"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Алматы облыстық маслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 29-153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы С.Н. Нуркадыровқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы | Т. Байедилов |