Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Темір аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" 2020 жылғы 30 қазандағы № 529 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7578 болып тіркелген);
2) "Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 529 "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 18 наурыздағы № 168.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының төрағасы |
Б. Шаимов |