Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 51 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 қарашада № 8435 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Көлкебаев

  Мәртөк аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
2 қарашадағы № 51 шешіміне
қосымша

Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәртөк ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 19.06.2024 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы Қағидалар Мәртөк ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      еңбек ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектігі бар адамдарға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;

      3) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген адамдарға – 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерiнде.

      Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).

      7. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табысты есепке алмағанда:

      әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:

      амбулаториялық емдеудегі онкологиялық аурулардан зардап шегетін тұлғалар мен туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдерге сәйкес, сондай-ақ адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғаларға "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған анықтамаларға сәйкес табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;

      8. Бір рет берілетін әлеуметтік көмек алушыларға мынадай негіздер бойынша беріледі:

      1) жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болу – адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде беріледі;

      2) көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, арызы бойынша бір рет жан басына шаққандағы орташа табыстың біржолғы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерін ескере отырып – 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің шыққан орны бойынша табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) – жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекеттік қамсыздандыруында болмаған жағдайда көрсетіледі.

3-тарау. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, тоқтату негіздері және көрсетілген әлеуметтік көмекті қайтару Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      10. Мерекелік күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      Ескерту. 10 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 19.06.2024 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округінің әкіміне Үлгілік қағидалардың 12-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса бере отырып, өтінішті ұсынады.

      12. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

      тиісті жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.

      13. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Мәртөк ауданының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      14. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Мәртөк ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

5-тарау. Қорытынды ереже

      16. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления еҰ размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе

Решение Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 2 ноября 2023 года № 51. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 8 ноября 2023 года № 8435.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления еҰ размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Мартукский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления еҰ размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Мартукского
районного маслихата
Т. Көлкебаев

  Приложение к решению
Мартукского районного
маслихата от 2 ноября 2023 года
№ 51

Правила оказания социальной помощи, установления еҰ размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе
Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления еҰ размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мартукском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Мартукского района Актюбинской области, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) социальная помощь – помощь, предоставляемая местными исполнительными органами (далее – МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели), а также к праздничным дням и памятным датам.

      5) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи (далее – уполномоченный орган) – государственное учреждение "Мартукский районный отдел занятости и социальных программ", осуществляющее оказание социальной помощи;

      6) прожиточный минимум – минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      7) среднедушевой доход – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные даты (далее – памятные даты) – профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      9) уполномоченный государственный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование, контрольные функции за деятельностью Государственного фонда социального страхования;

      10) участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью;

      11) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 19.06.2024 № 118 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Данные Правила распространяются на лиц, постоянно проживающих в Мартукском районе.

      4. Меры социальной поддержки, предусмотренные пунктом 4 статьи 71, пунктом 3 статьи 170, пунктом 3 статьи 229 Социального кодекса, подпунктом 2) пункта 1 статьи 10, подпунктом 2) пункта 1 статьи 11, подпунктом 2) пункта 1 статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие, 1 раз в год).

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      6. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) ко Дню Победы – 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны – в размере 2 140 000 (двух миллионов ста сорока тысяч) тенге;

      ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      другим лицам, на которых распространяется действие Закона "О ветеранах", в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      ветеранам труда, в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      2) ко Дню Конституции Республики Казахстан – 30 августа:

      лицам с инвалидностью, получающим государственные социальные пособия – в размере 50 000 (пятидесяти тысяч) тенге;

      3) ко Дню Независимости Республики Казахстан – 16 декабря:

      лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, установленные Законом Республики Казахстан от 14 апреля 1993 года "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" – в размере 120 000 (ста двадцати тысяч) тенге.

      В случае наличия права отдельных категории граждан на социальную помощь (в соответствии статуса) к различным праздничным дням оказывается один вид социальной помощи (более высокий по размеру).

      7. Ежемесячная социальная помощь без учета доходов оказывается:

      лицам, имеющим социально-значимые заболевания, а именно:

      лицам, страдающим онкологическими заболеваниями и лицам, страдающим туберкулезным заболеванием, находящиеся на амбулаторном лечении, согласно списков, представленных государственным коммунальным предприятием "Мартукская районная больница" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области", а также лицам инфицированным вирусом иммунодефицита человека, согласно справок представляемых государственным коммунальным предприятием "Областной центр по профилактике и борьбе со СПИД" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области", без учета дохода, ежемесячно, но не более 6 (шести) месяцев в году – в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;

      8. Единовременная социальная помощь оказывается получателям, по следующим основаниям:

      1) сиротство; отсутствие родительского попечения; неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом; освобождение из мест лишения свободы; нахождение на учете службы пробации – предоставляется с учетом среднедушевого дохода лица (семьи), не превышающего порога однократного размера прожиточного минимума, – в размере 20 (двадцати) месячных расчетных показателей;

      2) многодетным семьям, малообеспеченным гражданам по заявлению, единовременно, с учетом среднедушевого дохода не превышающего порога однократного размера прожиточного минимума – в размере 140 000 (ста сорока тысяч) тенге;

      3) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара по месту возникновения стихийного бедствия или пожара, без учета среднедушевого дохода – в размере 100 (ста) месячных расчетных показателей.

      Социальная помощь оказывается в случае, если вышеназванные лица не находятся на полном государственном обеспечении.

Глава 3. Порядок оказания социальной помощи

      9. Порядок оказания социальной помощи, основания для прекращения и возврата предоставленной социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      10. Социальная помощь к праздничным дням оказывается без истребования заявлений от получателей.

      Категории получателей социальной помощи определяются МИО, после чего формируются их списки путем направления запроса в уполномоченную организацию либо иные организации.

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 19.06.2024 № 118 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму сельского округа представляет заявление с приложением перечня документов согласно пункту 12 Типовых правил.

      12. Сроки обращения за социальной помощью отдельным категориям нуждающихся граждан:

      не позднее шести месяцев с момента наступления соответствующей ситуации.

      13. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Мартукского района на текущий финансовый год.

Глава 4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      14. Социальная помощь прекращается в следующих случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Мартукского района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      15. Излишне выплаченные суммы социальной помощи подлежат возврату в добровольном порядке, неправомерно полученные суммы подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.

Глава 5. Заключительное положение

      16. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системой "Е-Собес".