Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 18.03.2024 № 117 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №215 "Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6058 тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде:
12 тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі №295 Н/Қ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №33200 тіркелген) сәйкес белгіленеді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Турымов |