Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәcлихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Байғанин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Сержан |
Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 56 шешіміне қосымша |
Байғанин аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының "Байғанин ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 ақпандағы № 108 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3805 болып тіркелген) шешімі;
2. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының ""Байғанин ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 ақпандағы № 108 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 95 шешімі.