Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 және 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы "Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" № 61 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3092 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | М. Султангазиев |