Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының "Мәртөк ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8340 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
Т. Көлкебаев |