Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31-баптарына, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылдың 20 шілдесіндегі № 2 қорытындысының негізінде Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының келесі көшелері:
Питомник тұйығы - Атақоныс тұйығы болып;
Кіші тұйығы - Жетіген тұйығы болып;
Москва көшесі - Жерұйық көшесі болып;
Аяққұм көшесі - Бауыржан Момышұлы көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |
Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы |
С. Бигеев |