Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 04.04.2024 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қобда аудандық мәслихатының "Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 427 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8009 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:
13 тармақтың 9) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"9) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының төрағасы |
Ж. Ергалиев |