдіскер |
7 | Барлық мамандықтағы дәрігер |
8 | (Мамандандырылған) медициналық бике/аға |
9 | Диеталық бике |
10 | Психолог |
11 | Облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы |
12 | Облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы-оқытушы |
13 | Жаттықтырушы |
Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Ветеринария пунктінің меңгерушісі |
2 | Ветеринарлық дәрігер |
3 | Ветеринарлық фельдшер |
Орман шаруашылығы саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Облыстық маңызы бар орман шаруашылығы мекемесінің (бұдан әрі - КМК, МКҚК) басшысы |
2 | Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КМК, МКҚК басшысының орынбасары |
3 | Облыстық маңызы бар КММ, МКҚК орманшылық басшысы (орман күтуші) |
4 | Облыстық маңызы бар орман өрт сөндіру станциясының басшысы |
5 | Орманшы (инспектор) |
6 | Аңшылықтанушы |
7 | Орман (учаске) шебері |
8 | Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар негізгі қызметтерінің барлық мамандықтарының инженерлері |
9 | КММ техникалық орындаушылары: диспетчер |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ - мемлекеттік мекеме;
МҚК - мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
МКҚК - мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын;
КММ - коммуналдық мемлекеттік мекеме;
ЖОО - жоғары оқу орны;
РММ - республикалық мемлекеттік мекеме;
РМҚК - республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.